"Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 18331 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде қаржы институттары негізгі құралдарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған Тетік шеңберіндегі қарыз шарттары бойынша субсидиялау үшін агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша тауарлар тізбесіне сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары осы тармақ шеңберінде субсидиялауға жатады. Бұл ретте қарызды өтеу мерзімі және субсидиялау мерзімі 7 жылға (қоса алғанда) дейінгі уақытты құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 42, 43 және 44-тармақтармен толықтырылсын:

      "42. Қаржы институты Тетік шеңберінде берілген қаражаттың игерілуі туралы есепті (бұдан әрі – Тетік бойынша есеп) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі "Даму" КДҚ" АҚ) ұсынады.

      43. "Даму" КДҚ" АҚ Тетік бойынша есепті осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі екінші айдың 20-нан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) ұсынады.

      44. Министрлік осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Тетік шеңберінде берілген қарыз шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есепті тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, ҚР ҰЭМ-ге ұсынады.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 5, 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 72 бұйрығына
1-қосымша
  Кредиттер және технологиялық
жабдықтың, ауыл шаруашылығы
малын сатып алудың лизингі,
сондай-ақ ауыл
шаруашылығы техникасының
лизингі бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Ұсыныс

      Қаржы институты: ____________________________________________________

                                    (қаржы институтының атауы)

      Қарыз алушы:________________________________________________________

                              (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

                                    немесе заңы тұлғаның толық атауы)

      Кімге: ______________________________________________________________

                              (жұмыс органының атауы)

      1. Қатысушы туралы мәліметтер

1

Қарыз алушының атауы *


2

Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі


3

Қарыз алушы туралы мәліметтер: дара кәсіпкерлер, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанындағылар үшін – ЖСН немесе БСН/ заңды тұлға үшін – БСН/ жеке тұлға үшін – ЖСН


4

Банктік деректемелері


5

Байланыс телефондары


      2. Субсидиялауға жататын кредиттік шарттар (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат

КШ (№ және күні)

Сомасы, теңге

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Субсидиялау күніне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге

КШ-ның қолданылу мерзімінің аяқталатын күні

Кредит беру валютасы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3














      кестенің жалғасы

Кредит берудің/ лизингтің нысаналы мақсаты

Кредит/лизинг нысанасы, саны

Лизинг нысанасын өндіруші ел

Мемлекеттік тіркеу базасындағы есепке алу нөмірі

Қаржыландыру көзі**

ЖЭҚС бойынша төрт таңбалы сыныбы**


8

9

10

11

12

13

1







2







3







      Ескертпе: * айналым қаражатын толықтыру/негізгі құралдарды сатып алу/құрылыс/ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты лизингке алу (керегін қою)

      ** "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде қаржы институттары берген қарызды ұсынған жағдайда көрсетіледі.

      Осымен:

      1) қарыз шарты Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында белгіленген қарыз шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні;

      2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты (оның ішінде қайталама лизингке берілген) сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс (ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіру бойынша негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), айналым қаражатын толықтыру болып табылатыны;

      3) қаржылық берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағаны;

      4) қарыз шарты республикалық бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылмағаны;

      5) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатты пайдаланбау фактілерінің жоқтығы;

      6) қарыз алушыда негізгі берешекті және/немесе қарыз шарты бойынша сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы;

      7) субсидиялауға арналған өтінімде көрсетілген қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайтыны расталады.

      Қосымша: өтеу графигі бар қарыз шартының көшірмесі.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" __________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Басқарма 20__ жылғы "__" __________ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 72 бұйрығына
2-қосымша
  Кредиттер және технологиялық
жабдықтың, ауыл шаруашылығы
малын сатып алудың лизингі,
сондай-ақ ауыл
шаруашылығы техникасының
лизингі бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберіндегі қарыз шарттары бойынша субсидиялау үшін агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша тауарлар тізбесі

Тауарлар тобының атауы

ЖЭҚС атауы

ЖЭҚС

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

1

Ауыл шаруашылығы

Көкөністер мен бақша дақылдарын, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өсіру

0113

Көкөністер, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пиязды көкөністер, қауданды қырыққабат, түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және осыларға ұқсас жеуге жарамды көкөністер, сәбіз, шалқан, тамырлы балдыркөк, шалғам және басқа да осыларға ұқсас жеуге жарамды тамыржемістілер, бұрыш, қияр мен корнишондар, қант қызылшасы мен асханалық қызылша өсіру. Көкөніс, картоп, қант қызылшасының тұқымдарын өсіру.
Бақша дақылдарын өсіру, оның ішінде қарбыз, қауын және асқабақ өсіру

Талшықты иірілетін дақылдарын өсіру

0116

Мақта, зығыр өсіру
Мақта тұқымын өсіру

Өзге де маусымдық дақылдарды өсіру

0119

Тарна, азықтық қызылша, азықтық көк, беде, жоңышқа, эспарцет, азықтық жүгері және өзге де шөптер, азықтық қырыққабат пен қарапайым азықтық өнімдер өсіру
Қарақұмық өсіру
Қызылша тұқымын (қант қызылшасы тұқымдарын қоспағанда) және азықтық өсімдіктер тұқымын өсіру

Шекілдеуікті және сүйекті жемістер өсіру

0124

Шекілдеуікті және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және тәтті шие, шабдалы және жылтыр шабдалы, алмұрт және беже, қараөрік және шомырт өсіру

Малдың және қодастың өзге де тұқымдарын өсіру

0142

Ет алу үшін ірі қара мал мен қодас өсіру

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру

0141

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және көбейту
Шикі сүт алу

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 72 бұйрығына
3-қосымша
  Кредиттер және технологиялық
жабдықтың, ауыл шаруашылығы
малын сатып алудың лизингі,
сондай-ақ ауыл
шаруашылығы техникасының
лизингі бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым бағыттарға кредит беру тетігінің шеңберінде берілген қаражаттың игерілуі туралы ____________ мен ____________ аралығындағы кезеңге есеп

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы ____ айы

      Индексі: № нысан

      Кезеңділігі: ай сайынғы/ тоқсандық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институттары. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      Қайда ұсынылады: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      Ұсыну мерзімі: қаржы институты Тетіктің әрекет ету мерзімі ішінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына береді. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-нан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне береді.

Жалпы №

Банк

Облыс

ҚР облыстарының бөлінісінде Қарыз алушының атауы

Заңгерлік мәртебесі (ЖШС, ДК, ШҚ, ӨК)

Берілген күні

Қарыз мерзімі, айлар

Қарыз сомасы

Тетік қаражатыесебінен мақұлданған қарыз сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      кестенің жалғасы

Банк қаражатының есебінен мақұлданған қарыз сомасы

Іс жүзінде берілген қаражат сомасы

Тетік қаражатыесебінен іс жүзінде берілген сома

Банк қаражатының есебінен іс жүзінде берілген сома

Негізгі берешекті өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік кезеңі

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі

Кредит беру объектісі

10

11

12

13

14

15

16

17

18



















      кестенің жалғасы

Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)

Іске асырылу орны (аудан, қала)

ЖЭҚС бойынша секциясы

ЖЭҚС бойынша төрт таңбалы сыныбы

Жобаны іске асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны

ЕДБ Уәкілетті органы шешімінің
№-і

ЕДБ Уәкілетті органы шешімінің күні

Жылына салық төлемдерінің жоспарлы сомасы (ең жоғары жобалық қуаттылығына шыққан кезде), млн. теңге (бизнес жоспар негізінде)

Жылына табыстың жоспарлы сомасы (ең жоғары жобалық қуаттылығына шыққан кезде), млн. теңге (бизнес жоспарының негізінде)

Банктік қарыз шартының/ Кредиттік желіні ашу туралы келісімнің №-і

Банктік қарыз шартының/ Кредиттік желіні ашу туралы келісімнің күні

Қа рыз алу шының ЖСН-сы/ БСН- сы

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

























      кестенің жалғасы

"Бизнестің жол картасы" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуы (иә/жоқ)

Тетік шеңберіндегі бағыт*

Жеке кәсіпкерлер субъектілерінің санаты (бұдан әрі – ЖКС) (Шағын бизнес/Орта бизнес/ірі бизнес)

АӨК субъектілерінің Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкестігі (сәйкес/сәйкес емес)

АӨК субъектісі жобасының Бағдарламаның/Тетіктің талаптарына сәйкестігі (сәйкес/сәйкес емес)

31

32

33

34

35











  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 72 бұйрығына
4-қосымша
  Кредиттер және технологиялық
жабдықтың, ауыл шаруашылығы
малын сатып алудың лизингі,
сондай-ақ ауыл
шаруашылығы техникасының
лизингі бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым бағыттарға кредит беру тетігінің шеңберінде берілген қарыз шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы 20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін есеп

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы ____ тоқсан

      Индексі: № нысан

      Кезеңділігі: тоқсандық

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне береді

Қарыз алушының атауы

ЖСН/ БСН

Қарыз шартының № және күні

Қарыз шартының сомасы, теңге

Қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзімі бойынша барлық көзделген субсидия, теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың ауыл шаруашылығы басқармасы қаржы институтына

Қаржы институты қарыз алушыға

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































      кестенің жалғасы

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың ауыл шаруашылығы басқармасына қайтару (нақты), теңге

Қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялардың қалдығы (11-баған – 13-баған), теңге

ЖЭҚС бойынша төрт таңбалы сыныбы

Барлығы (7-баған- 9-баған)

оның ішінде есепті кезеңде (8-баған -10-баған)

11

12

13

14






















      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігінің жауапты адамы _____________________________________

                                    (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Мөр (бар болса) орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады