Кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 шілдеде № 19071 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 31.07.2025 дейін қолданыста болады

      "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кірісе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.02.2023 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және "Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Райымқұлова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 206 бұйрығымен
бекітілген

Кинематография саласындағы субсидияларды төлеудің қағидалары мен шарттары

      Ескерту. Қағидалары мен шарттары жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.02.2023 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кинематография саласындағы субсидияларды төлеудің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) кинематография саласындағы субсидияларды төлеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайданылады:

      1) киножоба – фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көрнекі материалдары) жиынтығы (топтамасы);

      2) кинематография саласындағы субсидия (бұдан әрі – субсидия) – кинематография саласындағы субсидияны беруге келісім жасасқан шетелдік заңды тұлғаға, оның филиалына немесе өкілдігіне өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджеттік субсидияның түрі;

      3) кинематография саласында субсидия беруге арналған келісім (бұдан әрі – Келісім) – қазақстандық тарап субсидия төлеуге, ал шетелдік заңды тұлға, оның филиалы немесе өкілдігі - Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бөлігі) шығаруға міндеттенетін шарт.

2-тарау. Кинематография саласындағы субсидияларды төлеудің тәртібі мен шарттары

      3. Субсидия Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бір бөлігін) шығаруға байланысты тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын отыз пайызға дейін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен – кинематография саласындағы субсидияларды төлеу жөніндегі бірыңғай операторымен (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) өтеу жолымен беріледі.

      4. Субсидия беру шарттары:

      1) субсидияларды алушы шетелдік заңды тұлға, оның филиалы немесе өкілдігі болып табылады (бұдан әрі – Инвестор);

      2) Қазақстан Республикасында фильмді (немесе оның бөлігін) шығару болып табылады.

      5. Субсидияларды алу үшін инвестор күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін Бірыңғай операторға келесі құжаттар мен материалдарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш;

      2) инвестордың заңды мәртебесін растайтын құжат;

      3) құрылтай құжаттары;

      4) фильмнің қысқаша мазмұны (синопсис);

      5) киножоба;

      6) осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес фильмді (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты жоспарланатын шығындардың есептеулері;

      7) фильмнің атауы, сценарий авторы (авторлары), қоюшы-режиссер, кинематографиялық қызмет субъектісі туралы қысқаша ақпарат, негізгі кейіпкерлердің сипаттамасы, тизер-постер, плакат немесе басқа да жарнамалық материалдар көрсетілетін киножобаның тұсаукесері.

      Шет тіліндегі құжаттар мен материалдарға олардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.

      Ұсынылған құжаттар мен материалдар рецензияланбайды және қайтаруға жатпайды.

      6. Бірыңғай оператордың сұранысы бойынша инвестор жетіспейтін құжаттар мен материалдарды сұраныс түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      7. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен материалдарды Бірыңғай оператор күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейінгі мерзімде қарайды.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен құжаттар мен материалдар, алдағы жылы субсидияларды берудің орындылығы тұрғысынан күнтізбелік жыл ішінде қаралуға жатады.

      8. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен материалдар мына жағдайларда құжаттарды және материалдарды қарау мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қараусыз қайтарылады:

      1) инвестордың осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келмейтін құжаттар мен материалдарды немесе құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

      2) инвестордың дұрыс емес немесе бұрмаланған ақпарат беруі.

      Ұсынылған құжаттар мен материалдар осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, инвестор оларды жою кезінде құжаттарды қабылдау үшін белгіленген мерзім кезеңінде қайта ұсынуға құқылы.

      9. Келіп түскен құжаттар мен материалдарды қарау мерзімінің аяқталуынан бастап бірыңғай оператор 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ, қажет болған жағдайда басқа тілдерде, келісімнің жобасын дайындайды және оны келісу үшін кинематография саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жібереді.

      10. Уәкілетті орган Келісімнің жобасын 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және келіседі. Келісім уәкілетті лауазымды тұлғаның қолын және күнін қою арқылы рәсімделеді.

      11. Уәкілетті органмен келісілгеннен кейін Бірыңғай оператор инвесторға Келісімнің жобасын қазақ және қажет болған жағдайда, басқа тілдерде екі данада қол қою үшін жібереді.

      12. Инвестор Бірыңғай оператор келісілген және қол қойылған Келісім жобасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған қол қояды, содан кейін Келісім жасалған болып есептеледі. Жасалған келісімнің бір данасын инвестор өзіне қалдырады, екінші данасын – Бірыңғай операторға қайтарады, көшірмесі Бірыңғай оператормен уәкілетті органға жіберіледі.

      Келісімге өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда осы тараумен белгіленген тәртіппен қосымша келісім жасалады.

      13. Инвестор жасалған Келісім негізінде Қазақстан Республикасында фильмнің (немесе оның бір бөлігінің) өндірісін іске асырады.

      14. Субсидияларды алу мақсатында инвестор фильмнің (немесе оның бөлігінің) өндірісі аяқталғаннан кейін жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде фильмді (немесе оның бір бөлігін) шығаруға байланысты шығындар туралы есепті және түсірілген материал мен инвестордың шығындарын растайтын құжаттардың көшірмелерін (бұдан әрі – есеп) қоса бере отырып, Бірыңғай операторға ұсынады.

      15. Субсидияларды төлеу Қазақстан Республикасының азаматтарымен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көрсетілген, сатып алынған және орындалған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты қызметтер:

      актерлер мен түсіру тобын жалдау бойынша;

      жабдықтарды және түсіру тобының мүшелерін сақтандыру бойынша;

      көлікті пайдалану бойынша, оның ішінде арнайы;

      тұрғын үй-жайды жалдау бойынша;

      үй-жайларды жалдау бойынша;

      жануарларды жалдау бойынша;

      2) фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты тауарлар:

      жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету, декорациялар жасауға арналған материалдар, жанар-жағармай материалдары;

      костюмдер, реквизиттер, грим және пиротехника;

      3) фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты декорациялар жасау жөніндегі жұмыстар.

      16. Бірыңғай оператор келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен анықтығы тұрғысынан есепті тексеруді жүзеге асырады және оны уәкілетті органға жібереді.

      17. Уәкілетті орган күнтізбелік жылдың 31 қаңтарына дейінгі мерзімде инвестордың келісімнің шарттарын сақтауы тұрғысынан есепті тексеруді жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты инвестордың шығындарын растайтын қосымша құжаттар мен материалдарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде сұратады.

      18. Уәкілетті орган Келісім шарттарының бұзылуы анықталған жағдайда, инвесторға субсидия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      19. Уәкілетті орган Бірыңғай оператор ұсынған есептің негізінде "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімге субсидия төлеу жөніндегі шығыстарды қамтиды.

      20. Бірыңғай операторға субсидия беру үшін қаражатты аударуды уәкілетті орган қаржыландыру жоспарына сәйкес келетін тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес есеп негізінде жүзеге асырады.

      21. Инвесторға субсидияны төлеуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Бірыңғай оператор жүзеге асырады.

  Кинематография саласындағы
субсидияларды төлеудің
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша

      Нысан

  "Ұлттық киноны қолдау
мемлекеттік орталығы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының
Басқарма төрағасына
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының не
сенімхат бойынша уәкілетті
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Өтініш

      Кинематография саласында субсидия төлеу үшін киножобаны қарауды сұраймын.

      Фильмнің атауы _________________________________________________________

      Жанры_________________________________________________________________

      Тілі ___________________________________________________________________

      Қысқаша аннотациясы ___________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Фильмнің көлемі (немесе оның бөлігі) (пайдалы метрмен немесе минутпен)______

      Режиссер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), азаматтығы), дебют (иә/жоқ)

      ______________________________________________________________________

      Сценарий авторы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), азаматтығы)

      ______________________________________________________________________

      Композитор (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), азаматтығы)

      ________________________________________________________________________

      Фильм (немесе оның бөлігін) шығару мерзімі _______________________________

      Фильмнің (немесе оның бөлігінің) жалпы құны (теңгемен) ____________________

      Заңды тұлғаның деректемелері ___________________________________________

      Заңды тұлға басшысының не сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаның қолы

      ___________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның мөр орны (бар болса)

  Кинематография саласындағы
субсидияларды төлеудің
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша

      нысан

Кинематография саласындағы субсидия беру туралы келісім

____________ қала

№ ____

" " _________ 20 __ жылы

      Осы кинематография саласындағы субсидия беру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес бұдан әрі "Бірыңғай оператор" деп аталатын Жарғы негізінде әрекет ететін Басқарма төрағасы ___________________ және бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын шетелдік заңды тұлға, оның филиалы немесе өкілдігі негізінде әрекет ететін ________________, бірлесіп "Тараптар" деп аталатын "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында ал әрқайсысы жоғарыда көрсетілгендей жеке-жеке жасалды.

      1. Терминдер мен анықтамалар

      1.1. Осы келісімде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) фильм шығару – нәтижесінде фильм жасалатын автордың шығармашылық ниетін іске асыру процесі;

      2) киножоба – фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көрнекі материалдары) жиынтығы (пакеті);

      3) кинематография саласындағы субсидия (бұдан әрі – субсидия) – кинематография саласындағы субсидияны беруге келісім жасасқан шетелдік заңды тұлғаға, оның филиалына немесе өкілдігіне өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджеттік субсидияның түрі.

      2. Келісімнің мәні

      2.1. Осы Келісімнің шарттары бойынша Инвестор Қазақстан Республикасында_________________ атауы бойынша фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға, ал Бірыңғай оператор субсидия төлеуге міндеттенеді.

      2.2. Субсидия осы Келісімнің қосымшасына сәйкес есепті және Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты инвестордың шығындарын растайтын құжаттар мен материалдады ұсыну міндеті шартымен Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын отыз пайызына дейін өтеу жолымен беріледі.

      3. Келісімнің сомасы және төлеу шарттары

      3.1. Жоспарланған субсидияның жалпы сомасы ___________ теңге және фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды (бұдан әрі – сома) қамтиды.

      3.2. Соманы Бірыңғай оператор акшалай қаражатты инвестордың есеп шотына аудару жолымен кинематография саласындағы уәкілетті орган аударған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.

      4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4.1. Бірыңғай оператор:

      1) Инвестордың Келісімнің шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;

      2) Инвестордан оның қызметінің нәтижелері, фильмді (немесе оның бөлігін) Қазақстан Республикасында шығаруға байланысты шығындар туралы қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқылы.

      4.2. Бірыңғай оператор:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инвесторға субсидия төлеуді жүзеге асыруға;

      2) Инвестор Келісімнің шарттарын бұзған жағдайда субсидия төлеуден бас тартуға міндетті.

      4.3. Инвестор:

      1) Келісімде көзделген міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға;

      2) Бірыңғай оператордың сұрауы бойынша өз қызметінің нәтижелері, фильмді (немесе оның бөлігін) Қазақстан Республикасында шығаруға байланысты шығындар туралы құжаттар мен материалдарды ұсынуға міндетті.

      4.4. Инвестор осы Келісімді іске асыруға байланысты Бірыңғай оператордан кеңес және барлық қажетті ақпаратты алуға құқылы.

      5. Тараптардың жауапкершіліктері

      5.1. Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) дұрыс емес орындағаны үшін жауапты болады.

      6. Құпиялылық

      6.1. Осы арқылы Тараптар Келісімнің шарттарына қатысты, олар Келісімді жасасу және орындау барысында алған ақпарат құпия болып табылатынына және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарын қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынына келіседі.

      7. Дауларды шешу

      7.1. Осы Келісімге байланысты немесе одан туындайтын даулар Тараптар арасындағы келіссөздер мен кеңестер арқылы шешіледі.

      7.2. Келіссөздер мен консультациялар жолымен реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

      8. Келісімнің шарттарын өзгерту

      8.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша келісім жасасу және мөрмен бекіту жолымен Тараптардың келісімі бойынша жасалған өзгерістер ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.

      9. Қорытынды ережелер

      9.1. Тараптар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда осы Келісім бойынша барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктер бойынша Тараптардың құқықтық мирасқорларына ауысады.

      9.2. Осы Келісім қазақ және ___________ тілдерінде 2 (екі) бірдей данада әрбір тарап үшін 1 (бір) данадан жасалды, олардың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.

      9.3. Осы Келісім Тараптар жасаған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Келісімде көзделген өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      9.4. Осы Келісіммен реттелмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      10. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары

Бірыңғай оператор

Инвестор

Қазақстан Республикасы
Заңды мекен-жайы: ____________
Байланыс үшін: _______________
Банктік реквизиттер: _____________
мөр орны

Ел:___________________________
Заңды мекен-жайы: ____________
Байланыс үшін: _______________
Банктік реквизиттер: ___________
мөр орны (бар болса)



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі _______________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы
Қолы: ________________
Күні ________________
Мөр орны


  Кинематография саласында
субсидия беру туралы келісіміне
қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бөлігін) шығаруға байланысты шығыстар туралы есеп

      Инвестордың атауы: _____________________________________________

      Келісімнің нөмірі және күні:_______________________________________

      Фильм (немесе оның бір бөлігі) өндірісінің мерзімі: ___________________

      Келісімде қарастырылған субсидяның жалпы сомасы: _________________

Шығыстардың атауы

Шығыстарды төлеу туралы растайтын құжаттың нөмірі (чектер, квитанциялар және басқа да растайтын құжаттар)

Теңгеде шығыстарды төлеу сомасы

1.




2.




3.




4.




5.




Барлығы:


      Фильм (немесе оның бір бөлігін) шығаруға байланысты инвестордың шығындарын растайтын қоса берілетін құжаттар мен материалдардың тізбесі:

      1._____________________________________________________________

      2.______________________________________________________________

      3.______________________________________________________________

      Есептің берген күні: __________________

      Инвестордың аты-жөні (бар болса):___________

      Инвестордың қолы: _________________

      Мөр орны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады