Теректі ауданы Новопавловка ауылдық округі Новопавловка ауылындағы көше атауын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Новопавловка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 5430 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Новопавловка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Новопавловка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы Новопавловка ауылдық округі Новопавловка ауылындағы "Целинная" көшесі – "Бірлік" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Новопавловка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Джасыбекова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Новопавловка ауылдық округінің әкімі Ә.Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады