Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының аумағында бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту орындарын айқындау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 211 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 5424 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 204 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 28.12.2020 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының аумағында бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту орындары айқындалсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген орындарда бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 44-бабына сәйкес жүргізілуі тиіс.

      3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Тұрмағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі А.Есалиев

  2018 жылғы
4 желтоқсандағы №211
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының аумағында бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту орындары

Объект аталымы

Мекен-жайы

1

Батыс Қазақстан облысы, "Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ащесай ауылы Бейбітшілік көшесі, 22-үй

2

Батыс Қазақстан облысы, "Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ ауылы Қ.Сағырбаев көшесі, 230-үй

3

Батыс Қазақстан облысы, "Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылы Қ.Рахимова көшесі, 69-үй

4

Батыс Қазақстан облысы, "Шыңғырлау ауданының Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылы Бейбітшілік көшесі, 102-үй

5

Батыс Қазақстан облысы, "Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Қарағаш ауылы Абай көшесі, 18-үй

6

Батыс Қазақстан облысы, "Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ақшат ауылы Б.Мұхамбетов көшесі, 50-үй

7

Батыс Қазақстан облысы, "Шыңғырлау ауданының Ардақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ардақ ауылы Жастар көшесі, 12-үй

8

Батыс Қазақстан облысы, "Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Тайманов көшесі, 90-үй

9

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Шыңғырлаукомтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Куантаева көшесі, 1-үй

10

Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау ауданының мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәміпорны

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Есқалиев көшесі, 9-үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады