"Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 сәуірде № 18609 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Нысаналы даму трансферттері республикалық бюджеттен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне тиісті саланың орталық уәкілетті органдардың айқындауы бойынша өңірлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету орташа республикалық деңгейден төмен болған кезде мемлекеттік бағдарламалар нәтижелерінің мақсаттарына, міндеттеріне, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне сәйкес бөлінеді.

      Бұл ретте, республикалық бюджеттен:

      ауылдарда және қалаларда 3 және одан да көп ауысымды оқыту және оқушылар орындарының тапшылығы проблемасын шешетін апатты жай-күйде тұрған және бұзуға жататын мектептердің орнына қуаттылығы 300 және одан да көп, ал республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға іргелес елді мекендерде қуаттылығы 300 аз жалпы білім беру мектептерін;

      медициналық көмектің қол жетімділігіне шектеу қаупін тудыратын апатты және бұзуға жататындардың орнына қуаттылығы кемінде 200 төсектік көп бейінді және туберкулезге қарсы ұйымдардың және ауысымына кемінде 250 адам қабылдайтын қуаттылығы бар емханалардың;

      республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға іргелес, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астананың шетінде орналасқан елді мекендерде ауысымына кемінде 250 адам қабылдайтын амбулаторлық-емханалық ұйымдардың;

      жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарына арналған қанды, оның құрауыштары мен препараттарын өндіру орталықтарының;

      психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінің;

      балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінің;

      мүгедектерге арналған оңалту орталықтарының, оңалту және мүгедек балаларды бейімдеу орталықтарының;

      облыстық маңызы бар автокөлік жолдарының;

      тұрғын үй мен тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның;

      объектілердің, ғимараттардың, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің;

      республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың көшелерінің;

      кернеуі 35/10/0,4 кВ жоғары, ал республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға іргелес елді мекендерде және халық саны 20 мың адамнан 50 мың адамға дейін шағын қалаларда кернеуі 0,4 кВ және жоғары кіші станциялар мен электртаратушы желілерінің;

      қуаттылығы 100 Гкал/сағ жоғары, ал республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға іргелес елді мекендерде және халық саны 20 мың адамнан 50 мың адамға дейін шағын қалаларда барлық қуаттылықтағы жылуэлектрорталықтарының және қазандықтарының;

      магистралды газқұбырларының, магистралды газқұбырларынан жоғары қысымды азқұбырларының-бұрулардың, автоматтандырылған газтаратушы станцияларының, жоғары қысымды кентаралық әкелуші газқұбырларының, елді мекендердің шекаралары (шегі) шегінде газтаратушы желілерінің;

      полигондардың (қауіпсіз емес, қатты тұрмыстық қалдықтар), пайдалану мерзімінен шыққан полигондарды қалпына келтірудің (қауіпсіз емес, қатты тұрмыстық қалдықтар) құрылысын салу, қайта қалпына келтіру, кеңейту мен жаңарту қаржыландырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады