Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қазанда № 6420 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 8-15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 04.08.2021 № 8-15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 27-2 "Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5258 тіркелген, 2018 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      сессия төрағасы Р. Ихсанова
      Мәслихат хатшысы Ш. Дуйсенгалиева

  Сырым аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы
№ 59-3 шешіміне қосымша

Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге
арналған тарифтер

Объект

Есептік бірлік

Баға, теңгемен (ҚҚС жоқ)

1.

Жайлы үйлер

тұрғын/айына

50

2.

Жайсыз үйлер

тұрғын/айына

50

3.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен

3

465,01

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м3 -текше метр

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады