"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың, Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18758 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың, Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 18 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік шартының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы " __"
№ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 6 науырыздағы
№ 18 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

      № _____ кепілдік шарты

__________ қаласы

20___ жылғы "____" __________

      Бұдан әрі "Кепілгер" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"

      акционерлік қоғамы атынан ________________________ негізінде әрекет ететін

      ______________________, бір тараптан,

      бұдан әрі "банк" деп аталатын "_____________________" акционерлік қоғамы атынан

      ____________________ негізінде әрекет ететін _____________, екінші тараптан және

      бұдан әрі "Кәсіпкер" деп аталатын ________________________________

      ____________________________________________

      (Кәсіпкердің толық атауы) атынан _________________________________________

      негізінде әрекет ететін ______________________________________________,

      үшінші тараптан

      бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке жоғарыда көрсетілгендей немесе "Тарап" деп аталатындар:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі - Тетік) сәйкес осы үлгілік Кепілдік шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Бағдарламада, Кепілдік беру қағидаларында және Тетікте айқындалған.

2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарт талаптарында Кепілгер банк алдында Қарыз алушының есептелген сыйақының, комиссияның, тұрақсыздық айыбының, өсімпұлдың, айыппұл санкцияларының, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасыларын, Қарыз алушының банк пен Қарыз алушының арасында жасалған кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған банктің басқа да шығындарының сомасын есепке алмай, негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша міндеттемелерді орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді:

      1) кредит шартының атауы мен нөмірі: __________________________;

      2) кредит шартын жасау күні: __________________________________;

      3) кредит сомасы: ____________________________________________;

      4) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі:

      ____________________________________________________________;

      5) кредит мерзімі: ____________________________________________;

      Кредитті мақсатты пайдалану: __________________________________

      ____________________________________________________________.

      Осы тармақтағы мәліметтер кредит шартының талаптарына сәйкес көрсетіледі.

      3. Кепілгердің осы Шарт бойынша банк алдындағы жауапкершілігі ____________

      (_____________________) теңге ______ тиын мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектелген, бұл негізгі борыш сомасынан _______ % құрайды.

      4. Кепілгердің Кепілдік бойынша міндеттемесінің мөлшері Кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.

      5. Кредит желісінің жаңартылмайтын лимиті бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілдік сомасы кепілдік сомасының негізгі борыш сомасына пайыздық мәндегі қатынасы ретінде қатысу мөлшеріне көбейтілген негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады. Кредит желісінің жаңартылатын лимиті бойынша кепілдік сомасы кредит шартында көрсетілген қолжетімділік кезеңі өткеннен кейін жасалған негізгі борышты өтеу сомасына пропорционалды азайтылады.

      6. Кепілдік Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда ғана орындалуы тиіс. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартпен белгіленеді.

      7. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы банкке Кепілгерге Қарыз алушыға, кредит шартына және оның орындалуына қатысты ақпаратты, оның ішінде кредит шарты бойынша өтелген сомалар туралы, кредит шарты бойынша қарыз берешегінің қалдығы туралы мәліметті ұсыну құқығын береді. Сондай-ақ Қарыз алушы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңнамасына сәйкес өзі туралы дербес деректерді жинауға және өңдеуге кері қайтарып алусыз және шартсыз келісімін береді.

      8. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгердің Кепілгер акционеріне және мемлекеттік органдарға мына мәліметтерді ұсынуына келісім береді: Қарыз алушының атауы, Қарыз алушының Бағдарламаға қатысуы, Қарыз алушы жобасының атауы, Қарыз алушы жобасын іске асыру өңірі мен саласы, кредит сомасы мен мерзімі, кепілдік сомасы, кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кепілдік бойынша комиссия мөлшері. Сондай-ақ Қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта аталған мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің интернет – ресурсында жариялауға құқық береді.

      9. Қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету ретінде мүлік, құқықтар, кепілдік, тапсырмалар және кредит шартында Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде көрсетілмеген және (немесе) кредит шартына және (немесе) Кепіл шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген басқа да нысандар қолданылмайды.

      Осы талапты орындамау кепілдікті тоқтатуға алып келеді, ал кепілдікті Кепілгер толығымен немесе ішінара орындаған жағдайларда – банктің Кепілгерге кепілдік бойынша алынған барлық соманы Кепілгердің жазбаша талабын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтару міндеттемесі.

      10. Кредит шартында Қарыз алушының міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету ретінде қолданылатын мүлік Кепілгердің алдын ала жазбаша келімісіз алынып тасталмайды.

      Осы талапты орындамау кепілдікті тоқтатуға алып келеді, ал кепілдікті Кепілгер толығымен немесе ішінара орындаған жағдайларда – банктің Кепілгерге кепілдік бойынша алынған барлық соманы Кепілгердің жазбаша талабын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтару міндеттемесі.

      11. Кредит шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданған мүлік Кепілдік шарты қолданылатын мерзім ішінде Қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың басқа міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету ретінде қолданылмайды (Кепілгермен жазбаша келісілген жағдайларды қоспағанда).

      12. Кепілдіктің жарамдылығының міндетті шарты Кепілгердің мынадай талаптарды орындауы болып табылады:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) __________________________________________________________.

      Осы тармақшаға мәліметтер Кепілгердің уәкілетті органының талаптарына сәйкес толықтырылады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      13. Кепілгер банк талабын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Шарт талаптарымен банкке кепілдік бойынша төлемдерді төлеуге міндетті.

      14. Кепілгер:

      1) банк пен Қарыз алушыдан осы Шартта белгіленген міндеттемелерді орындауын талап етуге;

      2) банктен Қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануын бақылауды және банк пен Қарыз алушының осы Шартты және (немесе) кредит шартын орындауына мониторинг жүргізуін жүзеге асыру үшін қажетті толық әрі дұрыс ақпаратты, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де қажетті ақпаратты, оның ішінде Кепілгер өкілдерінің банктік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау бойынша талаптарын сақтай отырып, банкке баруы арқылы алуға;

      3) жобаны іске асыру барысын тексеру мақсатында кредит шарты бойынша қаржыландырылған Қарыз алушының жобасын іске асыру орнына баруға;

      4) егер:

      Кепілгерге осы Шарт талаптарына сәйкес ұсынылған кепілдік сомасы аясында кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау туралы талапты (бұдан әрі – талап) банк дұрыс қоймаса, банк қойылған талаптағы құқық бұзушылықтарды анықтағанға дейін;

      Кепілгер осы Шарт аясында жүргізетін мониторинг барысында осы Шарттың 5-бөлімінде көрсетілген осы Шарт талаптарын бұзу банкке жазбаша дәлелді бас тарту жіберу арқылы анықталған болса мұндай талапты орындаудан бас тартуға;

      5) банк талаптарына қарсы Қарыз алушы борышын мойындаған және (немесе) Қарыз алушы банкке өз қарсылығын білдіруден бас тартқан жағдайда Қарыз алушы ұсынуы мүмкін талаптарды қоюға;

      6) Қарыз алушы мен банктен Кепілгердің сұрау салуы алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындауы, оның ішінде жасалған кредит шарты талаптарының бұзылғандығы туралы ақпаратты ұсынуын талап етуге;

      7) банктен банктің Қарыз алушыға талап қою құқығын куәландыратын құжаттар мен ақпараттарды ұсынуын және Кепілгерге осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруін талап етуге (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда);

      8) Қарыз алушыдан Кепілгерге кепілдік бойынша төленген соманы толық көлемде өтеуін және Қарыз алушы үшін жауапкершілігіне байланысты келтірілген өзге де шығындарды өтеуін талап етуге (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда);

      9) Қарыз алушының кез келген шоттарынан осы Шарт бойынша туындайтын берешек сомасын Қазақстан Республикасының банк және азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен акцептсіз тәртіппен өндіріп алуға (шегеруге) не Қарыз алушының банкте ашылған банктік шоттарынан ақшаны банктік шоттарды тікелей дебеттеу арқылы шегеруге құқылы. Қарыз алушының банктік шоттарын тікелей дебеттеу үшін осы Шарт көшірмесі және Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады. Бұл Қарыз алушының банкте ашылған шоттарын тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыруға келісімі болып табылады;

      10) осы Шарт талаптарын тиісінше және (немесе) уақтылы орындамау фактілерін анықтаған кезде Кепілдік сомасын және (немесе) мерзімін азайту;

      15. Қарыз алушы:

      1) банкке растайтын құжаттарды ұсына отырып, кредитті кредит шартында белгіленген мақсатына сәйкес пайдаланылуына;

      2) банктің және (немесе) Кепілгердің бірінші талабы бойынша оның өкілдеріне кредиттің мақсатына сәйкес пайдаланылуына, оның қамтамасыз етілуіне және Қарыз алушының қаржылық – шаруашылық қызметіне оның өндірістік (сауда) объектілерін тікелей қарап шығу және (немесе) банкке және (немесе) Кепілгерге қажетті талаптармен (мерзім, көлем) қаржылық-шаруашылық қызмет туралы құжаттар мен ақпараттарды ұсыну арқылы тексеру жүргізу мүмкіндігін беруге;

      3) кредит шартының талаптарын бұзған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Кепілгерге кредит шартын барлық бұзулар туралы, оның ішінде кредитті пайдаланғаны үшін негізгі борыштың және (немесе) сыйақының сомасын төлеу (қайтару) мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ Қарыз алушының кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы жазбаша хабарлауға;

      4) банк кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап қойған жағдайда, өз міндеттемелерін тиісінше орындау үшін орын алып отырған жағдайда барлық ақылға қонымды және қолжетімді шараларды қабылдауға;

      5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда Кепілгерге Кепілгер кепілдік бойынша жасаған төлемдердің сомасын толық көлемде өтеуге және (Кепілгердің тиісті талабы болған кезде) Кепілгер банкке кепілдік бойынша соманы аударған күннен бастап, Қарыз алушы кредит шартында көрсетілген мөлшерлеме бойынша банкке кепілдік бойынша төлеген сомадағы ақшаны Кепілгерге нақты қайтарған күнге дейін Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегінің сомасына есептелген сыйақыны төлеуге, сондай-ақ Қарыз алушы үшін жауапкершілікке байланысты Кепілгерге келтірілген өзге де шығындарды Кепілгер талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде өтеуге міндетті. Кепілгердің осы Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аудару күні Қарыз алушының Кепілгерге ақшаны нақты қайтару күні болып саналады;

      6) Кепілгерден кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау, оның ішінде жасалған кредит шартының талаптарын бұзуға жол беру туралы жазбаша сұрау салуын алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Кепілгерге сұрау салуда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;

      7) банктік деректемелері және (немесе) орналасқан орны өзгерген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде банк пен Кепілгерге жазбаша хабарлауға;

      8) Кепілгердің шешімі бойынша кредит шарты бойынша сатып алынатын жылжымалы мүлікті сақтандыруды жүзеге асыруға;

      9) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгер алдында өзінің барлық мүлкімен жауап беруге;

      10) Кепілгердің келесі талаптарын орындауға міндетті:

      __________________________________________________________;

      __________________________________________________________;

      __________________________________________________________.

      Осы тармақшаға мәліметтер Кепілгердің уәкілетті органының талаптарына сәйкес әр жоба үшін жеке толықтырылады.

      16. Қарыз алушы Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсаттары үшін Кепілгерге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мына:

      1) қаржы агенттігінің Қарыз алушы кірісінің өсу серпінін айқындауы үшін кірістер;

      2) қаржы агенттігінің Қарыз алушының жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлер саны;

      3) қаржы агенттігінің Қарыз алышуның бюджетке салық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындауы үшін салық төлемдері сомасы туралы мәліметтерді Кепілгерге ұсынуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.

      17. Банк:

      1) кредит шартының талаптары өзгерген кезде (Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де жағымсыз салдарға алып келмейтін) ол туралы тез арада, бірақ кез келген жағдайда кредит шартына өзгерістер енгізген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде Кепілгерді хабардар етуге міндетті.

      Кредит шартына Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де жағымсыз салдарға алып келетін өзгерістер енгізген кезде банк Кепілгерден осы өзгерістерді енгізуге алдын ала жазбаша келісім алуға міндетті.

      Кредит шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың осы тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген өзгерістерді енгізген жағдайда кепілдік тоқтатылады;

      2) Кепілгерден кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау, оның ішінде жасалған кредит шартының талаптарын бұзу туралы ақпаратты ұсыну туралы жазбаша сұрау салу алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Кепілгерге сұрау салуда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;

      3) 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерді Қарыз алушының кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындауы туралы жазбаша ақпараттандыруға (соның ішінде міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындаған жағдайда да);

      4) осы Шартта белгіленген жағдайларда осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде Кепілгерге ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;

      5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемені орындаған жағдайда банк Кепілгерден алған барлық сома кредит шарты бойынша негізгі борышты өтеу үшін 10 жұмыс күні ішінде жіберіледі;

      6) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда, осы Шарттың 32-тармағын орындағаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Кепілгерге банктің Қарыз алушыға талап қою құқығын куәландыратын құжаттар мен ақпаратты беруге және Кепілгерге осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруге міндетті. Банк құжаттары Кепілгерге түпнұсқамен, оны жасау мүмкін болмаған жағдайда – нотариаттық куәландырылған көшірмелер түрінде беріледі. Құжаттарды банктен Кепілгерге беру құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін жасала отырып жүзеге асырылады;

      7) Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борышты төлеу міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде мониторинг жүргізу үшін Қарыз алушының кредиттік құжаттамаларына қол жеткізу құқығын беруге;

      8) Кепілгерге Кепілгер кепілдікті орындау нәтижесінде алған құқықтарды жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге;

      9) осы Шартта бекітілген басқа да міндеттемелерді тиісінше орындауға міндетті.

      18. Банк:

      1) Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борышты төлеу міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде талап қоюға;

      2) Кепілгер мен Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелерді орындауын талап етуге;

      3) Кепілгер шешімі бойынша кепілдікті тоқтатқан/кепілдіктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда банк қолданыстағы кредит бойынша Қарыз алушыға осы Шартты жасағанға дейін қаржыландырудың осыған дейін қолданылған талаптарын (соның ішінде сыйақы мөлшерлемесі, комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге де төлемдер мен талаптар)/жаңа кредит берген жағдайда – банк қалауы бойынша қаржыландырудың стандартты талаптарын белгілеуге құқылы.

      19. Осы Шартты орындау кезінде банк Кепілгер алдындағы өз міндеттемелерін Кепілгер банкке Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы/тұрақтандыру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде орналастырған қаражаты есебінен азайтуға құқығы жоқ.

4. Кепілдікті орындау тәртібі

      20. Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыштың сомасын өтеу міндеттемесін ұдайы орындамаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде банк ол туралы Кепілгерге жазбаша хабарлайды, оған Қарыз алушының банк алдында берешегінің бар екендігі туралы анықтама мен банктің Қарыз алушыға мерзімі ұзартылған берешектің өтелгені туралы жіберген жазбаша талаптың көшірмесін қоса бере отырып Кепілдік мөлшері есептелетін негізгі борыш бойынша Кепілгердің берешек мөлшерін бекітуі үшін Кепілдік қалдығының мөлшері көрсетіледі.

      21. Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен бастап 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде банк Қарыз алушыдан және қамтамасыз етуді берген адамдардан мерзімі өткен берешекті алу мақсатында өндіріп алуды қамтамасыз етуге айналдыру, Қарыз алушының шоттарына төлем талап-тапсырмаларын қою кепілдігін қоспағанда, банк кепілдігі, үшінші тұлғалардың кепілдіктері/кепілгерліктері бойынша талаптар қою арқылы шаралар қабылдайды.

      22. Кепілгерге талап қойғанға дейін банктің Қарыз алушының берешегін өндіріп алу бойынша қабылдаған шараларының нәтижесінде алынған сомалар банктің ішкі құжаттарында бекітілген кезектілікке және кредит шарты мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық және банк заңнамасы талаптарына сәйкес Қарыз алушының берешектерін өтеуге жіберіледі.

      23. Егер Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу міндеттемелерін орындамаған/тиісті түрде орындамаған жағдайда, Кепілгер осы Шарт талаптарының сақталу тұрғысына мониторинг жүргізеді.

      24. Егер Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған күннен бастап 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу міндеттемелерін орындамаған/тиісті түрде орындамаған жағдайда, банк Кепілгерге талап қоюға құқылы.

      25.Талапта мыналар көрсетіледі:

      1) Кепілдік шартының деректемелері;

      2) кредит шартының деректемелері;

      3) Қарыз алушының атауы;

      4) кепілдік бойынша Кепілерге төленетін соманың есептемесі;

      5) ақша аударылуға тиіс банк шотының деректемелері.

      26. Талапқа мыналар қоса беріледі:

      1) Шарттың 20-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама жіберу күніндегі және Кепілгерге кепілдік ұсыну күніндегі кредит шарты аясында Қарыз алушы жобасы бойынша кепіл мүлкінің тізбесі көрсетілген, Қарыз алушының банк алдында берешегінің болуы туралы анықтама;

      2) кредит берілген күннен бастап Кепілгерге талап қойылған күнге дейінгі кезең үшін Қарыз алушының банктік шотынан үзінді көшірме;

      3) Қарыз алушының кредит қаражатын алғандығын растайтын құжат көшірмесі;

      4) Қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерін бұзғаны туралы Қарыз алушыға жіберілген банк талабының (наразылығының) көшірмесі;

      5) Қарыз алушының банк талабына (наразылығына) жауабының көшірмесі (болған жағдайда);

      6) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банк қабылдаған кредит шарты бойынша берешекті өндіріп алу шаралары мен қабылданған шаралар нәтижесінде түскен сомалар туралы ақпарат (болған жағдайда);

      7) соттың берешекті өндіріп алу туралы шешімінің көшірмесі (болған жағдайда);

      8) атқарушы парақтардың көшірмелері (болған жағдайда);

      9) кредит шартына қосымша келісімдердің көшірмелері (болған жағдайда);

      10) Қарыз алушының банк алдындағы берешегін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері және берешекті өтеу бойынша банк қабылдаған шаралар (болған жағдайда).

      27. Талапта көрсетілген сома осы Шарт талаптарына сәйкес келеді, бірақ кез келген жағдайда осы Шарттың 3-тармағында бекітілген кепілдіктің шекті сомасынан аса алмайды.

      28. Банк талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжайға тапсырыс хатпен жібереді немесе қолма-қол табыстайды.

      29. Талапты Кепілгерге Нұр-Сұлтан уақыты бойынша ағымдағы жұмыс күні сағат 16.00-ге дейін ұсынуға болады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.00-ден кейін ұсынылған талап келесі жұмыс күні ұсынылған деп саналады.

      30. Банктен талап алған соң, бірақ ол қанағаттандырылғанға дейін кез келген жағдайда Кепілгер Қарыз алушыға жазбаша нысанда осы Шартта көрсетілген мекенжайына тапсырыс хат жіберу арқылы немесе Қарыз алушының қолын қойғыза отырып, қолма-қол табыстау арқылы Қарыз алушыға банктің талап қойғандығы туралы хабарлайды. Хабарлама тапсырыс хатпен жіберілген кезде хабарлама пошта мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (үшінші) күні алынды деп саналады.

      31. Кепілгер банк талаптарын және осы Шартта көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ талапқа және ұсынылған құжаттарға қарсылық болмаған кезде банкке талапта көрсетілген сома мөлшерінде төлем жасайды не барлық қарсылықтарды көрсете отырып, банкке хат жібереді.

      32. Банк кепілді қамтамасыз етуді іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Банк Қарыз алушының берешегін өндіру бойынша, оның ішінде қамтамасыз етуді өткізу арқылы шаралар қабылдауы нәтижесінде алынған банктің алған барлық сомасы Кепілгер мен банк арасында мынадай реттілікпен бөлінеді:

      1) кредит шарты бойынша банк алдындағы сыйақыны өтеу;

      2) Қарыз алушының банк алдындағы негізгі борышының қалдық сомасын өтеу;

      3) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешекті өтеуі;

      4) Қарыз алушының кредит шарты бойынша банк алдындағы тұрақсыздық айыбын және өзге де берешектерін өтеуі.

      Бұл ретте ақша оны банк алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бөліп беріледі.

      33. Осы Шарттың 32-тармағын орындағаннан кейін Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі өтелмеген/толық көлемде өтелмеген жағдайда, банк кепілдік бойынша міндеттемесін орындаған Кепілгерге банк сатпаған барлық мүліктерді, сондай-ақ Қарыз алушының міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретіндегі кредит шартында көрсетілген барлық кепілдіктер, кепілдіктер беру және өзге де кепіл мүлкі бойынша құқықтарды және Кепілгер орындаған міндеттемелер көлеміндегі қамтамасыз етуді ұсына отырып, шарт бойынша кепіл ұстаушы ретіндегі банкке тиесілі құқықтарды беруге міндеттенеді.

      Осы Шарттың 32-тармағын орындаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде банк Кепілгерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай құжаттарды:

      қосымша келісімі бар кредит шартының түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

      қосымша келісімі бар қамтамасыз етуді ұсыну туралы шарттардың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

      кепіл мүлкінің құқық белгілеу құжаттарын және Кепілгердің талабы бойынша өзге де құжаттарды беруге міндеттенеді.

5. Шарттың жарамдылық мерзімі

      34. Кепілдік _______ жылғы "___" ________ қоса алғандағы мерзімге беріледі.

      35. Кепілдіктің жарамдылығы мына жағдайлардың кез келгені орын алған кезде тоқтатылады:

      1) кепілдікпен қамтамасыз етілген кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын толығымен өтеу;

      2) осы Шартта көрсетілген кепілдік мерзімі аяқталған соң;

      3) егер Кепілгер жаңа борышкер үшін жауап беруге келісім бермеген болса, кепілдікпен қамтамасыз етілген кредит шарты бойынша борышты басқа адамға аудару;

      4) егер кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі келген кезде банк Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған тиісті орындауды қабылдаудан бас тартса;

      5) Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз жауапкершілікті арттыруға алып келетін немесе алып келуі мүмкін болатын кредит шартының кез келген талаптарын өзгерту;

      6) анық емес мәліметтерді (ақпараттарды) және (немесе) құжаттарды ұсыну Қарыз алушының тарапынан алаяқтық әрекеттерінен туындаса және бұл Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайларды қоспағанда, банк Кепілгердің кепілдік беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті анық емес мәліметтерді (ақпараттарды) және (немесе) құжаттарды ұсынған жағдайда;

      7) Қарыз алушы және (немесе) банк осы Шарттың 12-тармағында көзделген міндеттемелер мен талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда;

      8) кредитті мақсатына сай қолданбау деректері анықталған кезде;

      9) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Бағдарламада және (немесе) осы Шартта көзделген өзге де негіздемелер бойынша.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      36. Кепілгер банкке талапта көрсетілген соманы уақтылы төлемеген жағдайда, Кепілгер банкке әр мерзімі ұзартылған күн үшін уақтылы төленбеген сомадан 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      37. Банк Кепілгерге осы Шарт талаптарына сәйкес тиесілі кез келген соманы Кепілгерге уақтылы қайтармаған жағдайда банк Кепілгерге әр мерзімі ұзартылған күн үшін уақтылы қайтарылмаған сомадан 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      38. Банк осы Шарттың 17-тармағының 5) тармақшасында бекітілген міндеттемелерді бұзған жағдайда, банк бұзылған күннен бастап Кепілгерге әр мерзімі ұзартылған күн үшін тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      39. Қарыз алушы осы Шарттың 15-тармағының 3), 5), 6), 7) тармақшаларында және 10) тармағында белгіленген талаптары бұзылған күннен бастап бекітілген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Қарыз алушы Кепілгерге әр мерзімі ұзартылған күн үшін тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бір еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      40. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы Тарап құқықтарын бұзған Тараптың құқығы болып табылады. Тұрақсыздық айыбын төлеу туралы жазбаша талаптың жіберілуі Тараптың тұрақсыздық айыбын төлеуді талап ету құқығын пайдалануы болып саналады. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Шарт талаптарын тиісті түрде орындаудан босатпайды.

      41. Банк кредит шартының тиісті түрде рәсімделуіне, сондай-ақ кредит беру талаптарының Кепілгердің уәкілетті органының шешімінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуіне толық жауапкершілікте болады. Банк тарапынан осы міндеттемелерді бұзған жағдайлар анықталған кезде Кепілгер кепілдіктің күшін жоюды қоса алғанда, жауапкершілік шараларын қолдануға құқылы.

7. Қорытынды ережелер

      42. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда рәсімделуі, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюы және Тараптардың мөрлерінің бедерімен (болған жағдайда) бекітілуге тиіс.

      43. Осы Шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер мен талқылаулар жүргізу арқылы шешетін болады, келіссөздер нәтижесінде Тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, онда мұндай дау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сот тәртібінде қаралатын болады.

      44. Осы Шарт әрқайсысы тең заңдық күшке ие ___ (__________) бірдей данада қазақ және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін ___ (_________) данадан тұрады.

      45. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.

      46. Кредит шартының көшірмесі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      47. Тараптардың келісімі бойынша Кепілгер осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға тек өз қаражаты аясында ғана жауап береді.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері мен қолдары

Қарыз алушы:

Кепілгер:

Банк:

_________________ мөр орны
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
___________ қаласы
____________көшесі
телефон___________
БСН ______________

_________________ мөр орны
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
_________________ қаласы
__________________көшесі
телефон________________
БСН ___________________
ЖСК KZ________________
БСК ___________________
КБЕ ___________________
"___________" АҚ

_________________ мөр орны
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
_______________қаласы
______________көшесі
телефон_____________
БСН _______________
ЖСК KZ____________
БСК _______________
КБЕ________________
"_____________" АҚ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады