Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Приречное ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Приречное ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Приречное ауылдық округі Приречное ауылындағы кейбір көше атаулары:
Молодежная көшесін – "Шаңырақ" көшесі;
Пушкина көшесін – "Нұрлы" көшесі;
Фурманова көшесін – "Ақберен" көшесі;
Целинная көшесін – "Достық" көшесі;
30 лет Целины көшесін – "Көкпар" көшесі;
Космонавтов көшесін – "Азаттық" көшесі;
Амангельды көшесін – "Құлагер" көшесі;
40 лет Победы көшесін – "Бесік" көшесі;
Строительная көшесін – "Тұмар" көшесі.
Набережная көшесін – "Хантәңірі" көшесі деп қайта аталсын.
2. Приречное ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Р.А.Байгасиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Приречное ауылдық округінің әкімі | М.Жаксыбеков |