"Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 мамырда № 18677 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 № ҚР ДСМ-89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12199 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 5 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрінің
  2019 жылғы 14 мамырдағы
  № ҚР ДСМ-75 бұйрығына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау және
  әлеуметтік даму министрінің
  2015 жылғы 30 қыркүйектегі
  № 766 бұйрығымен
  бекітілген

Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

      2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер – дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана (дистрибьюторлық) қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық бұйымдар дүкені, медициналық бұйымдар қоймасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдар;

      3) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры - қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;

      4) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алу мен өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты қызметі;

      5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызмет – дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамсыз етумен байланысты есепке алуды, сақтауды, халыққа өткізуді (рецептімен босату) қамтамасыз ететін қызметі;

      6) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттардың тізбесі;

      8) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі - Қор);

      9) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      10) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінде электрондық құжаттар алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе;

      11) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;

      3. ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді:

      1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде – Кодекстің 88-бабы 1) тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес;

      2) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде – денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес медициналық ұйымдар жүзеге асырады;

      4. Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру:

      1) дәрілік заттарға қажеттілікті айқындауды;

      2) дәрілік заттарды сатып алуды, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, бөлуді (қайта бөлуді);

      3) дәрілік заттардағы қолжетімділікті қамтамасыз етуді;

      4) ТМККК және МӘМС шеңберінде жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмекті және амбулаториялық-емханалық көмекті көрсету кезінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды (тағайындауды), сақтауды, есепке алуды қамтиды.

2-тарау. Дәрілік заттардың қажеттілігін айқындау

      5. Дәрілік заттарға жалпы қажеттілік:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларының негізінде ТМККК және МӘМС шеңберінде жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде.

      Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін медициналық ұйымдар "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сәйкес бірыңғай дистрибьюторға қағаз жеткізгіште және (немесе) тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат түрінде ақпараттық жүйеде қалыптастырылған дәрілік заттарға өтінімдер ұсынылады.

      2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде:

      ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдары меншік нысанына қарамастан, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде нозологиялар, дәрілік заттардың атаулары мен саны, пациенттердің саны бөлінісінде дәрілік заттарға үш жылдық кезеңге өтінім қалыптастырады.

      Медициналық ұйымдар өтінімді "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДНЭТ АЖ) деректерінің негізінде "Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БФАЖ АЖ) енгізеді. Деректерге бірінші басшы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      Өтінім Қордың филиалына келісу үшін бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

      Қор филиалы өтінімді келіседі және бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.

      Бірыңғай дистрибьютор жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15 сәуіріне дейін республика бойынша жиынтық өтінімді қалыптастырады және нозологиялар, дәрілік заттардың атаулары мен саны, пациенттердің саны бөлінісінде бюджеттік комиссияға шығару үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      Дәрілік заттарға қажеттілік есебі:

      1) өңірдегі сырқаттанушылық динамикасының және эпидемиологиялық жағдай деректерінің, сондай-ақ науқастардың болжамды саны бойынша статистикалық деректердің негізінде;

      2) дозасы (бір реттік, тәуліктік, курстық), тәулігіне қабылдау жиілігі және қабылдау ұзақтығы (күн саны) көрсетілген клиникалық хаттамалардың негізінде емдеу сызбаларына сәйкес.

      диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімінде дәрілік препараттардың атаулары мен шығарылым нысандары ескеріле отырып;

      3) алдыңғы жылғы дәрілік заттардың нақты тұтынылуын ескере отырып;

      4) Амбулаториялық-емханалық деңгейде қамтамасыз етуге арналған тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін басшылар, мамандар, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың белгіленген диагноз бойынша бейіндік мамандары ДНЭТ АЖ деректерінің толықтығы мен нақтылығына жауап береді.

3-тарау. Дәрілік заттарды, есепке алу және өткізудің көрсетілетін қызметтерін және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу, бөлу (қайта бөлу)

      6. ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды, есепке алу және өткізудің көрсетілетін қызметтерін және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдары меншік нысанына қарамастан жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін бірыңғай дистрибьюторды сатып алуды ескере отырып, ақпараттық жүйеде дәрілік заттарға бөлінген қаржыландыру шеңберінде түпкілікті өтінімді қалыптастырады және оған бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.

      Қор филиалы түпкілікті өтінімді келіседі және бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.

      Қор республика бойынша бірыңғай дистрибьютордың сатып алуын ескере отырып, жиынтық түпкілікті өтінімнің жобасын қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға нозологиялар, дәрілік заттардың атаулары мен саны, пациенттердің саны бөлінісінде келісу үшін жібереді.

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган түпкілікті өтінімнің жобасын түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде қарайды және Қорды оны қарау қорытындылары туралы хабардар етеді.

      Ескертулер болған жағдайда Қор 5 жұмыс күні ішінде түпкілікті өтінімнің жобасын пысықтайды және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісуге қайта жібереді.

      Өңірлер, нозологиялар, дәрілік заттардың атаулары мен саны, науқастардың саны бөлінісінде түпкілікті өтінім жобасын келісу қорытындылары бойынша Қор мен Бірыңғай дистрибьютор арасында жоспарланған жыл алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шарты жасалады.

      ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын және (немесе) қор активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар қажеттілікті (алдын ала, түзетілген және қосымша) есептеуді, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге бөлінген қаржы қаражатын пайдалану (игеру), рецептілер жазу (тағайындау), халыққа дәрілік заттардың қолжетімділігі мониторингін, қажет болған жағдайда әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) шегінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бөлуді (қайта бөлуді) жүзеге асырады.

      7. Дәрілік заттарды бөлуді медициналық ұйымдар Қормен келісім бойынша Тізбеде көрсетілген аурулардың түрлері бойынша елді мекендердің аумағында тұратын науқастардың және азаматтардың жекелеген санаттарының болжамды санына байланысты жүргізеді.

      8. Тиісті бағдарламалар шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттарды медициналық ұйымдар арасында қайта бөлуге сырқаттанушылық серпіні өзгерген, науқас ауысқан немесе көшкен, қайтыс болған, медициналық ұйымдар таратылған, медициналық қызметтер көрсету бейіні өзгерген жағдайларда Қормен келісілгеннен кейін жол беріледі.

4-тарау. Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету

      9. Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2) тармақшасында белгіленген тәртіпте дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, жылжымалы дәріханалық пункттерде және медициналық ұйымдарда көтерме саудада өткізуге лицензия алған немесе қызметінің басталуы туралы хабарлама алған дәрілік заттардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.

      Дәріханалар жоқ аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жеке және заңды тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы жүзеге асырады.

      Дәріхана пункттері болмаған кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 69-бабының 6-тармағына сәйкес алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары арқылы жүзеге асыруға болады.

      Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды босатуды "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1), 3) тармақшаларына сәйкес есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналысы саласында лицензиясы бар заңды тұлғалар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы объектілер арқылы жүзеге асырады.

      Елді мекенде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналысына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар дәріханалар болмаған жағдайда қамтамасыз ету есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналысы саласындағы қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      10. Халыққа дәрілік заттарды босату амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде Тізбеге сәйкес емханалар, дәріханалар, дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері, ТМККК және МӘМС шеңберінде есепке алу және өткізу қызметтерін және/немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсететін медициналық ұйымдар арқылы, науқастың жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дәрігердің рецептісі бойынша тегін жүзеге асырылады.

      Амбулаториялық деңгейде ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды алуға арналған рецептілер ДҚАЖ-дағы халықаралық патенттелмеген атаулары бойынша жазып беріледі.

      ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттармен тегін қамтамасыз ету кезінде Тізбеге сәйкес есепке алу және өткізу қызметіне, фармацевтикалық қызметке жұмсалған шығындарды Бірыңғай дистрибьютор қызметтерді жеткізушіге толық өтейді.

      Елді мекенде дәріхана, дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері болмаған кезде ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды босату медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдар арқылы жүргізіледі.

      Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда, ТМККК және МӘМС шеңберінде есепке алу және өткізудің көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын дәрілік заттар айналысы саласындағы объектілерде, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында пациенттер үшін мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) ТМККК және МӘМС шеңберінде есепке алу және өткізу және/немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын дәрілік заттар айналысы саласындағы объектілердің тізбесі мен мекенжайлары;

      2) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың мекенжайлары.

      ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық емдеу кезінде туберкулезбен және АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастар тиісті мамандандырылған мекемелер арқылы туберкулезге қарсы және антиретровирустық дәрілік заттармен тегін қамтамасыз етіледі. Елді мекенде мамандандырылған мекемелер болмаған жағдайда қамтамасыз етуді медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

      Ана мен жаңа туған нәресте баланың дәрі қобдишасын беру перзентханадан шығару кезінде жүзеге асырылады. Ана мен бала дәрі қобдишасын беру туралы белгі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 907 бұйрық) № 097/е нысандағы жаңа туған нәрестенің даму тарихына, педиатр - дәрігердің күнделігіне енгізіледі.

      Мамандандырылған тағам өнімдерін беруді медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

      11. Медициналық ұйымдарда дәрілік заттармен қамтамасыз ету жедел (кезек күттірмейтін, шұғыл) медициналық көмек, жұқтыру қаупті кезінде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша антирабикалық көмек, көрсетілімдер бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы көмек, иммундық - профилактикалық (вакцинация), стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін жүзеге асырылады.

      12. Ақылы негізде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар айналысы саласындағы объектілер арқылы жүзеге асырылады.

5-тарау. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану (тағайындау), ТМККК және МӘМС шеңберінде жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде сақтау, есепке алу

      13. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану формулярлық жүйенің мынадай қолданылу іс-шаралармен қамтамасыз етіледі:

      1) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды пайдалану;

      2) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және пайдалану;

      3) клиникалық хаттамаларды пайдалану;

      4) уәкілетті орган белгілеген тәртіпте дәрілік заттардың пайдаланылуын бағалауды және мониторингті жүзеге асыру;

      5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды пайдалану саласында денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

      6) денсаулық сақтау қызметкерлері мен халықты дәрілік заттарды ұтымды пайдалану туралы хабарландыру;

      7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету.

      14. Медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау ұйымдары дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Медициналық ұйым басшысы тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады, ол тоқсанына бір реттен жиі емес стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық деңгейде дәрігерлік тағайындауларға талдау жүргізеді.

      Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану (тағайындау) және азаматтарды қамтамасыз етуді талдау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады, деректердің уақтылы енгізілуін және олардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      15. ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттар ТМККК және МӘМС шеңберінде стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде медициналық құжаттамада және (немесе) дәрілік заттарды пайдалануды есепке алудың автоматтандырылған бағдарламаларында (медициналық ақпараттық жүйелерде) сомалық және сандық мәндерде есепке алуға жатады.

      Жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету № 907 бұйрықпен бекітілген № 004-1/е нысаны бойынша дәрігерлік тағайындау парақтарына, стационарлық пациенттің медициналық картасына сәйкес жүзеге асырылады. Дәрігерлік тағайындаулар парағы науқастың (сауығушының) медициналық ақпараттық жүйедегі стационарлық пациенттің медициналық картасына (санаторийлік-курорттық картасына) қоса тіркеледі.

      Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде дәрілік заттарды тағайындау № 907 бұйрықпен бекітілген 025/е нысаны бойынша медициналық ақпараттық жүйеде көрсетіледі

      16. Жедел медициналық көмек көрсету кезінде көрсетілген көмек туралы ақпарат пайдаланылған дәрілік заттардың атаулары мен көлемі көрсетіле отырып, № 907 бұйрықпен бекітілген 110-1/е нысаны бойынша учаскелік дәрігерге сигнал парағында көрсетіледі және пациенттің бекітілген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымға беріледі.

      17. Ақылы медициналық қызметтер көрсету үшін дәрілік заттарды тағайындау кезінде тағайындау парағына "Ақылы медициналық қызметтер" деген белгі, ал пациенттің медициналық картасында (санаториялық-курорттық картада) медициналық ақпараттық жүйедегі "Ақылы медициналық қызметтер" деген жазба енгізіледі.

      18. Берілген (пайдаланылған) дәрілік заттарды медицина персоналы медициналық ақпараттық жүйеде стационарлық науқастың медициналық картасында № 907 бұйрықпен бекітілген № 004-1/е нысаны бойынша дәрігерлік тағайындаулар парағында көрсетеді.

      19. ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсету үшін келіп түскен дәрілік заттар медициналық ұйымының атауы, оның мекенжайы көрсетілетін медициналық ұйымның мөртаңбасымен және "Тегін" деген белгімен белгіленеді.

      20. ТМККК, МӘМС шеңберінде медициналық көмек және ақылы қызметтер көрсету үшін сатып алынатын дәрілік заттар бөлек сақталуы және есепке алынуы тиіс.

      21. ТМККК және МӘМС шеңберінде жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдарда кемінде бір айға дәрілік заттардың қоры жасалады.

      22. Медициналық ұйымдарда сақталатын дәрілік заттар кемінде жылына бір рет түгенделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады