Жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 мамырда № 18681 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 135 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 21.07.2023 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысының Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жас мамандарды және (немесе) философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссиялар туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 14 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-77 бұйрығына
қосымша

Жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Медициналық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтарды және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен азаматтар қатарынан жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымдары, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында басшылық етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – білім беру ұйымы) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;

      3) жас маман – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алатын азамат;

      4) философия докторы (PhD) – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тыс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мойындалған диссертацияны қорғаған адамдарға берілетін дәреже.

      3. Комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның жанында құрылады.

      4. Комиссия өз жұмысында "Заңын" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын (бұдан әрі – Қағида), басқа нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары мен ұйымдаструшылық қызметі

1-параграф. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      5. Комиссияның міндеті медициналық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтарды және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен азаматтарды жұмысқа дербес бөлу болып табылады.

      6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Комиссияның жас мамандарды және философия докторларын (РhD) жұмысқа бөлу бойынша отырысын өткізу;

      2) жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына бітірушілердің санын, тұратын жерлерін, алған мамандығы мен оқыған тілін көрсете отырып, ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде түскен ағымдағы жылғы түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға өтінімдер жолдау;

      3) жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына бітірушілердің санын, тұратын жерлерін, алған мамандығы мен оқыған тілін көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия (PhD) докторларын даярлау бағдарламасы бойынша докторантураға түскен және оқуды ағымдағы жылы бітіретін адамдарды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға өтінімдер жолдау;

      4) жас мамандарға және философия (PhD) докторларына бос орынның сақталуы туралы кепілдік беретін әлеуетті жұмыс берушілерімен тікелей өзара іс-қимыл жасау;

      5) осы Ереженің 12-тармағына сәйкес шешімдердің бірін қабылдайды;

      6) шешімдерді медициналық білім және ғылым ұйымдарына жіберу.

3-параграф. Комиссияның ұйымдаструшылық қызметі

      7. Комиссияның құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және кемінде тоғыз адамнан тұрады. Комиссия жыл сайын тағайындалатын төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшысы мен оның мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелері Төрағаны сайлайды, ол төрағаның орынбасары мен хатшыны тағайындайды. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады. Комиссия хатшысы шешім қабылдауға қатыспайды және оның мүшесі болып табылмайды.

      8. Комиссия отырысының күн тәртібін дайындауды, отырыс хаттамаларын ресімдеуді Комиссия төрағасына тікелей есеп беретін хатшы жүзеге асырады.

      9. Комиссияның құрамы:

      1) уәкілетті органның өкілдерінен;

      2) уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымның өкілінен;

      3) "Атамекен" ұлттық кәсіпкер палатасының өкілінен (келісім бойынша);

      4) жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен (келісім бойынша);

      5) денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымдарының өкілдерінен (келісім бойынша);

      6) үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерінен (келісім бойынша);

      7) жастар ұйымдарының өкілдері (келісім бойынша);

      8) денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің атынан әрекет ететін қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен (келісім бойынша) тұрады.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттілікке қарай өткізіледі және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып есептеледі.

      11. Отырыстары өткізу күнін, уақытын, күн тəртібін Комиссияның Төрағасы, оның мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып белгілейді.

      12. Кворум болған кезде Комиссия ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысатын Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      13. Комиссия:

      1) Заңның 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес жас мамандарды жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босату туралы;

      2) жұмыс берушінің берген қолдаухаты негізінде жас мамандарды жұмысқа жіберу туралы;

      3) ЖОО-ның және ғылыми ұйымдарының кадрлардағы қажеттіліктер туралы өтінімдер негізінде философия (PhD) докторларына жұмысқа жіберу туралы;

      4) жұмысқа бөлу сәтінде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда жас мамандарды және философия (Phd) докторларын тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не "Электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге жіберу туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.

      14. Дәлелсіз себептермен белгілі бір мерзімге дейін жұмысқа орналасуға өтінім бермеген жас мамандар және/немесе философия докторлары (РhD) қалған вакансияларға Комиссияның шешімімен бөлінеді.

      15. Комиссияның шешімдері хаттамалармен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады