"Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 наурызда № 18363 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 646 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12618 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) тапсырыс берушілер тізілімі;

      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімі;

      3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;

      4) білікті әлеуетті өнім берушілер тізілімі;

      5) шағымдар тізілімі".

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі өзімен мыналарды:

      1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер;

      2) жеңімпаз деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер;

      3) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер тізбесін білдіреді.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

      15-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы оларға белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге міндетті.

      15-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, жиынтығында мынадай талаптарды қанағаттандыратын:

      1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуі;

      2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;

      3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы жағдайларын қоспағанда, мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:

      "7-тарау. Шағымдар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      70. Шағымдардың тізілімі өзімен әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы берген шағымдарының тізбесін білдіреді және шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер мен берілген ұйғарымдар (хабарламалар) туралы мәліметтерді қамтиды".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады