Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 211 "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының аумағында бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту орындарын айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 204 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 6725 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 211 "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының аумағында бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту орындарын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5424 тіркелген, 2018 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.М.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары А.Т.Бисембаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі А. Муханбетжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады