"Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 наурызда № 18431 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 140 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 140 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 74 бұйрығымен бекітілген

"Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18005 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 361 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.

      "Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыратын бiлiм беру саласында тиiстi лицензиялары бар ұйымдар көрсетеді (бұдан әрі - қызметті беруші).

      Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген тізімге сәйкес облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандарттың 6-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы еркін нысандағы қолхат болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуы үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізіміне сәйкес құжаттар топтамасын тапсыру негіз болады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу – 10 (он) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыдан немесе оның заңды өкілінен қажетті құжаттарды қоса берген өтінішті (Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша) Стандарттың 9 – тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарау – 20 (жиырма) минут ішінде;

      3) еркін нысанда құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатқа қол қою – 5 (бес) минут ішінде;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру – 5 (бес) минут ішінде.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) - құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкерлер.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әрбір әрекеттің ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.

      1) құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкердің құжаттарды қабылдау және тіркеу – 10 (он) минут ішінде;

      2) құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкердің көрсетілетін қызметті алушыдан немесе оның заңды өкілінен қажетті құжаттарды қоса берген өтінішті (Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша) Стандарттың 9 – тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарау – 20 (жиырма) минут ішінде;

      3) құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкердің еркін нысанда құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатқа қол қою – 5 (бес) минут ішінде;

      4) құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкердің көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру – 5 (бес) минут ішінде.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Туристік қызмет саласындағы
мамандарды даярлауға және
біліктілігін арттыруға
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет–ресурстарының тізімі

Өңірдің атауы

Телефон

Заңды мекен-жайы

Сайт

1.

Ақмола облысы

8(7162)401402

020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А

www.akmo.kz

2.

Ақтөбе облысы

8(7132)560474

030010, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан көшесі, 40

www.akto.kz

3.

Атырау облысы

8(7122)354965

060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

www.atyrauobl.kz

4.

Алматы облысы

8(7282)272731

040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26

www. almaty-reg.kz

5.

Шығыс Қазақстан облысы

8(7232)570151

070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19

www. akimvko.gov.kz

6.

Жамбыл облысы

8(7262)431552

080008, Тараз қаласы, Абай көшесі, 125

www. zhambyl.kz

7.

Батыс Қазақстан облысы

8(7112)260468

090000, Орал қаласы, Почиталин көшесі, 72

www.western.kz

8.

Қарағанды облысы

8(7212)425443

100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19

www.karaganda-region.kz

9.

Қызылорда облысы

8(7242)272934

120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48

www.kyzylorda.kz

10.

Қостанай облысы

8(7142)575310

110000, Костанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56

www.kostanay.kz

11.

Маңғыстау облысы

8(7292)435100

130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд./47-ғимарат

www.mangystau.kz

12.

Павлодар облысы

8(7182)320965

140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

www.pavlodar.kz

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

8(7152)463288

150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

www. akimat-sko.kz

14.

Түркістан облысы

8(72533)41005

161200, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, 3

www. ontustik.gov.kz

15.

Астана қаласы

8(7172)556482

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

www.astana.kz

16.

Алматы қаласы

8(727)2716509

050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

www.almaty.kz

17.

Шымкент қаласы

8 (7252)247113

160012, Шымкент қаласы, Астана алаңы, 10.

shymkent.gov.kz

  "Туристік қызмет саласындағы
мамандарды даярлауға және
біліктілігін арттыруға
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Әрбір әрекеттің ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы іс-қимылдар реттілігінің блок-сызбасы

      Көрсетілетін қызметті алушы



құжаттарды қабылдау және тіркеу – 10 (он) минут ішінде



көрсетілетін қызметті алушыдан немесе оның заңды өкілінен қажетті құжаттарды қоса берген өтінішті (Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша) Стандарттың 9 – тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарау – 20 (жиырма) минут ішінде



еркін нысанда құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатқа қол қою – 5 (бес) минут ішінде



көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру – 5 (бес) минут ішінде

  Туристік қызмет саласындағы
мамандарды даярлауға және
біліктілігін арттыруға
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады