Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 шілдеде № 19090 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4 11-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің 2019 жылғы
23 шілдедегі № 532 бұйрығымен
бекітілген

Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптар 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптар "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Талаптар) және Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Талаптарда мынадай анықтамалар пайданылады:

      1) мамандандырылған бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі – МБҚ) – міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу нәтижелері туралы ақпаратты қалыптастыруды, сақтауды және міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне автоматты түрде беруді жүзеге асыратын бақылау-диагностикалық жабдықты басқару үшін бағдарламалық қамтылым;

      2) сәйкестендіру кілті – механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне диагностикалық картаны жіберу кезінде пайдаланылатын МБҚ айқындау және өзара әрекет ету үшін МБҚ бастапқы бағдарламалық кодта шифрленген электрондық цифрлық нышандардың жиыны;

      3) бастапқы бағдарламалық код – бағдарламалаудың қандай да бір тіліндегі немесе белгілеу тіліндегі адам оқи алатын және қайтадан пайдаланылатын компьютерлік бағдарлама мәтіні.

2-тарау. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптар

      3. МБҚ:

      1) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде (МТҚ қызметкері) әрбір пайдаланушы үшін (БҚ) жеке тұлғаның ЭЦҚ арқылы жеке авторландыру;

      2) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тану;

      3) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің параметрлерін диагностикалық жабдықтардан беру;

      4) міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімділігіне сәйкес кейінгі міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімін автоматты түрде белгілеу;

      5) нақты уақыт режимінде міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу нәтижелері бойынша БАЖ-ға сенімді мәліметтерді ұсыну;

      6) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тексеру нәтижелері бойынша техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын қалыптастыру;

      7) бақылау-диагностикалық жабдық оған қосылмаған және конфигурациялау кезінде әкімші алдын ала белгілегендерден басқа, камералардың өзге үлгілерінен фотосуретті алған кезде "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-ға техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын қалыптастыруға және жөнелтуге автоматты түрде бас тарту;

      8) техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын мемлекеттік және орыс тілдерінде және өлшеу хаттамасын экран мен баспаға, сондай-ақ ауытқуларды көрсете отырып, тармақтары белгіленген нормативтерге сәйкес келмейтін диагностикалық картаның екінші парағына шығару;

      9) роликті тежегіш стендте алдыңғы осьтің немесе тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы осін тежегіш жүйесінің көрсеткіштерін алу кезінде көлік құралын фотокамерадан және бейнекамерадан түсіруді қамтамасыз ету;

      10) бақылау-диагностикалық жабдықтардан, фотокамералар мен бейнекамералардан алынған деректерді түзетуге жол бермеу;

      11) дерекқордың резервтік көшірмелерін жасау;

      12) резервтік көшірмелерден дерекқорды қалпына келтіру;

      13) HDD дискісі істен шыққан жағдайда дерекқордың тұтастығын тексеру;

      14) автоматты жаңартуларды орнатуды қолдау;

      15) МБҚ жаңарту туралы ақпаратты логиндеу (тіркеу), сәйкестендіру белгілерін, сондай-ақ әрбір пайдаланушының әрекеттерін көрсете отырып, жабдықты қосу және ауыстыру;

      16) IP, Web және ұқсас камералардың жұмысын қолдау;

      17) айына 1 рет парольді ауыстыру;

      18) тіркелген фотосуреттің геолокациясын көрсете отырып, кадрды түсіру арқылы IP-камераның бейне ағынынан тікелей техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасында деректерді қабылдау және фотосуретті түсіру;

      19) "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ операторының сұрау салуы бойынша логиндеу тарихын ұсыну функцияларын орындайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-1. МБҚ аппараттық-бағдарламалық кешеннің тиісті жұмысын қамтамасыз етеді және техникалық қарап-тексеру операторының өтінімі бойынша бір жұмыс күнінен кешіктірмей техникалық қарап-тексеру орталығы орналасқан жерге барады және ақауларды жояды.

      МБҚ иесі "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ жеке кабинетінде МБҚ және техникалық қарап-тексеру операторы арасында қолданыстағы шарттық қатынастардың ашылуы мен жарамдылығына өтінімді растайды.

      МБҚ иесі техникалық қарап-тексеру операторының "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-да өзекті электрондық журналды жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы талаптарға сәйкес келетін МБҚ-ға БАЖ операторы берген бірегей сәйкестендіру кілті беріледі.

      5. Сәйкестендіру кілтін БАЖ операторы екі айда бір рет немесе көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жаңартады.

      6. МБҚ қабылдайтын және БАЖ-ға берілетін көлік құралы фотосуретінің тік және көлденең бойынша пикселдер саны 1280х720 нүктеден кем болмауы, пішімі болуы тиіс .jpeg немесе .png және RGB түстерінің форматы 16 биттен кем емес, түстердің палитрасы сұр реңктерді қамтымауы тиіс.

      7. Техникалық қарап-тексеру нәтижелерінің деректері, көлік құралының фотосуреті, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің дербес деректері шифрланған дерекқорда сақталады.

      8. МБҚ жаңарту оны қорғау деңгейін өзгертуге немесе бұзуға, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптары сәйкестігінің бұзылуына әкелмеуі тиіс.

      9. Бақылау-диагностикалық жабдықтардан көрсеткіштер көлік құралының диагностикалық желі бойынша өтуіне қарай нақты уақыт режимінде беріледі.

      10. МБҚ рұқсатсыз кіруден қорғау мынадай жалпы талаптарды орындаумен қамтамасыз етіледі:

      1) жергілікті есептеу желісін сыртқы қатерлерден қорғау;

      2) пайдаланушының атын (логинін) және парольді тексеру және ашық кілттер инфрақұрылымының цифрлық сертификаттарына негізделген пайдаланушыны сәйкестендіру негізінде пайдаланушыны сәйкестендіру;

      3) тиісті рұқсаттардың болуын талап ететін МБҚ ақпараттық-есептеу ресурстарына қол жеткізу үшін пайдаланушыны авторландыру;

      4) пайдаланушылардың деректерді енгізу, түзету, қарау құқықтарын дербестендірілген (жеке) анықтау;

      5) пайдаланушылардың МБҚ ресурстарына қол жеткізу құқықтарын дербестендірілген (жеке) айқындау;

      6) МБҚ-ның сыни функциялары мен қосымшаларымен пайдаланушылардың жұмысын хаттамалау;

      7) жүйелік файлдарды авторизацияланбаған пайдаланушылармен және бағдарламалық процестермен өзгертуден/зақымданудан қорғау;

      8) қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің алдыңғы нұсқалары төтенше жағдай болған жағдайда сақталады;

      9) МБҚ бағдарламалық қамтылымның жаңартуларын тестілеу осы үшін арнайы бөлінген серверлік жабдықта орындалады;

      10) МБҚ компоненттері функционалдық талаптарға, өнімділікке, басқа жүйелерге әсер етуге және осалдықтардың болмауына сыналады;

      11) бағдарламалық қамтылымның ескі нұсқалары мұрағатта барлық қажетті ақпаратпен және параметрлермен, рәсімдермен, конфигурация бөлшектерімен және қосымша бағдарламалық қамтылыммен бірге деректер мұрағатта сақталатындай етіп сақталады;

      11) МҚБ жұмыс станцияларында пайдаланушылардың белсенділігін мониторингтеу және деректердің бұзылуын болдырмау жүйесін енгізу.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс қимылды жүзеге асыратын МҚБ сенімді бағдарламалық қамтылымдар және электрондық өнеркәсіптің өнімдер тізіліміне кіреді.

      Техникалық қарап-тексеру операторларының әрекеттерін бақылау үшін МҚБ-да DLP функциясын қосу.

      Ескерту. Қағида 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көлік құралының типі мен жіктемесіне сәйкес көлік құралын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін белгіленгеннен уақыттан аз көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізген кезде механикалық көлік құралдарын және оның тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне техникалық қарап-тексерудің диагностикалық карталарын қалыптастырудан және жөнелтуден автоматты түрде бас тарту: O-1, L-1-7 – 15 минут, санаты М-1 -20 минут, санаттары М-2, М-3, N-1, N-2, N-3, О-2, О-3, О-4 –30 минутты құрайды.

      Ескерту. Қағида 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады