РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында:
152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"152. Құрылымдық бөлімшенің Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерінде осы құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарында ашық жеке шоттарының жай-күйі туралы ақпарат көрсетіледі.
Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерде салықтарды, төлемақыларды, өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау, оңалту рәсімін қолдану мерзімін өзгерткен кезде, сонымен бірге салық берешегі және салықтөлеушінің әлеуметік төлемдер бойынша, банкрот болып танылған – салықтөлеушіні банкрот болып тану туралы соттың шешімі заңдық күшіне ену күнінен, "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) белгіленген банкрот рәсімі өткізуі кезеңіне салық берешегі көрсетілмейді.";
160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"160. Осы Қағидалардың 165-167-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізу үшін жеке шоттарын жүргізу орны бойынша, ал жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төлемдер бойынша - бюджетке төлемдерді төлеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына қағаз және/немесе электронды тасығыштарда салықтық өтініш беріледі.
Салық өтініштерін есепке алу және қайтару үшін Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізудің салық өтініштерін есепке алу журналы осы Қағидаларға 20-қосымшасына сәйкес грант қаржысы есебінен алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есептелген сомасынан есепке жатқызылған ҚҚС асып кетуі жүргізіледі.";
164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"164. Артық төленген салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы фактісі расталған кезде артық төленген сомаларды қайтару бюджетті орындау бойынша уәкілетті мемлекеттік органнан алынған төлем құжаттарының деректері негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте Салық кодексінің 433-бабы 7-тармағына сәйкес ҚҚС артық төленген сомасы ҚҚС сомасының бөлігінде ақпараттық жүйелерде бар тауарларды жеткізушілермен және/немесе сатып алушылармен өзара есеп айырысу жөніндегі мәліметтерді ескере отырып, айқындалады.
Салық кодексінің 433-бабы 7-тармағына сәйкес ҚҚС сомасын артық төлеу фактісі расталмаған жағдайда, ҚҚС мұндай сомасы бұрын бюджетке ҚҚС сомасын аудару жүргізген салық төлеушінің ҚҚС бақылау шотына салықтық өтінішсіз қайтаруға жатады.";
197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"197. Салықтық тексеру актісіне не бюджеттен қайтаруға жататын есептелген сомасынан есепке жатқызылатын ҚҚС асып кету сомаларының дұрыстығын растау бойынша актіге қорытындыға қол қойылғаннан не Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағына сәйкес салық төлеуші ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығын мемлекеттік кірістер органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы растағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы ОБЖШ АЖ-де берешегінің бар және (немесе) жоқ екендігі туралы құжатты не есеп айырысулар сальдосы бойынша есепті қалыптастырады.";
200 және 201-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"200. Берешектің не есеп айырысулар сальдосы бойынша есептің жоқ (бар) екендігі туралы құжатты қалыптастырған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей және есепке жатқызуға және қайтаруға салық өтінішінің негізінде мемлекеттік кірістер органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін қайтаруға арналған өкімді осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес екі данада жасайды (бұдан әрі – өкім).
Әрбір ҚҚС төлеушіге жеке өкім жасалады.
201. Өкімге мемлекеттік кірістер органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы қол қояды және қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей есепті жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға ҚҚС асып кеткен сомасын нақты есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүзеге асыру үшін беріледі.";
205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"205. ҚҚС асып кеткен сомасын есепке жатқызғаннан және (немесе) қайтарған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға өкімнің екінші данасы орындалғаны туралы белгі қоя отырып, мемлекеттік кірістер органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаға қайтарады. Өкімнің бірінші данасы есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғада қалады.
Бейрезидент үшін төленуі тиіс есепке жатқызу арқылы ҚҚС қайтаруды жүргізгеннен кейін салық төлеушіге осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес бейрезидент үшін ҚҚС бойынша салық берешекті өтеу есебіне есептелген сомаға есепке жатқызылатын қосылған құн салығының асып кеткен сомасына жүргізілген есепке жатқызу туралы растауды береді.";
246-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"246. Міндеттемелердің орындалуына бақылау бойынша лауазымды тұлға есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға деректемелерін көрсете отырып (атауы, БСН/ЖСН, орналасқан орны, банк шоттарының деректемелері, сот шешімінің күні мен нөмірі), оларға сот шешімдерімен банкроттық, оңалту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабында көзделген негіздер бойынша тарату рәсімі қолданылған дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесін береді.
Салық төлеушіге қатысты банкрот рәсімі қолданылған кезде міндеттемелерін орындауды бақылау бойынша лауазымдық тұлға Салықтар, төлемдер және өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту тізілімін жасайды және есеп шоттарын жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға тапсырады. Салықтар, төлемдер мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту тізілімі салық төлеушінің банкрот деп танылғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні жасалады.
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген банкроттық рәсімін өткізу кезеңінде салық төлеушінің салық берешегін банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енгені бар болса, "Салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер" деген жеке шотының бағанында көрсетіледі:
"Салық (төлем) сомасы" деген бағанда салықтың, төлемдердің сомасы жүргізіледі;
"Өсімпұл сомасы" деген бағанда өсімпұлдың сомасы жүргізіледі;
"Айыппұл сомасы" деген бағанда айыппұлдың сомасы жүргізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Ә. Смайылов |