"Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 маусымда № 18780 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, 2008 жылғы наурыздағы № 3 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде:

      1, 3 және 6 - тармақтар алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Психиатрия, оның ішінде балалар психиатриясы";

      16.1 - тармақ алып тасталсын;

      25, 37 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы

      37. Акушерия және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы

      48. Жалпы хирургия";

      Мынадай мазмұндағы 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58 және 59-тармақтармен толықтырылсын:

      "49. Нефрология, оның ішінде балалар нефрологиясы

      50. Отбасылық медицина

      51. Терапия

      52. Дене медицинасы және оңалту

      53. Жедел кезек күттірмейтін медициналық көмек

      54. Клиникалық фармакология

      55. Терапиялық стоматология

      56. Хирургиялық стоматология

      57. Ортопедиялық стоматология

      58. Балалар стоматологиясы

      59. Ортодонтия";

      Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Ескертпе: Облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда клиникалық практикамен айналысуға үміткер адамдар үшін".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады