"Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18181 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11706 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 4-4/258 бұйрығымен
бекітілген

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары

Карантиндік объекті түрі

Техника түрі*

ҚҚС**-сыз баға, теңге

ҚҚС***-мен баға, теңге

1

2

3

4

5

1.

Жемісті дақылдардың шығыс жеміс жемірі, калифорниялық қалқаншалы сымыр, Комсток құрты секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

1126,4

1261,57

2.

Жемісті екпелердің америкалық ақ көбелек секілді декоративтік және карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

5844

6545,28

3.

Бақша дақылдарының қауын шыбыны секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

3378

3783,36

4.

Жібек көбелектері секілді орманның карантиндік зиянкестері

Жеңіл авиация, аса жеңіл авиация (АЖА), желдеткішті бүріккіштер, аэрозольді генераторлар

1126,4

1261,57

5.

Қазақстан Республикасының карантиндік объектілері тізбесіне қосылған арамшөптердің карантиндік түрлері

Штангалы, желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер

529

592,48

6.

Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (ашық топырақта)

Арқаға ілінетін бүріккіштер

19649

22006,88

7.

Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (жабық топырақта)

Арқаға ілінетін бүріккіштер

23244

26033,28

8.

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты

Трактормен агрегатталатын сепкіш

13621

15255,52

9.

Жемісті дақылдардың бактериялық күйігі

Желдеткішті бүріккіштер

5781

6474,72

10.

Қарағайдың қара мұртты қоңызы

Желдеткішті бүріккіштер

2735

3063,2

      Ескертпе:

      * Бүріккіш техника түрін таңдау карантиндік организмдердің даму ерекшеліктерін, залалданған алаңдарды, химиялық өңдеу жөніндегі жұмыстардың тиімді және уақтылы жүргізілуін ескере отырып жүргізіледі.

      ** Қосылған құн салығын есепке алмағанда, карантиндік объектілерге қарсы 1 гектарды өңдеу бағасы.

      *** Қосылған құн салығын есепке алғанда, карантиндік объектілерге қарсы 1 гектарды өңдеу бағасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады