Индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 шілдеде № 18979 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 11-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жария ету үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 1 шілдедегі
№ 467 бұйрығымен
бекітілген

Индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - заң) 11-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) индустриялық аймақ - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;

      2) индустриялық аймақтың қатысушысы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға;

      3) бірыңғай үйлестіру орталығы-арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;;

      5) индустриялық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық индустриялық аймақтар қатысушыларының тізілімі.

      6) жеке индустриялық аймақтың меншік иесі - жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға.

2-тарау. Бірыңғай тізілімді жүргізу тәртібі

      3. Бірыңғай тізілімге Қазақстан Республикасының аумағында құрылған индустриялық аймақтар енгізіледі.

      4. Бірыңғай тізілімді бірыңғай үйлестіру орталығы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.

      5. Жергілікті атқарушы орган және жеке индустриялық аймақтардың меншік иелері индустриялық аймақ құрылған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығын бұл туралы хабардар етеді.

      6. Бірыңғай үйлестіру орталығы индустриялық аймақты құру туралы ақпаратты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізеді.

      7. Бірыңғай тізілімді жүргізу:

      1) индустриялық аймақтар туралы мәліметтерді енгізу (қосу);

      2) индустриялық аймақтар туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту).

      8. Индустриялық аймақтар туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту) төменде келтірілген жағдайлардың бірі туындаған кезде орын алады:

      1) индустриялық аймақтар атауының өзгеруі;

      2) индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының атауын өзгерту;

      3) индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының заңды мекенжайын өзгерту;

      4) индустриялық аймақтарды тарату.

      9. Бірыңғай тізілімде қамтылған ақпарат бірыңғай үйлестіру орталығының, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаның Интернет-ресурсында орналастырылады.

  Индустриялық аймақтардың
бірыңғай тізілімін жүргізу
қағидаларына
қосымша

Нысан

Индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімі


п/п

Индустриялық аймақтардың толық атауы

Индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының толық атауы

Заңды мекен-жайы

СТН (БСН))

Индустриялық аймақтар тізіліміне жазба енгізу күні

Индустриялық аймақтардың түрі

1

2

3

4

5

6

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады