Фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 мамырда № 18615 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының сегізінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 22 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен
бекітілген

Фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      1. Консультациялық қызметтер.

      2. Түсіру павильондарын ұсыну бойынша қызметтер.

      3. Табиғи түсіру алаңдарын ұсыну бойынша қызметтер.

      4. Жабдықтар мен техниканы ұсыну бойынша қызметтер.

      5. Актерлер мен түсіру тобын жалдау бойынша қызметтер.

      6. Костюмдер, реквизит, грим және пиротехниканы ұсыну бойынша қызметтер.

      7. Қызметтік үй-жайларды ұсыну бойынша қызметтер.

      8. Сәндік-техникалық құрылыстарды дайындау бойынша жұмыстар.

      9. Монтаждау, дыбыс жазу, қайта жазу, пленканы өңдеу зертханалары, компьютерлік графика, құрамдастырылған түсіру, қайталау, дыбыстау, шуды ресімдеу бойынша қызметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады