"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 19020 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13043 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидалары көрсетілген бұйрықпен бекітілген осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қазақ және орыс тілдерінде енгізу және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2019 жылғы "__"_____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      2019 жылғы "__"_____________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 47 бұйрығымен
бекітілген

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну ҚАҒИДАЛАРЫ

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және басқа есептік ақпаратын ұсынудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік Мемлекеттік корпорациямен ұсынуы тәртібін айтқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:

      1) есептік кезең – Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметінің көрсеткіштері статистикалық есептілік нысанында көрсетілетін, уәкілетті орган белгілеген күнтізбелік (уақытша) мерзім;

      2) ЖМКТМДҚ – Жылжымалы мүлік кепілі тіркелімінің мемлекеттік деректер қоры;

      3) есептілік – Мемлекеттік корпорацияға ұсынылатын жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу үшін филиалдар қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтері;

      4) есептіліктің нысаны - Мемлекеттік корпорация филиалдарының мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге байланысты қызметі туралы есептіліктің нысаны.

2-Тарау. Статистикалық және өзге де есептілікті ұсыну тәртібі

      3. Есептілік көрсеткіштері бастапқы есеп көздерінен (Тіркеуге түскен құжаттар есебінің кітабы, Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі, Кіріс-шығыс хаттар-хабары есебінің журналы, номенклатуралық істер, www.e.gov.kz "электрондық үкімет": веб-порталы, ЖМКТМДҚ) алынған тиісті сандық деректерді іріктеп, есептілік нысанының бағандары бойынша көрсету арқылы қалыптастырылады.

      4. Деректер ағымдағы жылдың есептік тоқсанына бөлініп көрсетіледі.

      5. Есептілік осы Қағидалардың "Мемлекеттік корпорацияның міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер" 1-қосымшаларына және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден заңсыз бас тарту туралы шығарылған сот шешімдерінің саны туралы мәліметтер" 2-қосымшаларына сәйкес статистикалық есептілік нысандарын толтыру арқылы ұсынылады.

      6. Есептілік Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар калаларың және астананың филиалдары Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

      7. Есептілік тоқсан сайын өсу қорытындысымен есептілік кезеңінен кейінгі айдың 10-на қарай ұсынылады.

      8. Есептілікке Мемлекеттік корпорация филиалының орындаушысы және басшысы қол қояды.

  "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорацияның
міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілінің статистикалық және
басқа есептік ақпаратын ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік корпорацияның міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер

      20___ жылғы ____ тоқсандағы есептік кезең

      Индекс: 1. ЖМКТ

      Мерзімділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар шеңбері: Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар калаларың және астананың филиалдары

      Қайда ұсынылады: Мемлекеттік корпорация

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күніне.

      Жалғасы



Көрсетілген қызметтер саны

Мемлекеттік корпорацияның филиалының атауы

Есептік кезең

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш беру

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы түскен өтініштер саны

Тіркелген жылжымалы мүлік кепілі шартының саны

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы бас тартылған өтініштер саны

Жеке тұлғалар

Сомасы

Заңды тұлғалар

Алым сомасы

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар




қағаздай












Порал арқылы









1

2

3

4

5

6

7



Есептік кезең





Ұқсас кезең





      кестенің жалғасы

Көрсетілген қызметтер саны

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мерзімдері

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тоқтату туралы түскен өтініштер саны

Тоқтатылған жылжымалы мүлік кепілі шартының саны

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы берілген куәлік

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы берілген куәлік дубликаттарының саны

2 күннен артық

1 күннен артық электронды

Жеке тұлғалар

Сомасы

Заңды тұлғалар

Алым сомасы

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Саны

Сомасы

Саны

Сомасы

























8

9

10

11

12











      кестенің жалғасы

Көрсетілген қызметтер саны

Жылжымалы мүлік кепілі тізілімінен көшірме саны

Тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету туралы түскен өтініштер саны

Өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы түскен өтініштер саны

Өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы бас тартылған өтініштер саны

Өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы тіркелген өтініштер саны

Саны

Саны

Сомасы

Жеке тұлғалар

Сомасы

Заңды тұлғалар

Алым сомасы

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар























13

14

15

16

17











      Филиалдың атауы __________________________________________

      Мекенжай ________________________________________________

      Электронды поштаның мекенжайы ___________________________

      Орындаушының тегі және телефоны __________________________

      Телефон ___________

      Басшы ____________________________________________________

      (Т.А.Ә. қолы)

      Күні "___" ____________________ 20 ___ жыл М.О.

      "Мемлекеттік корпорацияның міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер" нысанын толтыру туралы түсініктеме осы қосымшасында келтірген

  "Мемлекеттік корпорацияның
міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу жөніндегі
қызметінің негізгі көрсеткіштері
туралы мәліметтер" нысанға
қосымша

"Мемлекеттік корпорацияның міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер" нысанды толтыру жөніндегі түсінік

      Нысан былайша толтырылады:

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Мемлекеттік корпорациясының филиалының атауы көрсетіледі;

      3-бағанда есепті кезең көрсетіледі;

      4-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш берудің нысаны: қағаздай немесе порталы арқылы екендігі көрсетіледі;

      5-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге түскен өтініштер саны көрсетіліп, ол 4 бөлімнен тұрады;

      1) жеке тұлғалар

      2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін бюджетке төленген алым сомасы

      3) заңды тұлғалар

      4) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін бюджетке төленген алым сомасы

      6-бағанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілі шарттарының саны көрсетіледі, ол 2 бөлімнен тұрады:

      1) жеке тұлғалар

      2) заңды тұлғалар

      7-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тартылған өтініштердің саны көрсетіледі, ол да 2 бөлімнен тұрады:

      1) жеке тұлғалар

      2) заңды тұлғалар

      8-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің мерзімдері көрсетіледі, ол да 2 бөлімнен тұрады:

      1) қағаздық 2 күннен жоғары

      2) электрондық 1 күннен жоғары, кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесі мен электрондық үкіметтің порталына түскеннен кейін

      9-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тоқтату туралы түскен өтініштер саны көрсетіледі, ол 4 бөлімнен тұрады:

      1) жеке тұлғалар

      2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тоқтатқаны үшін бюджетке төленген алым сомасы

      3) заңды тұлғалар

      4) жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тоқтатқаны үшін бюджетке төленген алым сомасы

      10-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі тоқтатылған шарттардың саны көрсетіледі, ол 2 - бөлімнен тұрады:

      1) жеке тұлғалар

      2) заңды тұлғалар

      11-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы берілген куәліктердің саны көрсетіледі және ол 2 - бөлімнен тұрады:

      1) саны

      2) сомасы

      12-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктердің берілген телнұсқаларының (дубликаттарының) саны көрсетіліп, 2 бөлімнен тұрады:

      1) саны

      2) сомасы

      13-бағанда жылжымалы мүлік кепілі тізілімінен көшірмелердің саны көрсетіледі;

      14-бағанда тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету туралы түскен өтініштердің саны көрсетіледі және ол 4 - бөлімнен тұрады:

      1) жеке тұлғалар

      2) алым сомасы

      3) заңды тұлғалар

      4) алым сомасы

      15-бағанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түскен өтініштер саны көрсетіледі және ол да 4 - бөлімнен тұрады:

      1) жеке тұлғалар

      2) тіркелген кепілге өзгерістер мен толықтырулар енгізгені үшін бюджетке төленген алым сомасы

      3) заңды тұлғалар

      4) тіркелген кепілге өзгерістер мен толықтырулар енгізгені үшін бюджетке төленген алым сомасы

      16-бағанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бас тартылған өтініштер саны көрсетіледі және ол 2 - бөлімнен тұрады:

      1) жеке тұлғалар

      2) заңды тұлғалар

      17-бағанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тіркелген өтініштер саны көрсетіледі және ол да 2 - бөлімнен тұрады:

      1) жеке тұлғалар

      2) заңды тұлғалар

  "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорацияның
жылжымалы мүлік кепілінің
статистикалық және өзге де
басқа есептік ақпаратын ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден заңсыз бас тарту туралы шығарылған сот шешімдерінің саны туралы мәліметтер

      20___ жылғы ____ тоқсандағы есептік кезең

      Индекс: 2.ЖМКТ

      Мерзімділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар шеңбері: Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары

      Қайда ұсынылады: Мемлекеттік корпорация

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күніне.

Мемлекеттік корпорацияның филиалының атауы

Кепілді немесе оның тіркелуін жарамсыз деп тану туралы шығарылған сот шешімдерінің саны

Тіркеуші органның кінәсінен

Басқа негіздер бойынша

Олардан заңды күшіне енгендері

1

2

3

4

5

      Филиалдың атауы ___________________________________________

      Мекенжай _________________________________________________

      Электронды поштаның мекенжайы ____________________________

      Орындаушының тегі және телефоны ___________________________

      Телефон _________________

      Басшы ____________________________________________________

      (Т.А.Ә. қолы)

      Күні "___" ____________________ 20 ___ жыл М.О.

      "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден заңсыз бас тарту туралы шығарылған сот шешімдерінің саны туралы мәліметтер" нысанын толтыру туралы түсініктеме осы қосымшасында келтірген

  "Жылжымалы мүлік кепілін
тіркеуден заңсыз бас тарту
туралы шығарылған сот
шешімдерінің саны туралы
мәліметтер" нысанға
қосымша

"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден заңсыз бас тарту туралы шығарылған сот шешімдерінің саны туралы мәліметтер" нысанды толтыру жөніндегі түсінік

      Нысан былайша толтырылады:

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар калаларың және астананың филиалдарының атауы көрсетіледі;

      3-бағанда тіркеуші органның кінәсінен жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тарту туралы шығарылған сот шешімдерінің саны көрсетіледі;

      4-бағанда басқа негіздер бойынша шығарылған сот шешімдерінің саны көрсетіледі;

      5-бағанда заңды күшіне енген сот шешімдерінің саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады