Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 11-1-4/201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18649 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 8438 болып тіркелген, 2013 жылы 19 мауысымдағы № 207-208 (27481-27482) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси әрекеттерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" мен "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі, бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген шет елге жіберілетін адамдарды іссапарға жіберу үшін көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" мен "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162 ерекшелігінің ("Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы) әкімшісі ретінде мынадай адамдарды шетелге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды (бұдан әрі – іссапар шығысы) төлеуге арналған қаражатты пайдалану туралы шешімдер қабылдайды:

      республикалық бюджет есебінен ұсталатын лауазымды адамдар (бұдан әрі – лауазымды адамдар);

      Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайы;

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жұбайы;

      Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасының делегациялары;

      Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сыртқы істер министрлігі республикалық бюджетте кезекті қаржы жылына "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162 ерекшелігі ("Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы) бойынша көзделген қаражатты пайдаланады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаменті (бұдан әрі – Нұр-Сұлтан қаласы Қазынашылық департаменті) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес бөлінген қаражаттың конвертациясын жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Сыртқы істер министрлігі екінші деңгейдегі банктерде бюджет заңнамасында көзделген және тек іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражатты есептеуге және шетел валютасын олардың төлем карточкаларына аудару жолымен іссапарға жіберілген адамдармен одан әрі есеп айырысуға арналған ағымдағы шоттарды АҚШ долларында және еурода (бұдан әрі – валюталық шоттар) ашады.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Сыртқы істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне ағымдағы жартыжылдықтың соңғы айының 10-нан кешіктірмейтін мерзімде айларға бөле отырып, алдағы жартыжылдыққа арналған шетел валютасында қолма-қол ақшаның қажетті сомасы туралы өтінім ұсынады.

      Бір уақытта мәлімет үшін сыртқы істер министрлігінің екінші деңгейдегі банктердегі валюталық шоттарына айларға бөле отырып, алдағы жарты жылға арналған аударуға жоспарланған сома туралы ақпарат ұсынылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сыртқы істер министрлігіне "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" мен "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларының 162 ерекшелігі ("Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы) бойынша іссапар шығыстарын төлеуге:

      1) мемлекеттік органдардың Сыртқы істер министрлігіне берген жазбаша өтініші негізінде лауазымды адамдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайына, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының жұбайына, Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелеріне, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесіне;

      2) іссапарға жіберу туралы қабылданған шешім негізінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қызметкерлеріне қаражат бөлу жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының делегациясы шетелге жол жүрген кезде, Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттік органның жазбаша өтініші мен арнайы рейстерді орындайтын авиатасымалдаушымен қол қойылған көрсетілген қызметтер актісі негізінде авиатасымалдаушының есеп айырысу шотына қаражат аудару арқылы арнайы рейстерді орындау жөніндегі қызметтерді төлейді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының делегациясы шетелге жол жүрген кезде арнайы рейстерді орындау жөніндегі қызметтерді қоспағанда, Сыртқы істер министрлігі іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу туралы келіп түскен өтінішті:

      1) ағымдағы жылы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде тиісті мемлекеттік органның қатысуымен жоспарланған іс-шараларды;

      2) ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қара жатының көлемін;

      3) мемлекеттік орган ұсынатын іс-шараға қатысудың сыртқы саяси орындылығын ескере отырып қарастырады.

      Өтінішті қараудың қорытындылары бойынша Сыртқы істер министрлігі бес жұмыс күні ішінде іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.

      Іссапар шығыстарына қаражат беру іссапарға жіберілген адамды ресімдегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде төлем карточкасына аудару арқылы не мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша Сыртқы істер министрлігінің кассасынан іссапарға жіберілген адамды ресімдеген күні қолма-қол ақша қаражатымен жүргізіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қаражат бөлу туралы қабылданған шешім негізінде Сыртқы істер министрлігі қолма-қол шетел валютасын алу үшін Сыртқы істер министрлігінің қызметкеріне Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде ресімдеуге арналған сенімхат береді.

      Сенімхат бір жұмыс күні мерзіміне беріледі, оған Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы және бас бухгалтері қол қояды.

      Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаменті Сыртқы істер министрлігінің сенімхатында көрсетілген уәкілетті адамға бір жұмыс күні мерзіміне Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалында қолма-қол шетел валютасын алуға сенімхат береді.

      Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалы Сыртқы істер министрлігінің уәкілетті адамына Сыртқы істер министрлігінің хатында көрсетілген, мәлімделген сомаға сәйкес қолма-қол шетел валютасын береді. Сыртқы істер министрлігінің хаты еркін нысанда жасалады және қолма-қол шетел валютасын алудың жоспарланған күніне дейін 2 жұмыс күні бұрын Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалына ұсынылады.

      Сыртқы істер министрлігі өзінің кассасында сенімхат бойынша алған қолма-қол шетел валютасын қаржыландырудың бекітілген айлық жоспарының шегінде сақтайды. Сыртқы істер министрлігінің кассасындағы қолма-қол шетел валютасының күн сайынғы лимиті ағымдағы айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген сомадан аспауы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Іссапарға жіберілген тұлғалармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған өзінің шотынан екінші деңгейдегі банктегі өзінің валюталық шотына шетел валютасында ақша аударуға арналған өтінішті бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне береді.

      Екінші деңгейдегі банкте операциялық күннің соңындағы валюталық шоттағы күн сайынғы қалдық сомасының ұлттық валютадағы баламасы ағымдағы айға арналған тиісті ерекшелік бойынша қаржыландыру жоспарында көзделген соманың 20 (жиырма) пайыздан аспауы тиіс.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сыртқы істер министрлігі іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ кассадағы қолма-қол шетел валютасы қалдығы мен екінші деңгейдегі банктердегі валюталық шоттардағы күн сайынғы қалдық лимиттерінің сақталуын қамтамасыз етеді.";

      16-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тұрғын үй-жайды жалға алу жөніндегі, оның ішінде межелі пунктке кірер алдындағы келу пункттердегі шығыстарға;:

      егер іссапарға жіберілген адамның тұрғын үй-жайды жалдауы межелі пунктке кірер алдында келу пунктінде күндізгі уақытта 8 (сегіз) сағаттан артық және түнгі уақытта 6 (алты) сағаттан артық межелі пунктке шығуды күткен кезде жүзеге асырылса;

      егер іссапарға жіберілген адамның келуі немесе кетуі қызметтік қажеттілік бойынша белгіленген есептік сағатқа дейін не есептік сағаттан кейін жүзеге асырылса;

      тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар осы Қағиданың 24-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынған кезде өтеледі және қаулымен бекітілген нормадан аспауы тиіс:";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) валютаны айырбастағаны үшін комиссиялық алымдарға, валюта айырбастаудан бағамдық айырмашылық;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Нұр-Султан қаласында шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе визаны ресімдеуге уәкілетті консулдық мекемесі болмаған жағдайда түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеу үшін сервистік алымдарға;";

      8) тармақшаның екінші бөлігі алынып тасталсын;";

      8) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іссапар шығындары қаулымен бекітілген нормаларға сәйкес өтеледі. Қонақүйде тұру шығыстары нақты шығындар бойынша төленетін адамдарға белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда, растайтын құжаттарды ұсынған кезде өтеу жүргізіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Іссапарға жіберілген адамдар шетелге іссапарға жол жүрген кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн және Қазақстан Республикасына қайтқан кезде Қазақстан Республикасына келер алдында шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылады.

      Іссапарға жіберілген адамның шетелге жол жүруі кезінде және Қазақстан Республикасына қайтып келген кезде 24 (жиырма төрт) сағаттан асатын маршрутты қоспағанда, жолда болу уақыты іс-шараға дейін бір күннен және одан кейін бір күннен аспауы тиіс.";

      24-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) келу пунктіне кірер алдындағы келу пункттерінде тұрғын үй-жайды жалға алғаны үшін күндізгі уақытта 8 (сегіз) сағаттан астам және түнгі уақытта 6 (алты) сағаттан астам уақыт күткен кезде, сондай-ақ іссапарға жіберілген адам қызметтік қажеттілігіне қарай белгіленген есептік сағатқа дейін не есептік сағаттан кейін келген не кеткен жағдайларда тіркелген уақыты мен күні көрсетілген құжаттар (шот-жүкқұжат, қонақ үй шоты, инвойс, фискалдық чек).";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген пайдаланылмаған қаражаттың қалдығын іссапарға жіберілген немесе есеп беруші адам іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Сыртқы істер министрлігінің кассасына немесе Сыртқы істер министрлігінің екінші деңгейдегі банктегі валюталық шотына қайтаруы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Сыртқы істер министрлігінің екінші деңгейдегі банктердегі валюталық шоттарындағы қаржы жылының соңындағы ақша қаражатының қалдықтарын кейіннен шетел валютасына қайта айырбастай отырып және бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда Сыртқы істер министрлігінің шетел валютасындағы шоттарына қайтарылуға жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыру;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер Министрі
Б. Атамқұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      __________________________

      __________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банк

      _________________________

      _________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады