Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы көзделген ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары тобының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18765 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерінің 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы көзделген ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары тобының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылы ___ ______
№ ___ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы көзделген ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары тобының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламалары тобы

В001

Педагогика және психология

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

В014

География мұғалімдерін даярлау

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

В020

Арнайы педагогика мамандарын даярлау

В025

Дәстүрлі музыка өнері

В033

Дінтану және теология

В042

Журналистика және репортер ісі

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

В044

Менеджмент және басқару

В045

Аудит және салық салу

В057

Ақпараттық технологиялар

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

В062

Электр техникасы және энергетика

В065

Автокөлік құралдары

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

В075

Кадастр және жерге орналастыру

В077

Өсімдік шаруашылығы

В078

Мал шаруашылығы

В079

Орман шаруашылығы

В080

Балық шаруашылығы

В081

Жерге орналастыру

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

В083

Ветеринария

В084

Мейірбике ісі

В085

Фармация

В086

Жалпы медицина

В087

Стоматология

В089

Медициналық диагностика және емдеу технологиялары

В090

Әлеуметтік жұмыс

В092

Тынығу

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

В095

Көлік қызметтері

В097

Өрт қауіпсіздігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады