"Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 710 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 19060 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 666 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 04.10.2024 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" 2019 жылғы 22 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16427 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрыққа қосымшада:

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады