Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 03.09.2021 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 176) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 19.02.2025 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 03.09.2021 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
5) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
3. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 526 бұйрығымен бекітілген |
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 03.09.2021 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер (бұдан әрі – куәліктер) беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Ұлы Отан соғысы кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлік операциялар кезiнде әрекеттегі армия және флот құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілері соғысқа қатысушылар деп танылады.
3. "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер арқылы Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Куәлікті беру кезінде бұрын берілген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үлгісіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі алынбайды.
2-тарау. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру тәртібі
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын; мемлекеттік қызмет көрсету тәсілін; мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін; мемлекеттік қызмет көрсету нысанын; мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін; мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгенде оны алу тәсілін; көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектісінің жұмыс кестесін; мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесін; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негізді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ұлы Отан соғысының ардагеріне куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) нысанында жазылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты тіркелген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы не көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық нысанда www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді.
Құжаттар қабылданғанда Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбағанда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген көзден графикалық файл түрінде көлемі 30х40 миллиметр цифрлық фотосуретті қосымша алады.
Порталға жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорация филиалын таңдайды. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін көрсетіп, өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және жауапты орындаушыға орындау үшін беруді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының құқықтық мәртебесін растайтын ақпарат және қажетті мәліметтер болғанда беру үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама (бұдан әрі – бас тарту туралы хабарлама) дайындауды ұйымдастырады.
Куәлік беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмағанда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
30 жұмыс күніне дейін – Қазақстан Республикасының тиісті органынан растауды алу қажет болғанда;
90 жұмыс күніне дейін – кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық нысанда 1 жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етіп, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивінен ақпарат алу қажет болғанда ұзартылады.
Сұрау салынған ақпаратты және қажетті мәліметтер алынғанда 1 жұмыс күні ішінде куәлік не бас тарту туралы хабарлама ресімделеді және беріледі.
Порталға жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" куәліктің дайын екені туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
Бас тарту туралы хабарлама Тізбенің 9-бөлімінде көзделгенде ресімделеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 19.02.2025 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті беруші таңдалған Мемлекеттік корпорация филиалына немесе өтініш жасаған орны бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеткізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жеке басын куәландыратын құжатты немесе "электрондық үкімет" мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" бөлімінен жеке куәлігінің цифрлық құжатын (сәйкестендіру үшін) не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын ұсынған кезде жүзеге асырылады.
7. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
8. Лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 19.02.2025 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәлік беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органы |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі |
Өтінішті қабылдау: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) 1 (бір) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
порталда: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгенде оны алу тәсілі | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күнінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшелігін ескерілген өзге де талаптар |
Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болғанда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасап, тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорация қызметкері жүргізеді. |
Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беруге өтініш
1.________________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде) 2.________________________________________________________________________ (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке сәйкестендіру нөмірі) 3.________________________________________________________________________ (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс) 4.________________________________________________________________________ (отбасы жағдайы) 5.________________________________________________________________________ (тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы) 6.________________________________________________________________________ (уақытша келген, тұратын мекенжайы (бар болған кезде) __________________________________________________________________________ (себебін көрсету) _______________________________________________________________________________ байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы "___"______ _______________________________ ____________________ (тегі және инициалдары) (қолы)
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларына 3-қосымша |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 19.02.2025 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына негізгі талаптарының тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты________________________________
_________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттар атауы:
1)____________________________________;
2)____________________________________;
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болса) (қолы)
Орындаушы____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болса)
Телефоны ___________________
Алдым:_________________________________________ ____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болса) (қолы)
20__ жылғы "___" ___________
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама ______________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес құқықтық мәртебені белгілеу үшін Сіз ұсынған және жолданған сұрау салуларға сәйкес алынған ақпараттың және қажетті мәліметтердің жеткілікті болмауына байланысты Сізді мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабардар етеміз.
Хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. _________________________________________________________________ облысы (астананың, республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы _________________________________________________________ ауданы (қаласы) (ауданның немесе аудандардың атауы) қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы ________________________________________________________________________ (әскери атағы,қолы, тегі және инициалдары)
Орындаушы ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) Телефон ___________________ Алдым: ____________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы) 20__жылғы "___" ____________
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама ____________________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Сізге құқықтық мәртебе белгілеу үшін Сіз ұсынған ақпараттың және қажетті мәліметтердің жеткілікті болмауына байланысты
___________________________________________________________ облысы (астананың, республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы) _________________________________________________ауданының (қаласының) (ауданның немесе аудандардың атауы) қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) 20 __ жылғы "___" ___________ № ____________ __________________________________ (күні) (шығыс нөмірі) ____________________________________________________________________ (тиісті органның атауы) ____________________________________________________________________ қолда бар ақпаратқа растау алу үшін сұрау салу жолдады.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) немесе 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені туралы қосымша хабардар боласыз.
Хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. ______________________________________________________________________ облысы (астананың, республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы) ________________________________________________________________ ауданы (қаласы) (ауданның немесе аудандардың (қаланың) атауы) қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы _____________________________________________________________________________ (әскериатағы, қолы, тегі және инициалдары) Орындаушы __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) Телефон ___________________ Алдым: _____________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы) 20__жылғы "___" ____________