Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 270 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 163 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 сәуірде № 18464 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Р. Скляр
      Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылы 29 наурыздағы
№ 163 және
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылы 28 наурыздағы
№ 270 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесі

Объект және қолдану саласы көрсетілген өлшемдердің атауы

Метрологиялық талаптар

Ескертпе

Өлшемдер ауқымы

Шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы

1

Өндірілген өнімдердің көлемін бақылауды жүзеге асыру кезіндегі этил спирті мен алкоголь өнімдерінің көлемдерін сусыз этил спиртінің мөлшерін есепке алған кезде өлшеу

Шектеусіз


= ± 0,5 %

2

Мұнай өнімдерін қабылдаған (ағызған) және құйған кезде келіп түскен, өткізілген және тиелген мұнай өнімдерінің массасын мұнай өңдеу зауыттарында өлшеу

Шектеусіз


= ±0,25 %

тікелей немесе жанама серпінді өлшеу әдісі кезінде

3

Резервуарларда сақтауда тұрған, қалған мұнай өнімдерінің деңгейін жанармай бекеттерінде өлшеу

Шектеусіз


= ±0,65 %

жанама статикалық өлшеу әдісі кезінде

Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде жүргізілетін өлшеулер

4

Беткі – белсенді заттардың беткі тартылуын өлшеу

0-ден 300 мН/м дейін


= ± 2,0 %

5

Мұнай және мұнай өнімдеріндегі балқу, қайнау және лайлану нүктесі температурасын өлшеу

минус 95-тен 35 0С дейін


= ± 0,5 0С

6

Мұнай өнімдеріндегі йод санын өлшеу

100 гр отынға 1,0-ден 5,0 гр йодқа дейін


= ± 2,5 %

7

Мұнай және мұнай өнімдеріндегі тұтқырлықты өлшеу

0,2-ден 300000 мм2/с дейін


= ± 0,30 %

8

Мұнай және мұнай өнімдеріндегі тығыздықты өлшеу

0,65-тен 2 г/см3 дейін


= ± 0,001 г/см3

9

Мұнай және мұнай өнімдерінің жабық тигельде лап ету және тұтану температурасын өлшеу

20 0С-ден тұтану температурасына дейін


= ± 0,3 %

10

Мұнай және мұнай өнімдерінің ашық тигельде лап ету және тұтану температурасын өлшеу

20 0С-ден тұтану температурасына дейін


= ± 6 0С

11

Мұнай және мұнай өнімдеріндегі күкірттің массалық концентрациясын өлшеу

0,0150-ден 5 % дейін


= ± 0,7 %

12

Мұнай және мұнай өнімдеріндегі ванадийдің массалық концентрациясын өлшеу

1-ден 10 мг/кг дейін


= ± 0,7 %

13

Мұнай өнімдерінің фракционды құрамын анықтаған кездегі температурасын өлшеу

20 0С-ден 300 0С дейін


= ± 1 0С

301 0С-ден 370 0С дейін


= ± 1,5 0С

14

Мұнай және мұнай өнімдерінің тобарсу және ағымдылық қасиетін жоғалту температурасын өлшеу

минус 95 0С-ден 35 0С дейін


= ± 0,5 0С

15

Жыртылу жүктемесін анықтау кезіндегі күшті өлшеу

0,2-ден 5 кН дейін


= ±1%

16

Сынама мен үлгілердің элементтік құрамын өлшеу

Mn 7,5-тен 16 % дейін


= ±7%

Nі 4-тен 18 % дейін


= ±5%

Cr 13-тен 25 % дейін


= ±4%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады