Шыңғырлау аудандық мәслихатының шешімі күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 24-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 5276 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №30-7 "Шыңғырлау ауданының аумағында тіркелген салық пен жер салығы ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3778 тіркелген, 2015 жылы 31 қаңтарда "Серпін" газетінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шагиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Талдыбаев
      Мәслихат хатшысы Г.Волкогон

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады