БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 18 тамызында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қаржы-есеп айырысу орталығы және тиісті ЖЭК пайдалану объектісі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК объектілерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) қосылған күнтізбелік 60 күн ішінде және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу туралы шарт жасасуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актінің көшірмесі - сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде.
Бұл ретте, егер оның мерзімі аяқталуына дейін, ЖЭК объектісінің құрылысы бойынша жалпы жұмыс көлемінен 70% кем емес көлемде ЖЭК объектісі бойынша құрылыс-монтаждау орындау туралы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (тұлғадан) растау ұсынылған жағдайында, көрсетілген мерзімдер күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады.";
5) тармақша алып тасталсын;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Осы Қағидалардың 21-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл өткен соң сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф өз қолданысын тоқтатады.
21. Осы Қағидалардың 21-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл бойы жаңадан енгізілген ЖЭК пайдалану объектісі өндірген және электр желісіне босатқан электр энергиясының бүкіл көлемі үшін қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге ақы төлейді.";
мынадай редакциядағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген жағдайда сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды беру мерзімі өткеннен кейін келесі күннен басталады.";
23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) электр энергиясын жеткізудің алдағы тәулікке арналған тәуліктік болжамды кестелері - күн сайын, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін; ";
23-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі тәулік сайынғы сағаттық көлемі – күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін;";
24- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған Өтініш беруші өңірлік электр желілік компаниясына және жүйелік операторға электр энергиясын желіге жеткізудің тәуліктік (алдағы тәулікке арнап Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін) және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) кестесін үнемі жіберіп тұрады.".
103-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 тіркелген) сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасты және төлем жасады.";
мынадай мазмұндағы 104-1-тармақпен толықтырылсын:
"104-1. Сатып алу шарты бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Тараптардың даулары төмендегі шарттармен "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығында қаралуы мүмкін:
1) төрелік - "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы;
2) төрелік регламент – өтініш берушінің таңдауы бойынша;
3) төрелік талқылаудың тілі – өтініш берушінің таңдауы бойынша;
4) қолданылатын құқық – Қазақстан Республикасының материалдық құқығы;
5) төрелік құрамы – 3 (үш төреші);
6) төрелік талқылауды өткізу орны Нұр-Сұлтан қаласы.
Қаржы-есеп айырысу орталығы төрелік келісімді жасасу алдында "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 10-тармағына сәйкес осындай келісімді жасасуға келісім алу үшін саланың уәкілетті органына сұраныспен жүгінеді. Уәкілетті органның оң қорытындысы болған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша төрелік келісім жасалады.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша қосымшаға сәйкес қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сату туралы шарт жасасуға өтінім
________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)
жаңартылған энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуды сұрайды.
Заңды тұлғаның (бар болса оның филиалдарының, өкілдіктерінің) орналасқан жері:
Почталық мекенжайы: ___________________________________________
Телефон нөмірлері: ______________________________________________
E-maіl: _________________________________________________________
Факс: __________________________________________________________
ЖЭК пайдалану объектісінің атауы _________________________________
Электр энергиясын өндіру үшін пайдаланатын ЖЭК-тің түрі
(қажеттісінің астын сызу керек):
жел электр станциялары;
күн энергиясын фотоэлектрлі түрлендіргіштер;
гидроэлектрстанциялары, биогаз қондырғылары.
ЖЭК объктісінің орналасқан жері: ______________________________
______ МВт пайдаланылатын ЖЭК-тің түрлері бойынша бөле отырып,
ЖЭК объектісінің түрлендіруші жабдығының белгіленген жиынтық қуаты.
______________ мың кВт/сағ. жылдар бойынша бөліп, сатып алу шарты қолданылатын бүкіл мерзім ішінде объектіде өндіру жоспарланған электр энергиясының болжамды көлемі.
ЖЭК объектісін іске қосу күні (іс жүзіндегі немесе жоспарланған) __________
Қоса берілген құжаттар
(парақтар санын көрсете отырып):
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
6. ____________________________________________________________
Ұйым басшысы (лауазымы)
______________ ___________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларына 2-қосымша |
ТӨРЕЛІК КЕЛІСІМ
Астана қ. | 20___ жылғы "__" ______ |
"Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы - есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ______________ негізінде әрекет ететін ______________________ бір жағынан және __________________________, ___________________ негізінде әрекет ететін __________________________ екінші жағынан, бұдан әрі "Тараптар", "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 10-тармағына сәйкес уәкілетті органның келісімімен ___________ жылғы № _______ Төрелік келісімді төмендегіше жасасты:
1. Тараптар қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан аукциондық бағалар бойынша электр энергиясын сатып алу шарты бойынша Тараптар арасындағы құқықтық қатынастарға байланысты дауларды шешуді "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығының қарауына төмендегі шарттармен беру туралы уағдаласты:
1) төрелік - "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы;
2) төрелік регламент – ______________________;
3) төрелік талқылау тілі – ___________________;
4) қолданылатын құқық – Қазақстан Республикасының материалдық құқығы;
5) төрелік құрамы – 3 (үш төреші);
6) төрелік талқылауды өткізу орны Нұр-Сұлтан қаласы.
7) "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығының шешімі, қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті және орындауға міндетті деп танылады.
2. Келісімге екі данада қол қойылды, Тараптардың әрқайсысына біреуден беріледі.
Тараптардың заңды мекенжайлары және қолтаңбалары: