Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 19025 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2021 № 98 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.02.2023 № 59 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.02.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2021 № 98 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірлескен бұйрығымен.

      3-1) осы бірлескен бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;

      4) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.02.2023 № 59 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.02.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      5) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2021 № 98 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      6) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.02.2020 № 56 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 10 (06.05.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      7) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2021 № 98 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.02.2020 № 56 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 10 (06.05.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.03.2021 № 98 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.02.2023 № 59 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.02.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2023 № 235 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2023 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-3/1134 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 813 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12654 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-3/1134 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 813 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 263 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 290 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13932 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға берілуін;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі      С. Омаров

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі      Р. Дәленов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2019 жылғы
10 шілдедегі № 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 235 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2023 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестікке (бұдан әрі – біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру) тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде астық нарығын реттеу саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері – астықты өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары);

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) болмашы бұзушылық – астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астық нарығы саласындағы құжаттаманы дұрыс жүргізбеу бөлігінде бұзу;

      4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      5) елеулі бұзушылық – астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астықты қысқы сақтау жағдайына ауыстыру жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу бөлігінде бұзу, технологиялық жабдықтардың сәйкессіздігі, астық нарығы саласындағы ақпарат пен құжаттаманың ұсынылмауы;

      6) өрескел бұзушылық – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды астықтың сандық-сапалық сақталуының нашарлауына, оның ішінде астықтың жоғалу және бүліну фактілеріне, астықты сақтау шарттарының сақталмауына, астық қабылдау кәсіпорындарының олар шығарған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамауына алып келуі мүмкін бұзушылықтар бөлігінде бұзу;

      7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлығын ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудан және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерулерден босату процесі;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – органикалық өнім өндіру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және бақылаудың жекелеген бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді болмайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті және субъективті өлшемшарттарын айқындау арқылы қалыптастырылады (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).

      Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      4. Екінші кезеңде тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.

      5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      6. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өңдеу және сатуға байланысты қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      9. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) алдыңғы текерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты алдыңғы тексерулердің нәтижелері пайдаланылады.

      10. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректер қалыптастырылады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігін тексеруді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде бақылаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.

      11. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.

3-параграф. Тәуекелдерді басқару

      12. Бақылаудың адал субъектілерін көтермелеу және бақылауды бұзушыларға шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы осы Өлшемшарттардың 19 және 20-тармақтарында айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілетін профилактикалық бақылаудан және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруден босатылады.

      13. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі астық нарығын реттеу саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      14. Бақылау субъектісін осы Өлшемшарттың 3 және 4-тармақтарына сәйкес тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 9-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқор қалыптастырады.

      15. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 балға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC,

      мұнда:

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші;

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SC – осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу астық нарығын реттеу саласындағы бақылаудың субъектісінің (объектісінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      16. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SPз = (SP2 х 100/SP1) х 0,7,

      мұнда:

      SP3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SP1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SP2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      17. Осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:




      xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші;

      wi –субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi;

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттарлың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      18. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:




      R – жекелеген бақылау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды);

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы);

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы);

      Rарал – осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      19. Тәуекелдің дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізу еселілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

      20. Бақылау субъектісіне бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады, бірақ жылына екі реттен жиі болмау керек.

      21. Біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру Кодекстің 144-бабының 2-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру графигі негізінде жүргізіледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету

өрескел

2

Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықты ресімдеу:
1) автомобиль таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналының болуы;
2) вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналының болуы;
3) зертханалық талдаулар нәтижелерiн тiркеу журналының болуы;
4) орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмiнің болуы;
5) темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi;
6) астық сақтау орындарындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есептің болуы

өрескел

3

Астықты тазартуға, кептіруге арналған актінің болуы

өрескел

4

Астықты тиеп-жөнелтуді ресімдеу:
1) астықты тиеп-жөнелтуге арналған бұйрықтардың болуы;
2) темiр жол көлiгiмен тиеп-жөнелтілген астық тiзiлiмiнің болуы;
3) автомобиль көлiгімен тиеп-жөнелтiлген астық жүкқұжаттары тiзiлiмiнің болуы;
4) есеп айырысу актісінің болуы;
5) астық сақтау аумағының iшiнде астықтың орнын ауыстыруға арналған жүкқұжаттың болуы

өрескел

5

Астықты сандық-сапалық есепке алу кітабының болуы

болмашы

6

Астықты сақтауға арналған шарттың болуы

елеулі

7

Астық қабылдау кәсіпорнының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімінің (астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақталуы

елеулі

8

Астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың болуы не астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру жүйесіне қатысу

елеулі

9

Астыққа арналған тауарлық-көлік жүкқұжаттарының болуы

елеулі

10

Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы

елеулі

11

Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы

болмашы

12

Астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептің болуы

елеулі

13

Астық сақтау орны (астық қабылдау пункті) алаңының 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем сыйымдылығы үстіндегі тасымалдауыштың әрқайсысына кемінде бір бос сүрлем сыйымдылығының болуы

елеулі

14

Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі туралы ақпараттың ұсынылмауы

елеулі

15

Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпараттың ұсынылмауы

елеулі

16

Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпараттың ұсынылмауы

елеулі

  Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін тексеру үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

Меншік құқығындағы астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) болуы

елеулі

2

Технологиялық жабдықтар: астық тазалау машиналарының, астық кептіру жабдығының, таразы жабдығының (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көлік жабдығының, жылжымалы көлік жабдығының, белсенді желдету жабдығының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы

өрескел

3

Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдардың болуы

елеулі

4

Өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған, астық сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхананың болуы

болмашы

5

Тиiстi бiлiмi (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiмі, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiмі) бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы

елеулі

6

Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы

елеулі

  Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі


Р/с

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 балға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар/мәндер, xi

1-шарты /мәні

2-шарты/мәні

1

2

3

4

5

6

Астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (астық қабылдау кәсіпорындарына) қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау үшін

1.

Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі туралы ақпараттың ұсынылмауы

Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

10

ақпаратты уақтылы ұсыну

ақпаратты ұсынбау

0%

100%

2.

Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпараттың ұсынылмауы

Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

10

ақпаратты уақтылы ұсыну

ақпаратты ұсынбау

0%

100%

3.

Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпараттың ұсынылмауы

Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

10

ақпаратты уақтылы ұсыну

ақпаратты ұсынбау

0%

100%

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2021 № 98 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2019 жылғы
10 шілдедегі № 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі № 63
бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 235 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2023 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________

      _________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________________

      _________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________________

      _________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру коды _________

      _________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі туралы ақпараттың ұсынылмауы



2

Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпараттың ұсынылмауы



3

Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпараттың ұсынылмауы



4

Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету



5

Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықты ресімдеу:
1) автомобиль таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналының болуы;
2) вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналының болуы;
3) зертханалық талдаулар нәтижелерiн тiркеу журналының болуы;
4) орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмiнің болуы;
5) темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi;
6) астық сақтау орындарындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есептің болуы



6

Астықты тазартуға, кептіруге арналған актінің болуы



7

Астықты тиеп-жөнелтуді ресімдеу:
1) астықты тиеп-жөнелтуге арналған бұйрықтардың болуы;
2) темiр жол көлiгiмен тиеп-жөнелтілген астық тiзiлiмiнің болуы;
3) автомобиль көлiгімен тиеп-жөнелтiлген астық жүкқұжаттары тiзiлiмiнің болуы;
4) есеп айырысу актісінің болуы;
5) астық сақтау аумағының iшiнде астықтың орнын ауыстыруға арналған жүкқұжаттың болуы



8

Астықты сандық-сапалық есепке алу кітабының болуы



9

Астықты сақтауға арналған шарттың болуы



10

Астық қабылдау кәсіпорнының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімінің (астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақталуы



11

Астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың болуы не астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру жүйесіне қатысу



12

Астыққа арналған тауарлық-көлік жүкқұжаттарының болуы



13

Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы



14

Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы



15

Астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептің болуы



16

Астық сақтау орны (астық қабылдау пункті) алаңының 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем сыйымдылығы үстіндегі тасымалдауыштың әрқайсысына кемінде бір бос сүрлем сыйымдылығының болуы



      Лауазымды адам (дар) _____________________________________________

      ____________ ______________ _____________________________________

      лауазымы             қолы             аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________________

      _____________ ____________ ______________________________________

      лауазымы             қолы             аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2019 жылғы
10 шілдедегі № 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
3-1-қосымша

Астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Бірлескен бұйрық 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.02.2023 № 59 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.02.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 235 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2023 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      __________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт_________________________________

      __________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_________________________

      __________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру коды

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Меншік құқығындағы астық сақтау орнының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) болуы



2

Технологиялық жабдықтар: астық тазалау машиналарының, астық кептіру жабдығының, таразы жабдығының (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көлік жабдығының, жылжымалы көлік жабдығының, белсенді желдету жабдығының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы



3

Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдардың болуы



4

Өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған өндірістік-технологиялық зертхананың болуы



5

Тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiмі, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiмі) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы



6

Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы



      Лауазымды адам (дар) __________________________________________ ____________

      ______________ _____________ ___________________________

      лауазымы             қолы             аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы__________________________________

      _____________ ____________ ________________________________________

      лауазымы             қолы             аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.02.2023 № 59 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.02.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2021 № 98 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 6-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.02.2020 № 56 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 10 (06.05.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
7-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2021 № 98 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 № 34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады