"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19055 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11637 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тілінде өзгеріссіз;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар, терминдер мен аббревиатуралар:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      2) әуеайлақ минимумы – осы әуеайлақта осы үлгідегі әуе кемесінің ұшуын және қонуын орындауға рұқсат етілетін ұшып-қону жолағы мен бұлттардың төменгі шектік биіктігіндегі (немесе шешім қабылдау биіктігіндегі) көрінімдердің ең аз рұқсат етілетін мәні;

      3) әуеайлақтың жарық сигнал беру жабдығының жүйесі – әуеайлақта белгілі схема бойынша орналастырылған және көрінімнің әртүрлі жағдайында әуе кемелерінің ұшып шығуын, қонар алдындағы соңғы кезеңін, қонуы мен жермен жүруін қамтамасыз етуге арналған жарық сигнал беру аспаптарының, электр жабдықтары мен басқару аппараттарының жиынтығы;

      4) әуежай объектілерін электрмен қоректендірудің бұзылуы – электрмен қоректендірудің осы объектіні резервтік қуат көзіне ауыстыру үшін белгіленген мерзімнен кем уақытқа ажыратылуы;

      5) әуежайды электрмен жабдықтаудың сыртқы, тәуелсіз көзі – басқа қуат көздерінде кернеу жоғалған кезде, кернеу сақталатын энергия жүйесінің буыны әуежай объектілерін қоректендіретін электр станциясы, қосалқы станция;

      6) әуежай объектілерін электрмен қоректендірудің істен шығуы – осы объекті үшін резервтік қуат көзіне көшу үшін белгіленген уақыттан ұзағырақ уақытқа электрмен қоректендіруді ажырату;

      7) автономды электрмен қоректендіру көзі – әуежайдың электр жүйесімен байланысы жоқ және кепілдікті электрмен қоректендіру қалқанына немесе тікелей электр-қабылдағыштарға қосылған электрмен қоректендіру көзі;

      8) аз қарқынды от – жарық күші 10000 канделден төмен жарық сигнал беретін от;

      9) глиссада - қонуға бет алудың соңғы кезеңінде әуе кемесінің төмендеуі үшін белгіленетін ұшу бейіні;

      10) глиссадалық оттар – глиссаданы көзбен көріп индикациялауға арналған оттар;

      11) жарықтың орташа күші – жарық шоғыры шашуының берілген бұрыштары шегінде барлық бағыттар бойынша жарық күшінің орташаланған мәні;

      12) жоғары қарқынды от – жарық қүші 10000 кандел және одан көп жарық сигнал беретін от;

      13) қауіпті аймақ – әуе кемелерін қоса алғанда, онда көлік құралдары болған кезде радиомаяктар сипаттамаларының рұқсат етілмейтін бұрмалануын туындататын бағыттық немесе глиссадалық радиомаяктар айналасындағы кеңістік:

      14) от – жарық сигнал беру жүйесінің негізгі элементі болып табылатын, жарық таратудың берілген қисығы бар жарық аспабы;

      15) оттың істен шығуы – қандай да бір себеппен жарықтың орташа күшінің берілген сәуле шашу бұрыштарында жаңа оттың нормалық жарық күшімен салыстырғанда 50% астам төмендеуі;

      16) электрмен қоректендірудің кепілдікті жүйесі - нормативтік мерзімнен аспайтын уақыт ішінде электрмен жабдықтауды (электрмен қоректендіруді) қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қоректендірудің резервтік жүйесі;

      17) резервті электрмен қоректендіру көзі - негізгі көзден электрмен қоректендіру бұзылған кезде электр қабылдағыштарға қосылатын және негізгі көзден электрмен қоректендіруді қалпына келтіру үшін қажетті барынша уақыттан асатын уақыт ішінде электрмен қоректендіруді қамтамасыз ететін электрмен қоректендіру көзі;

      18) талдау – персоналдың кәсіби дайындығын жетілдіру, жұмыстағы ауытқуларды жою және олардың алдын алу мақсатында жұмысты орындау сапасын талдау;

      19) электрмен жабдықтау – әуежай мен оның объектілерін энергия жүйесінен электр қуатымен қамтамасыз ету;

      20) электр қондырғылары – электр энергиясын өндіруге, өзгертуге, трансформациялауға, беруге, бөлуге және оны энергияның басқа түріне айналдыруға арналған машиналардың, желілік аппараттар мен қосымша жабдықтардың (осылар орнатылған ғимараттары және үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

      21) электрмен қоректендірудің үздіксіз жүйесі – технологиялық жабдық жұмысының үзіліссіздігі бұзылмайтындай уақыт ішінде электрмен жабдықтауды (электрмен қоректендіруді) қалпына келтіруді қамтамасыз ететін электрмен қоректендіру жүйесі;

      22) ҰЭЖТҚЕ – ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;

      23) көрінім - атмосфералық жағдайлармен анықталатын және арақашықтық өлшем бірлігімен көрсетілетін күндіз жарықтандырылмаған анық көрінетін және түнде жарықтандырылған анық көрінетін объектілерді көру мен тану мүмкіндігі;

      24) ұшу-қону жолағындағы көрінім (ұшу-қону жолағындағы көрінім қашықтығы) – ұшу-қону жолағының остік сызығындағы әуе кемесінің ұшқышы ұшу-қону жолағы жамылғысының таңбалануын немесе оны шектейтін немесе оның остік сызығын белгілейтін оттарды көре алатындай шектегі ең ұзақ қашықтық;

      25) желілік от – ең үлкен аралықпен көлденең желі бойына орнатылып, қашықтықтан қысқа жарық жолағы болып көрінетін екі немесе одан да көп оттар;

      26) Қызмет объектілері – ұшуды жарықпен техникалық қамтамасыз етуге, 10 (6) киловольттық кернеуді 0,4 киловольтқа трансформациялауға, электр энергиясын әуежай объектілерінің, авиакәсіпорындарының қызметтік және жолаушы объектілері электр күш жабдықтары арасында беру және бөлуге арналған электрлі қондырғылары бар объектілер; өнеркәсіптік энергия жиілігін басқа энергия күшіне немесе басқа жиіліктегі энергия күшіне өзгертуге, өндірістік мақсаттағы объектілердің ішінде электр энергиясын беру мен бөлуге арналған басқа қызметтер объектілері, электр қондырғылары бар объектілер, сондай-ақ олардың электр күш және жарық беру жабдықтары.";

      58 - тармақ алып тасталсын;

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Жарықпен сигнал беру жабдығын пайдаланудың жарамдылық куәлігін беруді, ұзартуды, жаңарту мен ауыстыруды осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізеді.";

      8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 16 шілдедегі
№ 509 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Азаматтық авиациясының
ұшуды электрлі жарықпен
техникалық қамтамасыз
ету қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

_______________________________ (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым) ____________________________ (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның мекенжайы) Жарықпен сигнал беру жабдығының пайдалануға жарамдылық куәлігі

      ЖСЖ сериясы № ___________

      20____ ж. "____ "_______ берілді 20___ ж. "___" _______ дейін жарамды

      1. Азаматтық авиация ұйымының (әуеайлақтың) атауы ___________________

      2. Магниттік бағамы: МҚБ ________ МҚБ ______________________________

      3. Орнатылған жабдықтың үлгісі және жүйе санаты:______________________

      ___________________________________________________________________

      4. Пайдалана басталған жыл __________________________________________

      5. Жарықпен сигнал беру жабдығының пайдалануға жарамдылық куәлігін тіркеу және беру үшін негіздеме:_____________________________________

      6. Осы куәлік ____________________________ әуеайлағының жарықпен сигнал беру жабдығының нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландырады

      7. Пайдаланымдық шектеулер __________________________________________

      8. Инспекциялық бақылауды ___________________________ жүзеге асырады.

      Азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті ұйымның басшысы                  _____________

                                                            (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады