Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2018 жылғы 4 қазанындағы № 01-24/763 ұсынысы негізінде, Шағатай ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің Шағатай ауылының аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 4 "Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің Шағатай ауылы аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4846 тіркелген, 2017 жылдың 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А. Балдахова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шағатай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
У.К. Кусаинов |