"Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 қаңтарда № 18230 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті орган жылына 1 реттен жиі емес тағайындалған оператордың оның тағайындалған оператор ретінде қызметін жүзеге асыру барысында ДПО актілерімен және Қазақстан Республикасы аумағында пошта саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген нормаларды орындауына мониторинг жасайды, сондай-ақ:

      1) Қазақстан Республикасының пошта байланысы қызметтерін көрсету саласындағы заңнамасында айтарлықтай өзгерістер болған;

      2) тағайындалған оператор тағайындалған оператор ретінде қызметін жүзеге асыру барысында ДПО актілерінен туындайтын және Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларымен белгіленген міндеттемелерін ықтимал сақталмауы туралы куәландыратын деректерді анықтаған жағдайларда жүргізеді.";

      15-тармақ алып тасталсын;

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уәкілетті орган тағайындалған оператордың өз қызметі процесінде Қазақстан Республикасының пошта саласындағы заңнамасымен және ДПО актілерімен белгіленген нормаларды сақтамау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган тағайындалған операторға анықталған бұзушылық туралы хат жолдайды.

      17. Тағайындалған оператор анықталған бұзушылық туралы хатты алған сәттен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жояды және ол туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады