"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 мамырда № 18710 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 30 қазандағы № 272 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 30.10.2019 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері" атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14451 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 желтоқсанда Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрыққа 6 қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Ұлттық бюро):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) қолданысқа енгізілген екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар қарастылыған шаралардың орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаментіне олардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюро Басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Төрағасы
А. Шпекбаев

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2019 жылғы 15 мамырдағы
№ 100 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 17 бұйрығына 6-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден (бұдан әрі - тестілеу) өткізу қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерін, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндерін айқындайды.

      2. Қызметкерлердің аттестаттау кезінде дене шынықтыру және жауынгерлік дайындық бойынша нормативтерді тапсыруы олардың кәсіби жарамдылық деңгейін айқындау үшін жүргізіледі.

      3. Аттестаттау өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкерлер) тестілеу Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін объективті бағалау мақсатында жүргізіледі.

2-тарау. Кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді тапсыру тәртібі

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тапсырылады.

      5. Қызметкерлердің дене шынықтыру және жауынгерлік дайындық бойынша нормативтерді тапсыруы кезінде объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында, кәсіби жарамдылығын айқындау ішкі қауіпсіздік қызметі, кадр қызметі және қару-жарақ сақтау мен беруге жауапты түлғалардың қатысумен тапсырылады. Нормативтер нәтижесі ведомоске енгізіледі және қатысушы тұлғалардың қолымен куәландырылады.

      6. Екі және одан көп дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтерден қанағаттанарлықсыз баға алған қызметкерлер кәсіби жарамдылықты айқындау жөніндегі нормативтерді тапсырмаған болып есептеледі.

      7. Кәсіби жарамдылық нормативтерін тапсырмаған қызметкерлер тестілеу тапсыруға жіберілмейді және алғашқы аттестаттау өткен күннен бастап, үш айлық мерзімде және алты айдан кешіктірілмей қайта аттестаталуға тиіс.

3-тарау. Тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ лауазым санаттарына арналған шекті мәндер

      8. Тестілеуді ұйымдастыруды кадр қызметтері жүзеге асырады.

      9. Тестілеудi өткiзу объективтілігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің және тестілер мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етiледi.

      10. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде, деректер базасын жаңартуды "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.

      Орталықтың жұмыскері тестілеу операторы (бұдан әрі - оператор) болып табылады.

      11. Тестілеу Орталықтың және оның аумақтық бөлімшелерінің тестілеу залдарында жүргізіледі.

      12. Тестілеуде логикалық тестілеу және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу қамтылады.

      13. Тестілеу қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

      14. Кадр қызметінің қызметкері тестілеуге жіберілетін қызметкерлердің тізімін дайындайды және оны Орталыққа жолдайды.

      Тізімде қызметкерлер туралы келесі мәліметтер қамтылады: тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы, санаты көрсетіле отырып, жеке сәйкестендіру нөмірі, атқаратын лауазымының санатына сәйкес тестілеу бағдарламасының нөмірі.

      15. Кадр бөлімшесінің қызметкері тестілеу басталатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде телефонға электрондық мекенжайға және ұялы телефонға ақпарат жіберу арқылы тестілеуден өтуге тиіс қызметкерлерді тестілеудің өтілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді.

      16. Тестілеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерін компьютерлік тестілеу бағдарламасына сәйкес өткізіледі.

      17. Тестілеуге өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты бар қызметкерлер жіберіледі.

      18. Тестілеу басталғанға дейін Орталық операторы нұсқама өткізеді.

      19. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген қызметкерлер ол туралы кадр қызметкеріне тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды және сол күні бекітілген медициналық мекемеден анықтама ұсынады. Бұл жағдайда, осындай тұлғаларды тестілеу осы күні басқа жұмыс уақытында не тестілеу кестесіне сәйкес анықталатын басқа жұмыс күні өткізіледі.

      20.Тестілеу уақытында аттесталатын қызметкерлерге басқа қызметкерлермен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық тасығыштардағы ақпараттарды қолдануға жол берілмейді

      21. Қызметкер осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, тестілеу процесі тоқтатылады және соңғысы тестілеуге арналған үй-жайдан шығарылады.

      Бұл ретте, тестілеу операторы және бұзушылыққа жол берген қызметкер қол қоятын ерікті нысандағы акті жасалады.

      Бұзушылыққа жол берген қызметкер актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актіге тиісінше жазба толтырылып, тестілеу операторы куәландырады.

      Осы Қағидалардың 20-тармағының талаптарын бұзған қызметкерлердің тестілеу нәтижелері жойылады.

      22. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері үшін төменде көрсетілген санаттарға арналған шекті мәндер:

      1) жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің В-РК-2, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РКО-1, В-РКО-2, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5 санаттары үшін – барлық нормативтік құқықтық актілер (85 сұрақ) бойынша кемінде 60 дұрыс жауап;

      2) жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттары үшін – барлық нормативтік құқықтық актілер (75 сұрақ) бойынша кемінде 53 дұрыс жауап;

      3) ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің В-РК-2, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5 санаттары үшін – барлық нормативтік құқықтық актілер (80 сұрақ) бойынша кемінде 56 дұрыс жауап;

      4) ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттары үшін – барлық нормативтік құқықтық актілер (70 сұрақ) бойынша кемінде 49 дұрыс жауап.

      23. Егер, тестіленуші Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу тапсырмаларынан шекті мәндер жинай алмаса, тестілеуден өтпеген болып саналады.

      24. Логикалық пайымдауға арналған тест бойынша шекті мәндер белгіленбейді.

      25. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу нәтижелерінің бір данасы қызметкерге беріледі, екінші данасы қызметкердің аттестаттау материалдарына тігіледі.

      26. Тестілеу нәтижелері бойынша нақтыланған есеп тестілеу жүйесінің деректер базасында сақталады.

      27. Тестілеу өткізу кезінде шекті мәндерден төмен баға алған қызметкерлер әңгімелесуге жіберілмейді және аттестаттау комиссиясының шешімімен қайтадан тестілеуден өтеді.

      28. Тестілеу аяқталған соң Орталық операторы аттестатталушы тұлғаны тестілеу қорытындысымен қол қойдыра отырып таныстырады және оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр бөлімшесіне жолдайды.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерлерінің
аттестаттаудан өту кезінде
компьютерлік тестілеуден өту
қағидалары мен шарттары,
кәсіби жарамдылығын айқындау
жөніндегі нормативтер,
сондай-ақ лауазымдарының
санаттарына арналған шекті
мәндерге 1-қосымша

Аттестатталуға тиіс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтері

      Ерлер үшін

Жаттығу атауы

Бағасы

Жас топтары

21-27

28-34

35-39

40-44

45-49

50 және одан жоғары

Жүгіру 100 м (с)

өте жақсы

13

14

15

16

17

18

жақсы

14

15

16

17

18

19

қанағаттанарлық

15

16

17

18

19

21

қанағаттанарлықсыз

16-дан жоғары

17-ден жоғары

18-ден жоғары

19-дан жоғары

20-дан жоғары

22-ден жоғары

Жүгіру 60 м (с)

өте жақсы

7,8

8,4

9

9,6

10,2

10,8

жақсы

8,4

9

9,6

10,2

10,8

11,4

қанағаттанарлық

9

9,6

10,2

10,8

11,4

12,6

қанағаттанарлықсыз

9,6-дан жоғары

10,2-ден жоғары

10,8-ден жоғары

11,4-тен жоғары

12,0-ден жоғары

13,2-ден жоғары

Жатқан қалыпта қолды созу және бүгу (рет саны)

өте жақсы

35

33

30

27

25

20

жақсы

33

30

27

25

22

18

қанағаттанарлық

30

27

25

22

20

15

қанағаттанарлықсыз

30-ға дейін

27-ге дейін

25-ке дейін

22-ге дейін

20-ға дейін

15-ке дейін

Тартылу (рет саны)

өте жақсы

15

13

11

9

7

5

жақсы

13

11

9

7

5

4

қанағаттанарлық

11

9

7

5

4

3

қанағаттанарлықсыз

11-ге дейін

9-ға дейін

7-ге дейін

5-ке дейін

4-ке дейін

3-ке дейін

      Әйелдер үшін

Жаттығу атауы

Бағасы

Жас топтары

21-26

27-30

31-35

36-45

45 және одан жоға

Жүгіру 100 м (с)

өте жақсы

20

23,5

26,5

30

36,5

жақсы

21,5

25

28,3

31,5

40

қанағаттанарлық

23,5

26,5

30

33,5

43,5

қанағаттанарлықсыз

24,1-ден жоғары

27,1-ден жоғары

30,6-дан жоғары

34,1-ден жоғары

44,1-ден жоғары

Жүгіру 60 м (с)

өте жақсы

12

14

16

18

22

жақсы

13

15

17

19

24

қанағаттанарлық

14

16

18

20

26

қанағаттанарлықсыз

15-тен жоғары

17-ден жоғары

19-дан жоғары

21-ден жоғары

27-ден жоғары

Арқасымен жатып кеудесін көтеру (рет саны)

өте жақсы

30

28

25

22

20

жақсы

28

25

22

20

18

қанағаттанарлық

25

22

20

18

16

қанағаттанарлықсыз

25-ке дейін

22-ге дейін

20-ға дейін

18-ге дейін

16-ға дейін

      Ескертпе: аттестаттауды қыс мезгілінде өткізу кезінде жабық спорт немесе басқа да объектілер болмаған жағдайда, 100 метрге жүгіру нормативінің орнына 60 метрге жүгіруге рұқсат етіледі.

Дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттығуларды орындау шарттары

      1. 60, 100 м. жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде жүргізіледі.

      2. Ерлер үшін – қолды созу және бүгу жатқан қалпында орындалады - денені тік ұстап, қолдарын кеудесі жерге тигенше бүгу.

      Әйелдер үшін аталған жаттығуды тізеден орындауға болады.

      3. Ерлер үшін – биік аспадан тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпын жоғарыда ұстап, еденге (жерге) аяғын тигізбей орындалады. Иегі аспадан асқан жағдайда, жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылғанда тартылып тұрған орнынан 5 секундтан артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді.

      4. Әйелдер үшін - кеудені көтеру шалқасынан жатып орындалады, аяғы тізеде 90 градус бұрышта бүгіліп, қолдың басы иыққа қойылады, табанын әріптесі ұстайды.

      Ескертпе: жаттығуларды дұрыс орындамаған жағдайда, үш реттен артық емес "санамау" деген бұйрық беріледі, содан кейін тестіленуші жаттығуды орындаудан алынып тасталынады.

      Ату (ерлер):

      Нысана: атушының көз тұсы биіктігінде 75х75 қалқанда орнатылған (50х50) шеңберлі нысана.

      Нысанаға дейінгі ұзақтық: 25 м

      Оқ-дәрі саны: 6 (3 атып көруге, 3 сынақтық)

      Ату жағдайы: тік тұрып қолмен ұстап ату (екі қолмен де рұқсат етіледі)

      Атуға берілетін уақыт: шектелмеген

      Бағалау көрсеткіштері: 20 және одан жоғары – "өте жақсы", 15-19 – "жақсы", 10-14 – "қанағаттанарлық", 0-9 қанағаттанарлықсыз.

      Атудың ең үздік көрсеткіштері бойынша баға қойылады (атып көру немесе сынақтық).

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерлерінің
аттестаттаудан өту кезінде
компьютерлік тестілеуден өту
қағидалары мен шарттары,
кәсіби жарамдылығын айқындау
жөніндегі нормативтер,
сондай-ақ лауазымдарының
санаттарына арналған шекті
мәндерге 2-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерін компьютерлік тестілеу бағдарламасы

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Сұрақтар саны

Жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің В-РК-2, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РКО-1, В-РКО-2, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5 санаттары үшін №1 бағдарлама

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 желтоқсанда № 10027 болып тіркелді)

5

9 нормативтік құқықтық акті бойынша 85 минутқа барлығы 85 сұрақ

Логикалық тест (10 сұрақ) ұзақтығы 10 минут

Жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттары үшін №2 бағдарлама

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

5

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы.

5

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 желтоқсанда № 10027 болып тіркелді)

5

9 нормативтік құқықтық акті бойынша 75 минутқа барлығы 75 сұрақ

Логикалық тест (10 сұрақ) ұзақтығы 10 минут

Ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің В-РК-2, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5 санаттары үшін №3 бағдарлама

Қазақстан Республикасының Конституциясы

15

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы.

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

6 нормативтік құқықтық акті бойынша 80 минутқа барлығы 80 сұрақ

Логикалық тест (10 сұрақ) ұзақтығы 10 минут

Ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттары үшін № 4 бағдарлама

Қазақстан Республикасының Конституциясы

15

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары).

15

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

5 нормативтік құқықтық акті бойынша 70 минутқа барлығы 70 сұрақ

Логикалық тест (10 сұрақ) ұзақтығы 10 минут


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады