БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16731 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 9 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, азаматтық қорғау органдарының, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі - ҰҰ) әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау тәртібін айқындайды.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы актіде көрсетіледі (бұдан әрі – ҰҰ актісі).
ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау ҰҰ актісінің негізінде жүргізіледі, ол осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың бұйрығымен күнтізбелік он күн ішінде бекітіледі.
Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, сыныптық біліктілігін айқындау күні болып есептеледі.
Бұйрықтардың көшірмелері, мерзімді қызметтегі сарбаздарды қоспағанда, сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу немесе төлемді тоқтату (тоқтата тұру) үшін әскери бөлімдерге және қаржы бөліністеріне жіберіледі.
Бұйрықты жариялау, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның кеуде белгісін және 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның куәлігін беру әскери қызметшілердің қызмет орны бойынша салтанатты түрде жүргізіледі.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. ҰҰ әскери қызметшілеріне:
1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – ҰҰ Бас қолбасшысына және оның орынбасарларына;
2) ҰҰ Бас қолбасшысы - өңірлік қолбасшылық қолбасшыларына, Әскери институттың бастығына, әскери бөлімдердің командирлеріне, ҰҰ қолбасшысының орынбасарларын қоспағанда, ҰҰ Бас қолбасшылығының әскери қызметшілеріне;
3) өңірлік қолбасшылық қолбасшылары, ҰҰ Әскери институтының бастығы, ҰҰ Бас қолбасшылығына тікелей бағыныстағы әскери бөлім командирі қарамағындағы жеке құрамға "1 сыныпты маманға" дейінгі сыныптық біліктілігін қоса алғанда;
4) өңірлік қолбасшылықтарға бағынысты әскери бөлім командирі - қарамағындағы жеке құрамға "2 сыныпты маманға" дейінгі сыныптық біліктілігін қоса алғанда, сыныптық біліктілікті беруді, жоғарылатуды, растауды, сақтауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады;
"1 сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігін ҰҰ Бас қолбасшысының орынбасарларын қоспағанда, ҰҰ әскери қызметшілеріне ҰҰ Бас қолбасшысы береді.
Оқу орнында сыныптық біліктілік берілмеген жоғары әскери оқу орындарының бітірушілеріне бітірушінің қызмет ету орнына келуі бойынша "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігінің біліктілік талаптарын орындағанын растайтын тиісті құжаттарды ұсынған кезде әскери бөлімнің командирі бөлім тізіміне енгізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей береді.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Сыныптық біліктілік беруге (жоғарылатуға) қолданыстағы тәртіптік жазалары жоқ, теориялық білімі мен жауынгерлік (кәсіби-лауазымдық) даярлық бойынша практикалық дағдыларын бақылау тексеруді "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес тапсырған ИТҚ мамандары ұсынылады.
ИТҚ жауынгерлік (кәсіби-лауазымдық) даярлауға тактикалық, дене шынықтыру, саптық, атыс және мемлекеттік-құқықтық даярлық, сондай-ақ радиациялық-химиялық, биологиялық қорғау кіреді.";
53, 54, 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"53. ИТҚ мамандарының сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері ҰҰ актісінде көрсетіледі.
ИТҚ мамандарына сыныптық біліктілік беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау ҰҰ актісінің негізінде жүргізіледі, ол осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың бұйрығымен күнтізбелік он күн ішінде бекітіледі.
Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, сыныптық біліктілігін анықтау күні болып есептеледі.
Бұйрықтардың көшірмелері әскери бөлімдерге, сондай-ақ сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу не төлемді тоқтату (тоқтата тұру) үшін қаржы бөліністеріне жіберіледі.
Бұйрықты жариялау, сондай-ақ осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның куәлігін және 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның кеуде белгісін беру ИТҚ мамандарының қызмет орны бойынша салтанатты түрде жүргізіледі.
54. ИТҚ мамандарына:
ҰҰ Бас қолбасшысы – "Тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігіне дейін қоса;
авиациялық бөлімнің командирі – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, сақтауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады.
55. Сыныптық біліктілігі бар ИТҚ мамандарын есепке алуды ҰҰ авиациясының басшылық инженерлік-техникалық құрамы жүргізеді.
Сыныптық біліктіліктер беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, әскери қызметшілердің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне және ҰҰ-ның "Мақсат" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.";
3-тарау мынадай мазмұндағы 5-параграфпен толықтырылсын:
"5-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау тәртібі.
55-1. Әскери-есептік ұшқыштар мамандықтарына (ұшқыштар және штурмандар) сәйкес келетін лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне сыныптық біліктіліктер рет-ретімен:
"3 сыныпты маман" (3 сыныпты әскери ұшқыш (штурман) – осы Қағидалардың 55-2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейін сақтаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне;
"2 сыныпты маман" (2 сыныпты әскери ұшқыш (штурман) – "3 сыныпты маман" (3 сыныпты әскери ұшқыш (штурман) сыныптық біліктілігі бар, осы Қағидалардың 55-2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейін сақтаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне;
"1 сыныпты маман" (1 сыныпты әскери ұшқыш (штурман) – "2 сыныпты маман" (2 сыныпты әскери ұшқыш (штурман) сыныптық біліктілігі бар, осы Қағидалардың 55-2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейін сақтаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне;
"Мерген ұшқыш (штурман)" – "1 сыныпты маман" (1 сыныпты әскери ұшқыш (штурман) сыныптық біліктілігі бар, осы Қағидалардың 55-2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейін сақтаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне беріледі.
55-2. Сыныптық біліктілігін айқындау кезінде ұшқыштар (штурмандар) осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштарына (штурмандарына) сыныптық біліктілігін берудің (жоғарылатудың, растаудың) шарттарына сәйкес мақсаты бойынша міндеттерін орындауға, осы Қағидаларға 10-2-қосымшаға сәйкес ең аз ұшу сағатының және жауынгерлік қолдану ұшуларының нормаларын орындауға дайын болуы және дене шынықтыру даярлығы бойынша қорытынды тексеруді "қанағаттанарлықтан" төмен емес бағаға тапсыруы тиіс.
Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау үшін ҰҰ авиациясының ұшқыштары мен штурмандары мынадай кәсіби деңгейді көрсетуі қажет:
"3 сыныпты маман" ("3 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – барлық тексерілген пәндер бойынша "қанағаттанарлықтан" төмен емес;
"2 сыныпты маман" ("2 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – барлық тексерілген пәндер бойынша "жақсы" және "өте жақсы";
"1 сыныпты маман" ("1 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – барлық тексерілген пәндер бойынша кемінде 30% "өте жақсы", қалғандары "жақсы";
"Мерген ұшқыш (штурман)" – барлық тексерілген пәндер бойынша кемінде 50% "өте жақсы", қалғандары "жақсы" деп бағалануы тиіс.
55-3. Ұшқыштардың (штурмандардың) ұшу даярлығы және теориялық білімі деңгейінің сыныптық біліктілікті айқындауға қойылатын талаптарға сәйкес келуі бақылау тексеру өткізу арқылы айқындалады.
55-4. Әуе кемесінің типіне байланысты ұшқыштардың (штурмандардың) мақсаты бойынша міндеттерін орындауға әзірлігін анықтайтын жаттығулар тізбесі Көліктік және армиялық авиацияны жауынгерлік даярлау курстарында (бұдан әрі - КжАА курстары) көзделген.
55-5. Теориялық білімін бақылау тексеру кезінде ұшқыштар құрамы әскери қызметшілерінің:
1) авиация түрінің тактикаларын;
2) әуе кемесі типінің практикалық аэродинамикасын;
3) авиациялық техниканы;
4) әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықты (экипаж нұсқаулығын);
5) әуе навигациясын;
6) авиациялық метеорологияны;
7) авиациялық жою құралдарын қолдануды (мақсаты бойынша қолдану);
8) ұшуда байланыс құралдарын пайдалану және радиотехникалық қамтамасыз ету тәртібін білуі тексеріледі.
55-6. Ұшу даярлығын бақылап тексеру Курстың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және:
ұшқыштар – ұшуды басқару және жауынгерлік қолдану техникасы бойынша (мақсаты бойынша қолдану);
штурмандар – әуе навигациясы және жауынгерлік қолдану техникасы бойынша (мақсаты бойынша қолдану) өткізіледі.
55-7. Ұшу даярлығын бақылап тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16210 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес кандидат ұсынылып отырған сыныптық біліктіліктен жоғары сыныптық біліктілігі бар, бірақ "2 сыныпты маманнан" ("2 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") төмен емес сыныптық біліктілігі бар ұшқыштар құрамы қатарынан тексерушілер тағайындалады.
55-8. Тексерушінің әуе кемесі бортында болу мүмкіндігі болмаған жағдайда ұшу сапасы ұшуларды объективті бақылаудың борттық және жерүсті құралдарының деректері негізінде бағаланады. Бұл жағдайда тексеруші адамдар тиісті қорытындыны КжАА курстарының талаптарына сәйкес объективті бақылау құралдарын талдау, ұшу параметрлеріне бағалау негізінде береді.
55-9. Бақылап тексерудің нәтижелері бойынша біліктілік комиссиясына осы Қағидаларға10-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікті беруге (жоғарылатуға) қойылатын талаптарға кандидаттың даярлық деңгейінің сәйкес болуы (сәйкес болмауы) туралы қорытынды бар екі дана ұсыным жолданады.
55-10. Ұсынымға әскери бөлімнің мөрімен куәландырылған мынадай құжаттар қоса беріледі:
ұшулардың жоспарлы кестесінен үзінді;
ауа райы бюллетенінің көшірмесі;
ұшуды объективті бақылау материалдары.
Ұсынымның бірінші данасы әскери бөлімнің штабында, екінші данасы сыныптық біліктілікті беру (жоғарылату) туралы бұйрық шығарылған жерде сақталады.
55-11. Ұшқыштарға және штурмандарға берілген сыныптық біліктілік:
"3 сыныпты маман" ("3 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") және "2 сыныпты маман" ("2 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – жыл сайын;
"1 сыныпты маман" ("1 сыныпты әскери ұшқыш (штурман") – екі жылда бір рет расталады;
"Мерген ұшқыш (штурман)" – расталмайды және қызметтің барлық кезеңіне беріледі.
Сыныптық біліктілік ұшқыштар құрамына берілген жылы, сондай-ақ әуе кемесінің басқа түріне (модификациясына) қайта оқыған жылы сыныптық біліктілігі ағымдағы жылы расталған болып есептеледі.
55-12. Ұшқыштардың (штурмандардың) сыныптық біліктілігін растау тексеру жүргізу арқылы бір жыл ішінде жүзеге асырылады:
КжАА курстарының талаптарына сәйкес ұшу даярлығының түрлері бойынша ұшуда;
осы Қағидалардың 55-5-тармағында көрсетілген теориялық пәндерді білуі.
Денсаулығына байланысты ұшуларға жіберілмеген ұшқыштар мен штурмандарға сыныптық біліктілігі тек олардың теориялық пәндерді білуін тексеру нәтижесі бойынша расталады.
Жоғарғы оқу орындарында күдізгі нысан бойынша оқитын ұшқыштар мен штурмандардың сыныптық біліктілігі сақталады және оқу орнын аяқтағаннан кейін алты ай ішінде расталады.
55-13. Қарамағындағы әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беру (растау) баянатына:
теориялық пәндер бойынша білімін тексеру актісінен үзінді;
ұшу даярлығының түрлері (күні, тексеріс түрі, метеорологиялық жағдай, жалпы бағасы) бойынша тексеру нәтижелері бар ұшу кітабынан үзінді;
денсаулық жағдайы (қажет болған жағдайда) бойынша ұшуға жіберілмегендігі туралы растайтын құжаттар (құжаттардың көшірмелері) қоса беріледі.
55-14. Ұшқыштардың (штурмандардың) сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидаларға 10-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҰ авициясының ұшқыштарына (штурмандарына) сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы актіде көрсетіледі (бұдан әрі – ҰҰ авиациясының актісі).
ҰҰ авиациясының актісі негізінде осы Қағидалардың 55-16-тармағында көрсетілген басшылар күнтізбелік он күн ішінде ұшқыштарға (штурмандарға) сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы бұйрық шығарады.
Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса сыныптық біліктілікті айқындау күні болып табылады.
55-15. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы бұйрықты жариялау, сондай-ақ осы Қағидаларға 10-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның кеуде белгісін және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның куәлігін беру ұшқыштардың (штурмандардың) қызмет орны бойынша салтанатты түрде жүргізіледі.
55-16. Ұшқыштарға (штурмандарға):
ҰҰ Бас қолбасшысы – "Мерген ұшқыш (шебер)" сыныптық біліктілігіне дейін қоса;
авиациялық бөлім командирі – "3 сыныпты маман" ("3 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, сақтауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады.
55-17. Егер ұшқыштардың (штурмандардың) кінәсінен бар сыныптық біліктілікті растау өлшемшарттары орындалмаса, сондай-ақ авиациялық оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша олардың сыныптық біліктілігі алып тасталады, төмендетіледі.
Бұл ретте, сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау "3 сыныпты маман" ("3 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") сыныптық біліктілігі бар ұшқыштарға (штурмандарға) қатысты жүргізіледі.
Сыныптық біліктілігін төмендету немесе алып тастау ҰҰ авиациясының актісі негізінде сыныптық біліктілігін беру (растау) құқығы берілген лауазымды адамның бұйрығымен жүзеге асырылады.
55-18. Сыныптық біліктілігі төмендетілген әскери қызметшілер сыныптық біліктілігін беруге жалпы негізде күнтізбелік бір жылдан ерте емес мерзімде ұсынылады.";
10-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5-қосымшаларымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Респубикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Тургумбаев |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ АВИАЦИЯСЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ СЫНЫПТЫ МАМАНЫНЫҢ КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі "ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)"
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі "1 СЫНЫПТЫ МАМАН"
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі "2 СЫНЫПТЫ МАМАН"
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі "3 СЫНЫПТЫ МАМАН"
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы авиациясының ұшқыштарына (штурмандарына) сыныптық біліктілігін берудің (растаудың) шарттары
р/с № | Ұшқыштар құрамына берілетін сыныптық біліктілігі | Мақсаты бойынша міндеттерді (жауынгерлік міндеттерді) орындауға әзірлігі | Қону кезінде ұшуды басқару техникасы бойынша дайындық деңгейі (әуе навигациясы) |
1 | "3 сыныпты маман" ("3 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") | күндіз қарапайым метеорологиялық жағдайда (ҚМЖ) | күндіз қарапайым метеорологиялық жағдайда |
2 | "2 сыныпты маман" ("2 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") | күндіз күрделі метеорологиялық жағдайда (КМЖ), түнде қарапайым метеорологиялық жағдайда (ҚМЖ) | Ауа райының минимумы белгіленген кезде күндіз күрделі метеорологиялық жағдайда, түнде қарапайым метеорологиялық жағдайда |
3 | "1 сыныпты маман" ("1 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") | Түнде күрделі метеорологиялық жағдайда (КМЖ) | Ауа райының минимумы белгіленген кезде түнде күрделі метеорологиялық жағдайда |
4 | "Мерген ұшқыш (штурман)" | Әуе кемесінің барлық пайдалану диапазонында түнде күрделі метеорологиялық жағдайда (ТМЖ) | Ауа райының минимумы белгіленген кезде түнде күрделі метеорологиялық жағдайда нұсқаушы |
Ескертпе:
1. Ұшқыштар құрамы жабдықталуы көрсетілген метеорологиялық жағдайда міндеттерді орындауға мүмкіндік бермейтін әуе кемесінде ғана ұшуларды орындаған жағдайда сыныптық біліктілігін беру (растау) шарттары Ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықты (Экипаж нұсқаулығын) ескере отырып, КжАА курстарына сәйкес белгіленеді;
2. Сыныптық біліктілігін растау кезінде тиісті метеорологиялық жағдай болмаған жағдайда ұшқыштарға (штурмандарға) КжАА курстарында айқындалған биіктікте пердешені аша отырып ұшу дайындығын тексеруді орындауға рұқсат етіледі.
Қазақстан Респубикасы Ұлттық ұланы авиациясының сыныптық біліктілігін беруге ұсынылған ұшқыштарының (штурмандарының) жауынгерлік қолданудағы ең аз ұшып өту және ұшу нормалары
р/с № | Әуе кемелерінің түрлері | Сыныптық біліктілігі | Барлық әуе кемелерінің түрлерінде ұшып өту | Жауынгерлік қолдануда ұшулар саны | ||||
Күндіз | Түнде | |||||||
Жалпы | Өзіндік (жаттығу) | ҚМЖ | КМЖ | ҚМЖ | КМЖ | |||
1. | Барлық мақсаттағы әскери көліктік, көліктік ұшақтар | 3 сыныпты | 200 | 60 | 40 | - | - | - |
2 сыныпты | 700 | 250 | 60 | 30 | 20 | - | ||
1сыныпты | 900 | 300 | 80 | 50 | 30 | 25 | ||
мерген | 2000 | 1200 | 120 | 70 | 80 | 40 | ||
2. | Барлық мақсаттағы тікұшақтар, (поршеньді ұшақтар) | 3 сыныпты | 200 | 60 | 30 | - | - | - |
2 сыныпты | 450 | 200 | 50 | 20 | 15 | - | ||
1сыныпты | 650 | 300 | 70 | 30 | 30 | 15 | ||
мерген | 1800 | 1000 | 80 | 40 | 50 | 30 | ||
3 | Түнде КМЖ ұшуға жабдықталмаған ұшақтар мен тікұшақтар | 3 сыныпты | 300 | 60 | 30 | - | - | - |
2 сыныпты | 700 | 250 | 60 | - | - | - | ||
1сыныпты | 900 | 600 | 120 | - | - | - | ||
мерген | 2500 | 1800 | 200 | - | - | - |
Ескертпе: "1 сыныпты маман" ("1 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") және "Мерген ұшқыш" сыныптық біліктілігін беруге әуе кемелерінің командирі (экипаж командирі) ретінде ұшуларды орындайтын дайындалған ұшқыштар құрамы ұсынылады.
(бірінші парақ)
ҰСЫНЫМ
________________________________________ сыныптық біліктілігін беруге
(жоғарылатуға)
Әскери атағы:______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): _____________________________________
Туған күні:______________________ Жеке нөмірі_______________________________
Лауазымы:________________________________________________________________
Оқу орнын аяқтаған күні:____________________________________________________
Берілген сыныптық біліктілігі, бұйрықтың күні және нөмірі
__________________________________________________________________________
Нормалар орындалған әуе кемесінің түрі:______________________________________
Барлық әуе кемелерінің түрінде ұшып өту | Мақсаты бойынша жауынгерлік қолданыстағы ұшулар саны | ||||||||
Жалпы | Өзіндік (жаттығу) | Күндіз | Түнде | Күндіз | Түнде | ||||
ҚМЖ | КМЖ | ҚМЖ | КМЖ | ҚМЖ | КМЖ | ҚМЖ | КМЖ | ||
ҚОРЫТЫНДЫ:
Ұшу және теориялық даярлық ___________________________________________
(кандидаттың әскери атағы, тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда)
______________________________________________________ деңгейіне сәйкес келеді
(ұсынылып отырған сыныптық біліктілігі)
Командир: ________________________________________________________________
(бақылау тексеруге ұсынушының лауазымы)
_________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда)
20___жылғы "____"________
М.О.
(екінші парақ)
БАҚЫЛАУ ТЕКСЕРУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
1. Теориялық даярлық
№ | Пән | Баға | Тексерушінің лауазымы, әскери атағы, тегі | Бақылау күні | Тексерушінің қолы |
1. | Авиация түрлерінің тактикасы; | ||||
2. | Практикалық аэродинамика | ||||
3. | Авиациялық техника | ||||
4. | Ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық (Экипаж нұсқаулығы); | ||||
5. | Әуе навигациясы | ||||
6. | Авиациялық метеорология | ||||
7. | Авиациялық жою құралдарын қолдану (мақсаты бойынша қолдану) | ||||
8. | Ұшуда байланыс құралдарын пайдалану және радиотехникалық қамтамасыз ету тәртібі |
2. Ұшу дайындығы:
1) ұшуда басқару (әуе навигациясы) техникасы:__________________________________
(Курс жаттығуының нөмірі мен атауы)
2) жауынгерлік қолдану:_____________________________________________________
(Курс жаттығуының нөмірі мен атауы)
Тексеріс түрі | күні | ӘК түрі | Тәулік уақыты | метеожағдай | Қондыру жүйесінің типі | Жалпы баға |
Ұшуда басқару техникасы (әуе навигациясы) | ||||||
Мақсаты бойынша жауынгерлік қолдану |
__________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда)
3. Қорытынды:
Бақылап тексерудің нәтижелері бойынша ұшу және теориялық даярлық деңгейі қойылған талаптарға сәйкес келеді (кандидаттың әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), __________________ сыныптық біліктілігін беруге лайықты
(сыныптық біліктілігі)
Біліктілік комиссиясының төрағасы__________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20___жылы "____"____________
М.О.
Ұлттық ұлан авиациясының ұшқыштарына (штурмандарына) сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы АКТІ
Комиссия құрамы: комиссия төрағасы (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), комиссия төрағасының орынбасары (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және комиссия мүшелері (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау,сақтау, төмендету және алып тастау құжаттарын және 20 _____ жылғы _______________ - _____________ аралығында өткен ұшқыштарды (штурмандарды) кәсіби даярлаудың нәтижелерін қарап, мынадай шешім шығарды:
р/с № | Лауазымы | Ә/ атағы | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бұрын берілген сныптық біліктілігі (кім берді, бұйрықтың № және күні) | Жалпы ұшып өтуі / ағымдағы жылдағы ұшып өтуі | Дене шынықтыру даярлығын бағалау | Теориялық білімін жалпы бағалау | Ұшуда басқару техникасын (әуе навигациясын) бағалау | Жауынгерлік қолданудың бағасы | Қолданыстағы жазасының бар-жоғы | Біліктілік комиссиясының шешімі |
1. | |||||||||||
2. |
Комиссияның төрағасы
__________________________________________________________
Төрағаның орынбасары
__________________________________________________________
Комиссия мүшелері
_____________________________________________________________
Комиссия хатшысы
_____________________________________________________________
20___ жылғы "____" __________