Шыңғырлау ауданы Белогор ауылдық округі Белогор ауылындағы көше атауын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Белогор ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 5095 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Белогор ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Белогор ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Белогор ауылдық округі Белогор ауылының "Целинная" көшесі – "Бауыржан Момышұлы" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Белогор ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Жұбаниязова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Белогор ауылдық округі әкімі Р.Еслямов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады