""АСТАНА–1" ақпараттық жүйесінде электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялардың бағандарын толтыр ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 496 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 18187 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. ""АСТАНА–1" ақпараттық жүйесінде электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялардың бағандарын толтыр ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 496 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16888 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерісті енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 4–тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады және 2019 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "АСТАНА–1" ақпараттық жүйесінде электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялардың бағандарын толтыр ерекшеліктерінде:

      4–тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЖ-да электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) ТД бағандарына мәліметтер Нұсқаулықтың ІІ бөліміне сәйкес, мынадай ерекшеліктерді қоспағанда енгізіледі:

      1) 5-баған. "Барлық тауарлар"

      ТД декларацияланатын тауарлардың жалпы саны цифрлық нышандармен автоматты түрде көрсетіледі;

      2) 7-баған. "Анықтамалық нөмір"

      Бағанда белгіленген мәліметтерге қосымша АЖ беретін декларанттың анықтамалық нөмірі көрсетіледі;

      3) 8-баған. "Алушы"

      Бағанның оң жақ жоғарғы бұрышында белгіленген мәліметтерге қосымша "№" белгісінен кейін тиісінше бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) не жеке сәйкестендіру нөмір (бұдан әрі – ЖСН) немесе бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі.

      Бұл ретте егер осы бағанда мәлімдеуге жататын мәліметтер ТД 14-бағанында мәлімдеуге жататын мәліметтерді қайталаса, онда мұндай мәліметтерді АЖ автоматы түрде ТД 14-бағанынан енгізеді;

      4) 9-баған. "Қаржылық реттеу үшін жауапты тұлға"

      Бағанның оң жақ жоғарғы бұрышында белгіленген мәліметтерге қосымша "№" белгісінен кейін тиісінше БСН/ЖСН/БСН көрсетіледі.

      Егер шетелдік тұлға қаржылық реттеу үшін жауапты тұлға болып табылса, бағанның оң жақ жоғарғы бұрышында тиісінше БСН/ЖСН/БСН көрсетіледі.

      Бұл ретте егер осы бағанда мәлімдеуге жататын мәліметтер ТД 14-бағанында мәлімдеуге жататын мәліметтерді қайталаса, онда мұндай мәліметтерді АЖ автоматы түрде ТД 14-бағанынан енгізеді;

      5) 13-баған. "Мөлшерлеме түрлер"

      Бағанға мынадай:

      FIXED – жерқойнауын (отын-энергетика секторын) пайдалану саласында туындаған құқықтық қатынастар бойынша бекітілген кедендік баждар, салықтар мөлшерлемесі;

      UNION – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баж мөлшерлемесін қолдану;

      WTO – Дүниежүзілік сауда ұйымында Қазақстан Республикасының міндеттемесі көзделген, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің қолданыстағы кедендік әкелу баж мөлшерлемесімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баж мөлшерлемесін қолдану ерекшеліктерін ескере отырып мәліметтер енгізіледі;

      6) 14-баған. "Декларант"

      Бағанның оң жақ жоғарғы бұрышында белгіленген мәліметтерге қосымша "№" белгісінен кейін тиісінше БСН/ЖСН/БСН көрсетіледі.

      Егер шетелдік тұлға тауарлар декларанты болып табылса, бағанның оң жақ жоғарғы бұрышында тиісінше БСН/ЖСН/БСН көрсетіледі;

      7) 30-баған. "Тауарлар тұрған жер"

      Бағанда белгіленген мәліметтерге қосымша "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 165-бабына сәйкес тауарлар уақытша сақтау қоймасында, жеке меншік тауарларды сақтау қоймасында, кеден қоймасында, еркін қоймада, бажсыз сауда дүкендерінде, үй-жайларда, ашық алаңдарда және өзге аумақтарда, оның ішінде уәкілетті экономикалық операторда болған жағдайда олардың тұрған жері туралы мәліметтер мынадай ерекшеліктерді ескере отырып енгізіледі:

      ХХ ХХХХХ ХХХХ ХХХХ Х 1 2 3 4 5, мұнда:

      1 – "Кедендік декларацияны толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне (бұдан әрі – Жіктеуіштер бойынша шешімі) 24-қосымшаға сәйкес Тауарлар тұрған жердің жіктеуіштеріне сәйкес тауарлар тұрған жердің коды;

      2 – "Кеден мақсаты үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 386 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында қолданылатын тізілімге заңды тұлғаны енгізген мемлекеттік кірістер органының коды;

      3 – тізілімге заңды тұлға енгізілген күнтізбелік жыл;

      4 – Кодекстің 166, 511, 518, 525 және 533 баптарына сәйкес тізілімге заңды тұлғаны енгізу туралы бұйрықтың нөмірі;

      5 – тізілімге заңды тұлғаны енгізу туралы бұйрықты бірнеше аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қайталанған жағдайда – цифрлық белгі: "1", тізілімге заңды тұлға бір бұйрықпен енгізілген жағдайда – "0".

      Тауар еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта тұрған жағдайда бағанға мынадай ерекшеліктерді ескере отырып мәліметтер енгізіледі:

      ХХ ХХХХХ ХХХХ ХХ ХХХ 1 2 3 4 5, мұнда:

      1 – Жіктеуіштер бойынша шешімге сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ коды;

      2 – арнайы экономикалық аймаққа (бұдан әрі – АЭА) қатысушы қызмет аймағында орналасқан кеден органының коды;

      3 – АЭА қатысушыларын тізілімге енгізу жазбасы жүргізілген күнтізбелік жыл;

      4 – "Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустриялар және жаңа технология министрінің 2011 жылғы 112 желтоқсандағы № 454 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7354 болып тіркелген) сәйкес АЭА қатысушы аумағында қызметті жүзеге асыратын АЭА-ға қатысушының коды;

      5 – АЭА қатысушы ретінде тұлғаны тіркеу туралы куәліктің нөмірі.

      Мәліметтер ашық жолсыз көрсетіледі.

      Егер көлік құралы немесе тауарды өзге уақытша сақтау орны тауарларды уақытша сақтау орны болып табылған жағдайда, бағанда мынадай:

      көлік құралы үшін – 5200000000000000;

      тауарды өзге уақытша сақтау орны үшін – 9900000000000000 кодтар көрсетіледі;

      8) 33-баған. "Тауар коды"

      Бағанның бірінші кіші бөлімінде "Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифті бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың он таңбалы жіктеу коды ашық жолсыз көрсетіледі.

      Бағанның екінші кіші бөлімінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16512 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растайтын, Код жіктеуішіне сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау коды көрсетіледі;

      Бағанның үшінші кіші бөлімінде:

      акцизделетін тауарлар үшін акциздің қосымша коды;

      демпингке қарсы, өтемақы баждарының не қорғау баждарының қосымша коды көрсетіледі;

      9) 38-баған. "Нетто салмағы (кг)"

      Көрсетілетін мәні үтірден кейін алты таңбаға дейін дөңгелектенеді.;

      10) 43–баған. "ҚАӘ"

      Егер кеден заңнамасына сәйкес кеден құны айқындалмаған жағдайда ТД 43–бағанның бірінші кіші бөлімінде "7" саны көрсетіледі";

      11) "В" баған. "Егжей-тегжейлі есептеу"

      Өндіріп алу кеден органына жүктелген кедендік төлемдерді, өзге де төлемдерді төлеу туралы мәлімет мынадай схема бойынша:

      1-элемент – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне (бұдан әрі – Өндіріп алу кедендік органына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлем түрлерінің жіктеуіштері) 9-қосымшаға сәйкес өндіріп алу кедендік органына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлем түрлерінің жіктеуіштеріне сәйкес төлем түрі кодының реттік нөмірі;

      2-элемент – Өндіріп алу кеден органына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлем түрлерінің жіктеуіштеріне сәйкес төлем түрінің коды;

      3-элемент – өндіріп алу кеден органына жүктелген төленген кедендік төлем және өзге де төлем сомасы қалыптастырылады;

      12) 48-баған. "Төлемді кейінге қалдыру"

      Бағанның бірінші кіші бөлімінде декларанттың БСН/ЖСН көрсетіледі.

      Бағанның екінші кіші бөлімінде Өндіріп алу кеден органына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлем түрлерінің жіктеуіштеріне сәйкес кедендік төлем немесе кері импорт кезіндегі төлем түрінің коды, сондай-ақ төлеудің соңғы күніне сәйкес келетін күн (ХХ.ХХ.ХХХХ – күні, айы, жылы) көрсетіледі.

      Егер кедендік төлемді немесе кері импорт кезінде төлемді төлеу бойынша кейінге қалдыру, бөліп төлеу ұсынылмаса, бағанда мәліметтер көрсетілмейді;

      13) 49-баған. "Қойма деректемелері"

      Бағанның бірінші кіші бөліміне тиісті рәсімдер үшін осы тармақтың 7) тармақшасына сәйкес тауарлардың тұрған жерінің деректемелері туралы мәліметтер енгізіледі.

      Екінші кіші бөлімінде күнтізбелік күндерде мәлімделген кедендік рәсім мерзімі көрсетіледі;

      14) 54-баған. "Орын және күні"

      Бағанда жаңа жолдан бастап ТД құрастырған тұлға туралы мәліметтер олардың кезекті нөмірін қоя отырып көрсетіледі.

      1 нөмірімен – егер тауарларды декларациялауды кеден өкілі жүргізсе, Кеден өкілінің тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәландыратын құжат нөмірі.

      1 нөмірімен көрсетілген мәліметтер, егер ТД 14-бағанында көрсетілген декларант тауарларды декларациялауды жүргізсе көрсетілмейді.

      2 нөмірімен – ТД жасаған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде).";

      5–тармақтың 3)–тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 43–баған. "ҚАӘ"

      Бағанның бірінші кіші бөлімінде:

      – "1" саны – өтеулі келісім-шарт бойынша әкетілетін тауарлар үшін;

      – "6" саны – сатып алуы-сатуы жоқ өзге келісім-шарттар бойынша әкетілетін тауарлар үшін;

      – "7" саны – егер кеден заңнамасына сәйкес кеден құны айқындалмаған жағдайда".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады