"Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 59 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 19 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 ақпанда № 31882 болып тіркелді

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19025 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бірлескен бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) осы бірлескен бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне астық қабылдау кәсіпорындарына қатысты астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 3-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Куантыров
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 8 ақпандағы
№ 19 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 8 ақпандағы
№ 59 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2019 жылғы
10 шілдедегі № 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестікке (бұдан әрі – біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру) тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде астық нарығын реттеу саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері – астықты өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары);

      2) болмашы бұзушылық – астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астық нарығы саласындағы құжаттаманы дұрыс жүргізбеу бөлігінде бұзу;

      3) елеулі бұзушылық – астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астықты қысқы сақтау жағдайына ауыстыру жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу бөлігінде бұзу, технологиялық жабдықтардың сәйкессіздігі, астық нарығы саласындағы ақпарат пен құжаттаманың ұсынылмауы;

      4) өрескел бұзушылық – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды астықтың сандық-сапалық сақталуының нашарлауына, оның ішінде астықтың жоғалу және бүліну фактілеріне, астықты сақтау шарттарының сақталмауына, астық қабылдау кәсіпорындарының олар шығарған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамауына алып келуі мүмкін бұзушылықтар бөлігінде бұзу.

      3. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

2-тарау. Бақылау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      4. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      5. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өңдеу және сатуға байланысты қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      7. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне қатысты алдыңғы тексерулердің нәтижелері;

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы.

      8. Астық нарығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

      Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 2-қосымшада көрсетілген.

      9. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар үш бұзушылық дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі және болмашы.

      10. Осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

3-параграф. Тәуекелдерді басқару

      11. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы осы Өлшемшарттардың 17 және 18-тармақтарында белгіленген кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуден босатылады.

      12. Бақылау субъектілері (объектілері) мынадай жағдайларда ақпараттық жүйені қолдана отырып, астық нарығын реттеу саласындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады:

      1) егер мұндай субъектілер "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес астық қолхаттарын ұстаушылардың алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасаcа;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау немесе біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса.

      13. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі астық нарығын реттеу саласындағы бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      14. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SPз = (SP2 х 100/SP1) х 0,7,

      мұнда:

      SP3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SP1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SP2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 - анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес бақылау субъектісін (объектісін) белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін негіз болып табылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      16. Бара отырып жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылаудың және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне графиктер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.

      17. Тәуекелдің дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу еселілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

      18. Бақылау субъектісіне бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады, бірақ жылына екі реттен жиі болмау керек.

      19. Біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру Кодекстің 144-бабының 2-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру графигі негізінде жүргізіледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Астық нарығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету

өрескел

2

Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықты ресімдеу:
1) автомобиль таразысында жүктер өлшеудi тiркеу журналын жүргізу;
2) вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналын жүргізу;
3) зертханалық талдаулар нәтижелерiн тiркеу журналын жүргізу;
4) орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмiнің болуы;
5) темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi;
6) астық сақтау орындарындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есептің болуы

өрескел

3

Астықты тазартуға, кептіруге арналған актінің болуы

өрескел

4

Астықты тиеп-жөнелтуді ресімдеу:
1) астықты тиеп-жөнелтуге арналған бұйрықтардың болуы;
2) темiр жол көлiгiмен тиеп-жөнелтілген астық тiзiлiмiнің болуы;
3) автомобиль көлiгімен тиеп-жөнелтiлген астық жүкқұжаттары тiзiлiмiнің болуы;
4) есеп айырысу актісінің болуы;
5) астық сақтау аумағының iшiнде астықтың орнын ауыстыруға арналған жүкқұжаттың болуы

өрескел

5

Астықты сандық-сапалық есепке алу кітабын жүргізу

болмашы

6

Астықты сақтауға арналған шарттың болуы

елеулі

7

Астық қабылдау кәсіпорнының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімінің (астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақталуы

елеулі

8

Астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың болуы не астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру жүйесіне қатысу

елеулі

9

Астыққа арналған тауарлық-көлік жүкқұжаттарының болуы

елеулі

10

Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы

елеулі

11

Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы

болмашы

12

Жыл сайынғы жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу

елеулі

13

Пайдалар мен шығындар туралы жылдық теңгерім мен есептің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы

елеулі

14

Астық сақтау орны (астық қабылдау пункті) алаңының 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем сыйымдылығы үстіндегі тасымалдауыштың әрқайсысына кемінде бір бос сүрлем сыйымдылығының болуы

елеулі

Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері

15

Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі туралы ақпараттың ұсынылмауы

елеулі

16

Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпараттың ұсынылмауы

елеулі

17

Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпараттың ұсынылмауы

елеулі

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

18

Астық туралы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша бір және одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

елеулі

  Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

Бақылау субъектілеріне қатысты алдыңғы тексерулердің нәтижелері

1

Меншік құқығындағы астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) болуы

өрескел

2

Технологиялық жабдықтар: астық тазалау машиналарының, астық кептіру жабдығының, таразы жабдығының (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көлік жабдығының, жылжымалы көлік жабдығының, белсенді желдету жабдығының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы

елеулі

3

Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған алаңдардың болуы

өрескел

4

Өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған, астық сапасын анықтауға арналғанөндірістік-технологиялық зертхананың болуы

елеулі

5

Тиiстi бiлiмi (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiмі, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiмі) бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы

болмашы

6

Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы

елеулі

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

7

Астық туралы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша бір және одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 8 ақпандағы
№ 19 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 8 ақпандағы № 59
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2019 жылғы
10 шілдедегі № 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі № 63
бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес _____

      __________________________________________________________ қатысты

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________

      _________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________________

      _________________________________________________________________
№, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________________

      _________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру коды _________

      _________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету



2

Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықты ресімдеу:
1) автомобиль таразысында жүктер өлшеудi тiркеу журналын жүргізу;
2) вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналын жүргізу;
3) зертханалық талдаулар нәтижелерiн тiркеу журналын жүргізу;
4) орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмiнің болуы;
5) темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi;
6) астық сақтау орындарындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есептің болуы



3

Астықты тазартуға, кептіруге арналған актінің болуы



4

Астықты тиеп-жөнелтуді ресімдеу:
1) астықты тиеп-жөнелтуге арналған бұйрықтардың болуы;
2) темiр жол көлiгiмен тиеп-жөнелтілген астық тiзiлiмiнің болуы;
3) автомобиль көлiгімен тиеп-жөнелтiлген астық жүкқұжаттары тiзiлiмiнің болуы;
4) есеп айырысу актісінің болуы;
5) астық сақтау аумағының iшiнде астықтың орнын ауыстыруға арналған жүкқұжаттың болуы



5

Астықты сандық-сапалық есепке алу кітабын жүргізу



6

Астықты сақтауға арналған шарттың болуы



7

Астық қабылдау кәсіпорнының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімінің (астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақталуы



8

Астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың болуы не астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру жүйесіне қатысу



9

Астыққа арналған тауарлық-көлік жүкқұжаттарының болуы



10

Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы



11

Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы



12

Жыл сайынғы жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу



13

Пайдалар мен шығындар туралы жылдық теңгерім мен есептің жариялануы



14

Астық сақтау орны (астық қабылдау пункті) алаңының 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем сыйымдылығы үстіндегі тасымалдауыштың әрқайсысына кемінде бір бос сүрлем сыйымдылығының болуы



      Лауазымды адам (дар) _____________________________________________

      ____________ ______________ _____________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________________

      _____________ ____________ ______________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 8 ақпандағы
№ 19 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 8 ақпандағы № 59
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2019 жылғы
10 шілдедегі № 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
3-1-қосымша

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне астық қабылдау кәсіпорындарына қатысты астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      ________________________________________________________ қатысты

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __

      __________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт_____________________________________

      __________________________________________________________________
№, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________

      __________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру коды __________

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Меншік құқығындағы астық сақтау орнының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) болуы



2

Технологиялық жабдықтар: астық тазалау машиналарының, астық кептіру жабдығының, таразы жабдығының (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көлік жабдығының, жылжымалы көлік жабдығының, белсенді желдету жабдығының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы



3

Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған алаңдардың болуы



4

Өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған өндірістік-технологиялық зертхананың болуы



5

Тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiмі, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiмі) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы



6

Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы



      Лауазымды адам (дар) ___________________________________________

      ____________ ______________ ___________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________________

      _____________ ____________ ___________________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады