"2018-2019 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 тамыздағы № 380 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 18471 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2018-2019 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 тамыздағы № 380 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17299 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен орналастырылған 2018-2019 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.І. Ешенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
К. Шәмшидинова

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 1 сәуірдегі
№ 132 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 3 тамыздағы
№ 380 бұйрығына
қосымша

2018-2019 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жоғары оқу орнының атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын)

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын
ұлты қазақ тұлғалар

1

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

68

2

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

196

3

"Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнысіпорны

2

4

"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

34

5

"С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

23

6

"Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

60

7

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

58

8

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

49

9

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

25

10

"Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2

11

"С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

77

12

"Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

47

13

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

34

14

"М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

33

15

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

143

16

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

15

17

"Инновациялық Еуразия университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25

18

"Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті" мекемесі

59

19

"Сырдария университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

42

Барлығы

992

Тілдік дайындығын күшейту үшін

1

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

84

2

"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

24

3

"Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

39

4

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

19

5

"Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

16

6

"Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

19

7

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

32

8

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

24

9

"Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

1

10

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

29

11

"Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

34

12

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

67

13

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

29

14

"Абылай хан атындағы Қазақ әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті" акционерлік қоғамы

33

Барлығы

450

Шетел азаматтары

1

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

30

Барлығы

30

Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары

1

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

200

Барлығы

200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады