РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелді, 2015 жылғы 13 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты |
"; |
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. | радиациялық қауіпсіздік қызметі |
мынадай құжаттардың: | бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты |
11. | иондаушы сәуле шығару көздері мен радиоактивті қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты |
"; |
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
18. | өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-қосымшасынас әйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. |
"; |
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке" деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бұл тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдың және плутонийдың изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне және ядролық материалдарды өткізу кіші қызмет түріне қатысты емес; |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бұл тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдың және плутонийдың изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне қатысты емес. |
"; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. | меншік құқығындағы радиоактивті қалдықтарға арналған қойма | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | осы тармақ тек ядролық материалдарды пайдалану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі |
"; |
"Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке" деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпараттықамтитын мәліметтер нысаны | бұл тармақты егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді |
"; |
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе өзінің радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда: радиациялық бақылау жүргізу жоспарының және соңғы радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының көшірмесі; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері | бұл тармақты егер өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды меншіктенуші және/немесе баланс ұстаушы болып табылмаса және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді |
"; |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді. Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалармен шарттар жасалады |
"; |
реттік нөмірлері 8, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | иондаушы сәуле шығару көздері жұмысының сапасын бақылауға және радиациялық шоғырларды калибрлеуді жүргізуге жауапты медициналық физиктер |
мынадай құжаттардың: медициналық физиктердің шоғырды калибрлеуді жүргізу және сапаны бақылау бойынша дипломының және арнайы даярлығы туралы құжаттардың; | бұл тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық аспаптар мен қондырғыларды пайдалану бойынша жұмыстарға ғана қатысты |
9. | радиоактивті заттарды, аспаптарды және қондырғыларды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау кіші қызметі үшін жеке меншіктегі қойманың болуы талап етіледі; |
10. | құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттама | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізетін меншікті техник болған жағдайда: атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бұл тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық құралдар мен қондырғыларды және радиоизотоптық тексеру жабдықтарын пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты. |
"; |
реттік нөмірі 11-жол алып тасталсын;
"Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке" деген 4-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бұл тармақты егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе орындау талап етілмейді |
"; |
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету |
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе мынадай құжаттардың: меншікті радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда: радиациялық бақылауды жүргізу жоспарының; соңғы радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының; | егер өтініш беруші иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың және қондырғыларды меншіктенуші және/немесе баланс ұстаушы болып табылмаса,бұл тармақты орындау талап етілмейді |
"; |
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | өтініш берушінің радиациялық қауіпті жұмыстарға рұқсаты бар персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалармен шарттар жасалады |
"; |
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы құжаттамалар | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізетін меншікті техник болған жағдайда; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілі құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптар мен қондырғыларды және қол жүгі мен багажды тексеруге, көлікті, материалдарды, заттарды тексеруге, адамды жеке-дара тексеруге арналған жабдықтарды пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты; |
"; |
реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын;
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке" деген 5-бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | радиациялық қауіпсіздік қызметі (немесе жауапты тұлға) |
радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмесі; | радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады; бұл тармақ персоналды жеке дозиметрлік бақылау жөніндегі қызметтің кіші түріне қатысты емес |
"; |
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | мәлімделген жұмыстарға жіберілген өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйесі | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бұл тармақ мынадай: |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бұл тармақ өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің мөлшерін анықтау және персоналды дозиметрлік жеке бақылау бойынша жұмыстарды орындауға ғана қатысты |
"; |
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке" деген 6-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бұл тармақты егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе және аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтіру қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді |
"; |
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйесі | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалармен шарттар жасалады |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі радиоактивті қалдықтарға арналған қоймалар | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бұл тармақ радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты |
"; |
"Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке" деген 7-бөлімде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | өтініш берушінің радиациялық қауіпті жұмыстарға рұқсаты бар персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалармен шарттар жасалады |
"; |
"Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке" деген
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | персоналдың сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйесі | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалармен шарттар жасалады |
"; |
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысанын Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3. "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланды):
нысан бойынша өтініш Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4. "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 сәуірде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – Аккредиттеу туралы куәлік) немесе электронды және қағаз түрінде жазбаша дәлелді бас тарту береді.";
нысан бойынша өтініш көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
нысан бойынша ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік көрсетілген қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5. "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 наурызда № 13549 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 сәуірде жарияланды).
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын (бұдан әрі - КҚК) бекіту, сонымен қатар, оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына тарату (бұдан әрі – сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын тарату) үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚК конструкциясын бекітуге немесе оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына таратуға арналған өтінімді;
2) КҚК конструкциясын бекіту үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін;
3) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен КҚК-нің конструкциясына сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына тарату үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін жібереді.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган өтініш берген күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ҚҚК конструкциясын бекітеді немесе сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын таратады не өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
ҚҚК конструкциясын бекіту немесе сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын тарту туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен рәсімделеді.";
нысан бойынша өтінім көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші бұл бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/даракәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші бұл бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші бұл бағанды толтырмайды) | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 6-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Өтініш
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.(болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
аттестаттаудан өтуге _____________________________________________________
(аттестаттаудан өтетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
аттестаттаудан өтетін тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ рұқсат беруді сұрайды.
(лауазым атауы)
Қоса берілетін құжаттар:_____________________________________________________
Басшы ____________________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"___"_______20__ж.
Өтініш
________________________________________ аккредиттеуді сұраймын
(заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)
__________________________________ қауіпсіздіктің түрі (түрлері) бойынша
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
3. ___________________________________________________________
4. ___________________________________________________________
5. ___________________________________________________________
6. ___________________________________________________________
Заңды тұлғаның басшысы_______________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Толтырылған күні 20__жылғы "____" ___________
Елтаңба
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы КУӘЛІК
"Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
____________________________________ жүзеге асыру үшін аккредиттеледі
(аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)
__________________________________________________________________
__________________________________ қауіпсіздік түрі(-лері) бойынша
_________________________________________________________пайдалану
(есеп айырысу әдістемесі(-лері) және (немесе) бағдарламалық-
техникалық құралдары)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Куәлік 20__ жылғы "___"___________ дейін жарамды
Уәкілетті органның басшысы
__________________________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Сериясы ______№ _______________
Берілген күні:
Өтінім
Кімге ___________________________ (уәкілетті органның атауы) Кімнен _________________________ (заңды тұлғаның атауы) |
Сіздерден ____________ (толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің
конструкциясын бекітуді / немесе _______________________________________
(сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі)
сертификат-рұқсаттардың күшін қолданылуын Қазақстан Республикасы
аумағына 20__ жылғы "__" ________ дейінгі мерзімде таратуды сұраймын.
Жеке /заңдың тұлғаның мекенжайы _______________________________
_______________________________________________________________
Телефон, факс, электрондық пошта _________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
Жеке тұлға/Заңды тұлға басшысы ____________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Толтырылған күні 20__ жылғы "___"__________