"Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 526 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 қыркүйекте № 24248 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 526 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19008 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-96) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
М. Бектанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Казақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 595 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 9 шілдедегі
№ 526 бұйрығымен бекітілген

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер (бұдан әрі – куәліктер) беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Ұлы Отан соғысы кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлік операциялар кезiнде әрекеттегі армия және флот құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілері соғысқа қатысушылар деп танылады.

      3. "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер арқылы Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Куәлікті беру кезінде бұрын берілген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үлгісіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі алынбайды.

2-тарау. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру тәртібі

      5. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) мазмұндалған.

      Куәлік беру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты тіркелген орны бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы не көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық нысанда www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді.

      Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген көздерден графикалық файл түрінде көлемі 30х40 миллиметр цифрлық фотосуретті қосымша алады.

      Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорация филиалын таңдайды. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және жауапты орындаушыға орындау үшін беруді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының құқықтық мәртебесін растайтын ақпарат және қажетті мәліметтер болған кезде беру үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама (бұдан әрі – бас тарту туралы хабарлама) дайындауды ұйымдастырады.

      Куәлікті беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ұзартылады:

      30 (отыз) жұмыс күніне дейін – Қазақстан Республикасының тиісті органдарынан растауды алу қажет болған кезде;

      90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін – кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық нысанда 1 (бір) жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етумен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған кезде.

      Сұрау салынған ақпаратты және қажетті мәліметтерді алған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлік не бас тарту туралы хабарлама ресімделеді және беріледі.

      Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" куәліктің дайын екені туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.

      Бас тарту туралы хабарлама Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда ресімделеді.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші таңдалған Мемлекеттік корпорация филиалына немесе өтініш жасаған орны бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жеке басын куәландыратын құжатты немесе "электрондық үкімет" мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" бөлімінен жеке куәлігінің цифрлық құжатын (сәйкестендіру үшін) не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      7. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  Ұлы Отан
соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
1-қосымша

"Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдары

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) 1 (бір) жұмыс күні;
2) куәлік беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етумен мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады;
3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етумен куәлік беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасаған кезде:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
2) өтініш жасаған күні қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беру;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.
Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты не "электрондық үкімет" мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" бөлімінен жеке куәлігінің цифрлық құжатын (сәйкестендіру үшін) не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмағадейінсағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz;
порталдың: www.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беруге өтініш;
әскери билет немесе архивтік анықтама;
2) порталға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
әскери билеттің немесе архивтік анықтаманың электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорация қызметкері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Ұлы Отан
соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облысы)
____________________________
(ауданы (қаласы) қорғаныс
істері жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығына

Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беруге өтініш

      1.________________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде) 2.________________________________________________________________________ (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке сәйкестендіру нөмірі) 3.________________________________________________________________________ (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс) 4.________________________________________________________________________ (отбасы жағдайы) 5.________________________________________________________________________ (тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы) 6.________________________________________________________________________ (уақытша келген, тұратын мекенжайы (бар болған кезде) __________________________________________________________________________ (себебін көрсету) _______________________________________________________________________________ байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "___"______ _______________________________ ____________________ (тегі және инициалдары) (қолы)

  Ұлы Отан
соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облысы)
____________________________
(ауданы (қаласы) қорғаныс
істері жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығына

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты

      ______________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)____________________________________;

      2)____________________________________;

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. ________________________________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы) Орындаушы ________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) Телефон ___________________ Алдым: ________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы) 20__жылғы "___" ____________

  Ұлы Отан
соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі



  Ұлы Отан
соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облысы)
____________________________
(ауданы (қаласы) қорғаныс
істері жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығына

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама ______________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес құқықтық мәртебені белгілеу үшін Сіз ұсынған және жолданған сұрау салуларға сәйкес алынған ақпараттың және қажетті мәліметтердің жеткілікті болмауына байланысты Сізді мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабардар етеміз.

      Хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. _________________________________________________________________ облысы (астананың, республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы _________________________________________________________ ауданы (қаласы) (ауданның немесе аудандардың атауы) қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы ________________________________________________________________________ (әскери атағы,қолы, тегі және инициалдары)

      Орындаушы ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) Телефон ___________________ Алдым: ____________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы) 20__жылғы "___" ____________

  Ұлы Отан
соғысының ардагерлеріне
куәліктер беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облысы)
____________________________
(ауданы (қаласы) қорғаныс
істері жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығына

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама ____________________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Сізге құқықтық мәртебе белгілеу үшін Сіз ұсынған ақпараттың және қажетті мәліметтердің жеткілікті болмауына байланысты

      ___________________________________________________________ облысы (астананың, республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы) _________________________________________________ауданының (қаласының) (ауданның немесе аудандардың атауы) қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) 20 __ жылғы "___" ___________ № ____________ __________________________________ (күні) (шығыс нөмірі) ____________________________________________________________________ (тиісті органның атауы) ____________________________________________________________________ қолда бар ақпаратқа растау алу үшін сұрау салу жолдады.

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) немесе 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені туралы қосымша хабардар боласыз.

      Хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. ______________________________________________________________________ облысы (астананың, республикалық маңызы бар қаланың немесе облыстың атауы) ________________________________________________________________ ауданы (қаласы) (ауданның немесе аудандардың (қаланың) атауы) қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы _____________________________________________________________________________ (әскериатағы, қолы, тегі және инициалдары) Орындаушы __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) Телефон ___________________ Алдым: _____________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы) 20__жылғы "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады