"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 сәуірде № 18498 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11604 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), қайта ресімделген куәлік, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы Газ желісі ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) мәліметтерді енгізу, немесе уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған уәжді түрде бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:

      куәлікті беру немесе қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда:

      1) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші жұмыскердің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші басшылығы) басшылығының қарауына беруі);

      2) үш сағат ішінде:

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы жауапты басқарма басшысын немесе жауапты жұмыскерді (бұдан әрі – орындаушы) анықтауы;

      басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;

      3) орындаушы он сағаттың ішінде "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын қарауы;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:

      орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      үш сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;

      4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда профилактикалық бақылауды жүргізу үшін:

      орындаушы көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігіне электрондық құжат нысанындағы профилактикалық бақылау жүргізуге сұрау (бұдан әрі – сұрау) дайындайды;

      үш сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұрауды келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы аумақтық бөлімшесімен немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен тексеру жүргізу үшін сұрауға қол қояды.

      5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің немесе көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылауды жүргізуі:

      аумақтық бөлімшенің басшысы төрт сағат ішінде сұраудың мазмұнымен танысып, аумақтық бөлімшенің жауапты жұмыскерін тағайындайды;

      сұрау келіп түскен кезден бастап тоғыз жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің қызметкері өтініш берушінің рұқсаттық талаптарына сәйкестігін анықтап, аумақтық бөлімше қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қорытындыны әзірлейді, аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы профилактикалық бақылау нәтижесін (қортынды) береді;

      көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігін тексеруін жүзеге асырған жағдайда тоғыз күннің ішінде өтініш берушінің рұқсаттық талаптарына сәйкестігін анықтап, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қорытындысын дайындайды;

      6) орындаушы аумақтық бөлімше қорытындысы немесе көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысы келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қорытындыға талдау жүргізеді;

      орындаушы аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің қорытындысын талдағаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде куәлік жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      алты сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары куәлік жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы куәлікке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке уәжді түрде бас тартуға қол қояды.

      Куәлікті беру немесе қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда рәсімдердің орындалу ұзақтығы мемлекеттік қызметті алуға өтініш түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды;

      газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде және газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған жағдайларда куәлікті қайта ресімдеу кезінде:

      1) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі;

      2) үш сағат ішінде:

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығының жауапты басқарма басшысын немесе орындаушыны анықтауы;

      басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;

      3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын қарауы;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:

      орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      үш сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;

      4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:

      орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді;

      орындаушы талдауды жүргізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде куәлікті қайта ресімдеу жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      алты сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары куәлікті қайта ресімдеу жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қайта ресімделген куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды.

      газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгерген немесе газ толтыру станцияларының бірінің меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелік етуі тоқтатылған жағдайларда, егер газ желісі ұйымында екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болса, куәлікті қайта ресімдеу кезіндегі рәсімдерді орындау ұзақтығы порталға жүгінген кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайды;

      мәліметтерді Тізілімге АЖ арқылы енгізген кезде:

      1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркеуі және оны сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі;

      2) үш сағат ішінде:

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы жауапты басқарма басшысын немесе орындаушыны анықтауы;

      басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;

      3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын қарауы;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:

      орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      үш сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;

      4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:

      орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді;

      орындаушы талдауды жүргізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Тізілімге АЖ арқылы өзгерту енгізеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      алты сағаттың ішінде:

      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өзгертілген мәліметтерді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы өзгертілген мәліметтерге немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды.

      Тізілімге АЖ арқылы мәліметтерді енгізу кезіндегі рәсімдердің орындалу ұзақтығы порталға жүгінген кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайды.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының (және) басқарма басшысының бұрыштамасы;

      3) өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту;

      4) сұрау салу (куәлікті беру және қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда);

      5) аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің оң немесе теріс қорытындысы (куәлікті беру және қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда);

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

      куәлікті беру немесе қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда:

      1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;

      2) үш сағат ішінде:

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға береді;

      басқарма басшысысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;

      3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:

      орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      үш сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;

      4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда профилактикалық бақылауды жүргізу үшін:

      орындаушы көрсетілген мерзім ішінде сұрау дайындайды;

      үш сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұрау келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы аумақтық бөлімшесімен немесе көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскерімен тексеру үшін сұрауға қол қояды.

      5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің немесе көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылауды жүргізуі:

      аумақтық бөлімшенің басшысы төрт сағат ішінде бұрыштама қояды және аумақтық бөлімшенің жұмыскеріне береді;

      сұрау келіп түскен кезден бастап тоғыз жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің жұмыскері өтініш берушінің рұқсаттық талаптарына сәйкестігін анықтап, аумақтық бөлімше жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қорытындыны әзірлейді, аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы профилактикалық бақылау нәтижесін (қортынды) береді;

      көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттық талаптарына сәйкестігін тексеруін жүзеге асырған жағдайда тоғыз жұмыс күнінің ішінде өтініш берушінің рұқсаттық талаптарына сәйкестігін анықтап, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған оң немесе теріс қорытындысын әзірлейді;

      6) орындаушы аумақтық бөлімше қорытындысы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің қорытындысы келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қорытындыға талдау жүргізеді;

      орындаушы аумақтық бөлімшенің немесе көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскерінің қорытындысын талдағаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде куәлік жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      алты сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары куәлік жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды.

      Куәлікті беру немесе қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда рәсімдердің орындалу ұзақтығы мемлекеттік қызметті алуға өтініш түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды;

      газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде және газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған жағдайларда куәлікті қайта ресімдеу кезінде:

      1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;

      2) үш сағат ішінде:

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға береді;

      басқарма басшысысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;

      3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:

      орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      үш сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартуға қол қояды;

      4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:

      орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді;

      жүргізілген талдаудан кейін орындаушы бір жұмыс күні ішінде қайта ресімделген куәліктің жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      алты сағаттың ішінде:

      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары қайта ресімделген куәліктің жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қайта ресімделген куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды;

      газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгерген немесе газ толтыру станцияларының бірінің меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелік етуі тоқтатылған жағдайларда, егер газ желісі ұйымында екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болса, куәлікті қайта ресімдеу кезіндегі рәсімдерді орындау ұзақтығы порталға жүгінген кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайды;

      мәліметтерді Тізілімге АЖ арқылы енгізген кезде:

      1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері оны келіп түскен күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;

      2) алты үш ішінде:

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы бұрыштама қояды және басқарма басшысына немесе орындаушыға береді;

      басқарма басшысысы бұрыштама қояды және орындаушыға береді;

      3) орындаушы он сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда:

      орындаушы көрсетілген уақыт ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      үш сағаттың ішінде:

      басқарма басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуға қол қояды;

      4) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:

      орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді;

      орындаушы талдауды жүргізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Тізілімге АЖ арқылы өзгерту енгізеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын дайындайды;

      алты сағаттың ішінде:

      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары қайта ресімделген куәліктің жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді түрде бас тарту жобасын келіседі;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қайта ресімделген куәлікке немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартуға қол қояды.

      Тізілімге АЖ арқылы мәліметтерді енгізу кезіндегі рәсімдердің орындалу ұзақтығы порталға жүгінген кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.";

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 8 сәуірдегі
№ 111 бұйрығына
қосымша
  "Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
регламентіне
1-қосымша

Оң жауаптың шығыс нысаны



Теріс жауаптың шығыс нысаны



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады