"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-12) тармақшасына, "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1), 28) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 138 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632 болып тіркелген 2007 жылы наурыз-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Халықтық" (үлгілі) атағын алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру жөнінде өтінім (бұдан әрі – Өтінім) береді.
Өтінімге келесі құжаттар тіркеледі:
1) көркемөнерпаздар ұжымы жиналысының хаттамасы;
2) ұжымға шығармашылық мінездеме, онда мына ақпараттар көрсетілуі тиіс:
жетекшілер туралы мәлімет;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
ұжымның концерттік бағдарламасы;
қатысушылар құрамының тізімі;
3) көркемөнерпаз ұжымының марапаттарын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар (3 мақаладан кем емес).";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Өтінім ЖАО-ға түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қаралады. ЖАО өтінімді қарау қорытындысында келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өтінімді қабылдау туралы, нәтижесінде осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
2) өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы, нәтижесінде осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Осы қағиданың 4-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.";
13-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
осы тізбеге 1, 2 және 3 - қосымшадағы редакцияға сәйкес 1, 2 және 3 - қосымшалармен толықтырылсын.
2. "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10320 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 14 наурыздағы № 49 (28527 нөмірінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1 және 2-қосымшалар осы тізбенің 5 және 6 қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
3. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.04.2020 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру бойынша өтінім
Көркемөнерпаздар ұжымына (ұжымның аты) ___________________________________
"Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінім қабылдауды сұраймын.
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Қосымша: ___ парақ.
("Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес құжаттар
қосылады)
Өтінімнің толтырылған күні __________________
Қолы _____________________________________
Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау туралы қолхат
Құжаттар тізбесіне сәйкес көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімдердің құжаттар топтамасы қабылданғаны расталады, соның ішінде:
Құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) _______________________________;
_________________________________;
_________________________________;
_________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент қалаларының
жергілікті атқарушы органының
уәкілетті лауазымды тұлғасы Мөр үшін орын
_____________________ ___________________
(тегі, атауы, әкесінің аты, (бар болған жағдайда)
(бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
__________________________________________________________________________
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының атауы
Құжаттардың толық болмауына байланысты көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
атауы:
1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі).
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент қалаларының
жергілікті атқарушы органынан
уәкілетті лауазымды тұлға
Мөр үшін орын
_____________________ ___________________
(тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлікті (бұдан әрі-куәлік) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары уақытша экспонаттау, гастрольдік қызмет, қалпына келтіру жұмыстары мен ғылыми зерттеулер, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шараларды өткізу мақсатында алты айдан аспайтын мерзімге береді.
2-Тарау. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібі
3. Куәлікті беруді осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген өтініш берушінің құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-ЖАО) жүзеге асырады.
4. Куәлікті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) ЖАО-ға мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш берушінің өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін) – жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін);
3) мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттың немесе мәдени құндылықтың (бұдан әрі - зат) меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі;
4) заттардың орналасу мақсаты мен шарттары туралы келісімшарттың көшірмесі (шет тіліндегі келісімшартқа қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармалары қоса беріледі);
5) сараптауға жататын заттың беткі және сыртқы жағынан көрінетін электрондық түрлі-түсті фотосуреттері (2 дана);
6) заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне заттың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы өтініш берушінің басшысы бұйрығының көшірмесі ұсынады.
5. Өтініш беруші өтінішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының бірыңғай кедендік тарифінің 21 бөлімінің 97 тобына сәйкес сыртқа шығарылатын тауар туралы ақпаратты көрсетеді.
6. ЖАО өтініш берушіден құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
7. Құжаттар толық анықталған жағдайда ЖАО өтініш берушінің "жеке кабинетінде" "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес құрылған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – комиссия) қарауына затты ұсынудың қажеттілігі туралы хабарлайды.
8. Хабарлағаннан кейін өтініш беруші бір жұмыс күні ішінде ЖАО-ға затты ұсынады.
9. Ұсынылған затты түскен күні жауапты тұлға сараптама жүргізу үшін комиссияға жолдайды.
10. Комиссия бір жұмыс күні ішінде заттың тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнін, түпнұсқалығын, авторлығын, атауын, жасалу орны мен уақытын, материалын және орындау техникасын, сондай-ақ мөлшерін (салмағын), айрықша ерекшеліктерін, сақталу жағдайын сипаттай отырып, жан-жақты талдау жолымен сараптама жүргізеді.
11. Сараптама қорытындысы бойынша комиссия Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 135 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8575 болып тіркелген) Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ережесінің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытындыны ресімдейді.
12. Комиссия қорытындысы негізінде ЖАО бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді немесе бас тарту туралы уәжделген жауап жолдайды.
13. Куәлік беруден бас тартуға:
1) куәлік алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) комиссияның теріс сараптамалық қорытындысы;
3) әкетілетін мәдени құндылықтардың, оларды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;
4) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
5) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 35-бабының 1-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіз бола алады.
Өтініш
Келесі мәдени құндылықтарды
1) _____________________________________________________________________
2) _____________________________________________________________________
(атауы, сипаттама, саны)
уақытша әкету құқығына куәлік беруді сұраймыз.
Әкету мақсаты: _________________________________________________________
(орналасқан жері және елдің атауы)
3)__________________________________________________ __________________
(сипаты, тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН *21 бөлімінің 97 тобы)
4)_____________________________________________________________________
(ЕАЭС СЭҚ ТН *қолданылатын өлшем бірліктері)
5)____________________________________________________________________
(саны)
Өтініш берушінің деректері:
____________________________________________________
(туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
__________________________________________________________________________
берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке немесе заңды тұлға
туралы деректемелер) _____________________________________________________________________________
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің қолы _________ Күні ___________
* Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына КУӘЛІК
қаласы ______ № "___"_______ 20___ ж.
1. Өтініш беруші____________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Өтініш берушінің деректері: ________________________________________________
(азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
__________________________________________________________________________
оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
__________________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің қызметі _________________________________________________
4. тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН*_________________________________________________
5. ЕАЭС СЭҚ ТН*қолданылатын өлшем бірліктері _______________________________
6. Саны___________________________________________________________________
7. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының
қорытындысы
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы
органы)
_____________________________________ № ______ 20______ ж. "_____"__________
__________________________________________________________________________
(мәдени құндылықтың атауы)
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ мақсатында
__________________________________________________________________________
(орналасқан жері және елдің атауы)
__________________________________________________________________________
20_____ ж. "_____"_______________ 20_____ж. "______"________________ мерзіміне
Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат беріледі.
Уәкілетті тұлға ____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты және қызметі)
Мөр үшін орны Қазақстан Республикасы
(заңды тұлға үшін) кеден органдарының белгісі
* Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық тауар номенклатурасы
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесіне 7-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.04.2020 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесіне 8-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.04.2020 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесіне 9 қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.04.2020 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.