"Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 262 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 19041 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесінде:

      көрсетілген Ережеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 18 шілдедегі
№ 19041 бұйрығына
қосымша
  Ветеринариялық бақылау
бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
инспекторларының нысанды
киімді (погонсыз) киіп жүру
туралы ережесіне
қосымша

Қазақстан Республикасының облыстарына, республикалық маңызы бар қалаларына және астанасына бекітіліп берілген, латын әліпбиінің әріптерімен белгіленген литерлік кодтар

Р/с
Атауы Бекітіліп берілген әріптік символ

1

Нұр-Сұлтан қаласы

Z

2

Алматы қаласы

A

3

Шымкент қаласы

Y

4

Ақмола облысы

C

5

Алматы облысы

B

6

Ақтөбе облысы

D

7

Атырау облысы

E

8

Шығыс Қазақстан облысы

F

9

Жамбыл облысы

H

10

Батыс Қазақстан облысы

L

11

Қарағанды облысы

M

12

Қызылорда облысы

N

13

Қостанай облысы

P

14

Маңғыстау облысы

R

15

Павлодар облысы

S

16

Солтүстік Қазақстан облысы

T

17

Түркістан облысы

X


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады