Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 21.02.2024 № 151 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік жағдайларында есептеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12432 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:":
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттарын айқындау жөніндегі нұсқаулық;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы бір ай қызметі бір жарым ай жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын бөліністер мен лауазымдар тізбесінде:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1. Арнайы мақсаттағы бөліністерде:
1) Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай лауазымдардағы қызметі:
бөлім (жасақ) командирі;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары - штаб бастығы;
бөлім (жасақ) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (арнайы даярлық жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (техника және қару-жарақ жөніндегі);
офицер-байланысшы;
офицер (байланысшы);
қару-жарақ және жару ісі жөніндегі офицер;
офицер (қару-жарақ және жару ісі жөніндегі);
жауынгерлік машиналар мен автотехниканы пайдалану жөніндегі офицер;
офицер-барлаушы;
офицер (барлаушы);
офицер-шабуылшы;
офицер (шабуылшы);
офицер-пулеметші;
офицер (пулеметші);
офицер-гранататқыш;
офицер (гранатаатқыш);
офицер-мерген;
офицер (мерген);
офицер-сапер;
офицер (сапер);
қару-жарақ жөніндегі офицер;
старшина;
старшина-аға техник;
фельдшер;
маман (фельдшер);
арнайы мақсаттағы топтың командирі;
арнайы ерекше мақсаттағы топтың командирі;
топ командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;
барлау бөлімінің бастығы;
жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
арнайы ерекше мақсаттағы бөлімнің бастығы;
рота командирі;
рота командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
взвод командирі;
взвод командирінің орынбасары - арнайы даярлық жөніндегі аға нұсқаушы;
арнайы даярлық жөніндегі аға нұсқаушы;
аға нұсқаушы-барлаушы-шабуылшы;
нұсқаушы-барлаушы-шабуылшы;
аға нұсқаушы-шабуылшы;
аға нұсқаушы-барлаушы;
аға нұсқаушы-гранатаатқыш;
нұсқаушы-гранататқыштың көмекшісі;
аға нұсқаушы-мерген;
аға нұсқаушы-жүргізуші;
аға нұсқаушы-броньдытранспортер жүргізушісі;
броньдытранспортер жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы;
жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы;
взвод нұсқаушысы;
іздестіру иттері қызметінің нұсқаушысы;
нұсқаушы-сапер;
нұсқаушы-пулемет дәлдеушісі;
аға техник-жүргізуші-барлау шолғынын қадағалау аспабының операторы;
аға барлаушы;
барлаушы-мерген;
барлаушы-атқыш;
барлаушы-броньдытранспортер пулеметінің дәлдеушісі;
тау даярлығы жөніндегі аға нұсқаушы (жетекші маман);
барлаушы-гранатаатқыш;
барлаушы-оқтаушы;
бөлім (жасақ) командирінің техника, қару-жарақ және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (техника, қару-жарақ және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (техникалық және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (тыл жөніндегі);
топ командирінің орынбасары;
нұсқаушы;
топ командирі;
барлау тобының командирі;
бөлім бастығы;
офицер;
офицер-нұсқаушы;
офицер (нұсқаушы);
офицер-байланыс бастығы;
офицер (байланыс бастығы);
офицер-психолог;
офицер-сүңгуір;
офицер (сүңгуір);
офицер-заңгер;
офицер- броньдытранспортер пулеметінің дәлдеушісі;
офицер (броньдытранспортер пулеметінің дәлдеушісі);
офицер - дәрігер маман;
офицер (дәрігер маман);
офицер (дәрігер);
аға офицер;
бөлімнің аға офицері;
аға барлаушы-шабуылшы;
аға барлаушы-гранатаатқыш;
аға барлаушы-пулеметші;
аға барлаушы-фельдшер;
аға барлаушы-мерген;
аға барлаушы-сапер;
аға барлаушы-байланысшы;
аға барлаушы- сүңгуір;
аға техник-жүргізуші;
қайта қаруландыру және жару ісі жөніндегі офицер;
жауынгерлік машиналарды және автомобиль техникасын пайдалану жөніндегі офицер;
шабуыл бөлімінің бастығы;
аға нұсқаушы-аға мерген;
нұсқаушы-жүргізуші;
нұсқаушы-броньдытранспортер жүргізушісі;
аға техник-жүргізуші-химик-дозиметрист;
аға техник-жүргізуші-байланысшы;
аға нұсқаушы-барлаушы-пулемет дәлдеушісі;
орталық бастығының орынбасары;
орталық бастығы;
бөлім бастығы – орталық бастығы;
орталықтың бөлім бастығы;
орталық бастығының техника, қару-жарақ және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-аға офицер;
штаб бастығының орынбасары-барлау бастығы;
қызмет бастығы (қаржы, заң, кадр, тыл және техникалық қызметтерді қоспағанда);
медициналық пункттің бастығы;
байланыс бастығы;
топ бастығы;
бөлім бастығы (машина командирі);
офицер (топ бастығы);
офицер (жауынгерлік жүзгіш);
офицер (кинолог);
бөлімше командирі;
аға маман (аға нұсқаушы);
маман (техник);
аға маман (нұсқаушы);
аға маман (аға барлаушы);
аға маман (аға жүргізуші);
маман (санитарлық нұсқаушы);
бөлімше бастығы (топ бастығы);
топ командирі – барлау бастығы;
оқу ротасының командирі;
оқу взводының командирі;
барлау бастығы;
оқу ротасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
оқу ротасы командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
штаб бастығының орынбасары;
бөлімше бастығы;
бөлімше офицері;
взвод командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
топ бастығының орынбасары;
жүргізу жөніндегі нұсқаушы;
жүргізу жөніндегі нұсқаушы - жүргізуші;
аға маман (қойма бастығы);
аға маман (аға техник);
аға маман (аға сүңгуір);
аға маман (аға парашютшы);
аға маман (аға парашют жинаушы);
аға маман (аға санитарлық нұсқаушы);
маман (сүңгуір);
маман (барлаушы);
маман (парашютші);
маман (парашют жинаушы);
аға нұсқаушы;
аға нұсқаушы – броньдытранспортер пулеметінің дәлдеушісі;
батальон сержанты-жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
жасақ сержанты;
рота, батарея сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
орталық сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
топ сержанты - жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
байланыс торабының сержанты;
топ (парашюттік даярлық орталығы) бастығы;
бөлімше бастығы (барлау тобы командирінің орынбасары);
бөлімше бастығы (топ командирі);
барлаушы-пулеметші;
бөлімше бастығы (радиоторап бастығы);
бөлімше бастығы (шеберхана бастығы);
жасақ командирінің орынбасары;
офицер (жауынгерлік қамтамасыз ету қызметінің бастығы);
офицер (РХБ қорғау қызметінің бастығы);
офицер (инженерлік қызмет бастығы);
офицер (әскер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі бастығы);
офицер (жауынгерлік даярлау бөлімінің бастығы);
офицер (қару-жарақ қызметінің бастығы);
бөлімше бастығы (станция бастығы);
арнайы мақсаттағы бөлімнің аға маманы;
аға маман (аға жүргізуші) – автомобиль бөлімшесінің командирі;
арнайы мақсаттағы (барлау) бөлімінің аға маманы;
2) Ішкі әскерлердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталығы әскери қызметшілерінің - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап мына лауазымдардағы қызметі:
Ішкі әскерлер арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру орталығының бастығы;
Ішкі әскерлер комитеті арнайы мақсаттағы бөліністерді жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының бастығы;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының бастығы;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығы бастығының орынбасары- бөлім бастығы;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығы бастығының орынбасары;
бөлім бастығы – "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығы бастығының орынбасары;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының бөлім бастығы;
Ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру орталығының аға офицері;
Ішкі әскерлер комитеті арнайы мақсаттағы бөліністерді жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының аға офицері;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының аға офицері;
Ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру орталығының офицері;
Ішкі әскерлер комитеті арнайы мақсаттағы бөліністерді жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының офицері;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының офицері;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы мен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ұшқыштар құрамының олардағы бір ай қызметі бір жарым ай қызметі жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 546 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына 2-қосымша |
Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттарын айқындау жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттарын айқындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ, арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының 4-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес әзірленді және Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттарын айқындайды.
2. Ұшқыштардың әскери-есептік мамандықтарына сәйкес келетін лауазымдарда реактивті және турбовинттік авиацияда әскери қызмет өткеретін және ұшуда экипаж құрамында міндеттер орындайтын Ішкі әскерлердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына бір ай қызметі екі ай жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін ұшу уақытының мынадай ең аз жылдық нормасы белгіленеді:
авиациялық бөлімдердің ұшқыштар құрамы үшін – 40 сағат;
авиацияны басқару органының ұшқыштар құрамы үшін – 30 сағат.
3. Ішкі әскерлердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының авиацияда ұшу жұмыстарында әскери қызмет өткеретін ұшқыштар құрамына жеңілдік жағдайларындағы еңбек сіңірген жылдарының бір ай қызметін екі айға есептеу:
поршеньді қозғалтқыштары бар ұшақтарда және тікұшақтарда ұшуды орындау;
осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көзделген ұшу уақытының ең аз жылдық нормасын орындамау;
пилотсыз ұшу аппараттары операторларының (экипаждарының) ұшу уақытының ең аз жылдық нормасы 40 сағатты орындауы кезінде жүзеге асырылады.
4. Жеңілдік жағдайларындағы еңбек сіңірген жылдарын есептеу ұшу жұмысын есепке алу парағының не ұшқыштар құрамының жылдық ұшу уақыты және бекітілген ұшу уақытының нормасын орындағаны туралы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығынан үзінді көшірменің негізінде жүзеге асырылады, олар әскери қызметшінің жеке ісінде сақталады.
5. Ұшу құрамының лауазымдарында толық емес күнтізбелік жыл болған кезде ұшу сағатының нормасы ұшу лауазымында нақты болған уақытына пропорционалды айқындалады.
____________________________________