Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың нысандарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 маусымда № 18834 болып тіркелді

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-6-бабының 2-тармағына, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нұсқаманың нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 386 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі

      Осы акті 20___жылы "__" ___________ толтырылды

      ________________________________                         _________________

      (тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда)                         (лауазымы)

      ____________________________________________________________________

                  (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Кеме иесі (кеме жүргізуші)_____________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Кеме атауы (кеме нөмірі) _____________________ Тіркеу №______________

      Қарап-тексеру нәтижесінде анықталды:

      Кеме билеті_____________________________________________________

                                          (бар/жоқ)

      Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік

      ___________________________________________________________

                                    (бар/жоқ)

      Техникалық куәландыру________________________________________

                                    (өтті/өтпеді)

      Шағын көлемді кемедегі жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормалары, жүзу

      ауданы мен шарттары бойынша шектеулер, жолаушылар мен жүктердiң дұрыс

      орналастырылуы

      _____________________________________________________

                              (сақталды/сақталмады)

      Құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдары

      _____________________________________________________

                              (бар/жоқ)

      Борттарда тіркеу нөмірі______________________________________________

                              (бар/жоқ)

      Орналасқан орнына қарамастан, кеме корпусының өткізу ойықтарының

      болмауы, кеменің гермобөлімдерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы

      немесе оларда саңылаудың пайда болуы

      ________________________________________________

                        (болды/болған жоқ)

      Руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы

      немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігін

      қамтамасыз етпеу

      _______________________________________________

                        (болды/болған жоқ)

      Отын ағуының, дірілдің, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің

      зақымдалуының болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, реверс –

      редуктордың сенімді қосылуын (сөндірілуін) қамтамасыз ету, реверс қосылған

      кезде қозғалтқышты (моторды) іске қосу бұғаттауышының жарамдылығы

      _________________________________________________________________

                        (бар/жоқ)

      Кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкес келуі

      ___________________________________________________________________

                  (сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)

      Айырым оттарының болуы, жарамдылығы және сәйкес

      келуі________________________________________________

                  (бар/жоқ, жарамды/жарамсыз)

      Кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда)

      кемені пайдалану_______________________________________________________

                        (сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)

      Руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және

      жарамдылығы____________________________________________________

                        (болды/болған жоқ, жарамды/жарамсыз)

      Орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкес келуі

      ___________________________________________________________

                        (сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)

      Қорытынды

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қарап-тексеру жүргізді

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымның қолы )

      Актімен таныстым, бір данасын алдым:

      ___________________________________________________________________

      (осы актімен танысқан адамның немесе заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), қолы)

      20____жылғы "____" ______________

      Мәлімделген бас тарту уәждері көрсетілген жазба:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 386 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Бұзушылықтарды жою туралы НҰСҚАМА

      № __________                                     20___ жылғы "__" __________

      Осы нұсқама_________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      ____________________________________________________________________

                                    (жұмыс орны)

      кемені қарап-тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша

      ________________________________________________________________

                              (кеменің тіркеу нөмірі)

      _______________________________________________________________берілді

                              (толтыру орны және уақыты)

      Шағын кемені қарап-тексеру нәтижесінде 20__ жылғы "___" ________ Шағын көлемді

      кемені қарап-тексеру актісі жасалды, оның негізінде осы нұсқама

      берілді:________________

Р/с №

Бұзушылықтар

Жою мерзімі

1

2

3






















      Осы нұсқама нұсқамада көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда,

      Сізге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар

      қолданылатын болады.

      Лауазымды тұлға:__________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы және қолы)

      Нұсқамамен таныстым, бір данасын алдым:

      ___________________________________________________________________

      (осы нұсқамамен танысқан адамның немесе заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), қолы)

      20___жылғы "____" ______________

      Мәлімделген бас тарту уәждері көрсетілген жазба:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады