Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 583 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19162 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 583 бұйрығымен
бекітілді

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелді, 2015 жылғы 2 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:

      9-тармақта:

      1) тармақшаның орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) экология бөлігі бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – тиісті бөлім бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша он жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адамдар;";

      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "25. Қолданылу мерзімі шектеліп берілген сарапшының аттестаты жергілікті атқарушы органда "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-6-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сарапшы аттестаттаудан қайта өтпей, қолданылу мерзімі шектелмейтін аттестатқа өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуге жатады".

      2. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9994 болып тіркелді, 2014 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):

      көрсетілген бұйырықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйырықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы тізілімге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12620 болып тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалар мен рұқсат беру талаптарында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Аттестаттау тәртібі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Құжаттардың рұқсат беру талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ басқа ұйымдарда қызметін қоса атқаруды анықтауды аттестаттау орталығы басшысының бұйрығымен тағайындалатын жауапты қызметкер қарайды.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Өтініш берушілер ұсынған құжаттар электронды және (немесе) қағаз түрде аттестаттау орталығының мұрағатында 5 (бес) жыл бойы сақталуы тиіс.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Аттестаттау орталығы аттестаттау орталығы басшысының қолымен, Excel форматында электрондық нысанда қағаз түрінде есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ай сайын уәкілетті органға мынадай ақпарат ұсынады:

      1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізіліміне енгізілген, берілген біліктілік аттестаттарының саны;

      2) біліктілік аттестаттарын беруден бас тартулардың саны;

      3) біліктілік аттестаттарын алуға өтініш жасаған адамдардың толық тізімі.";

      2-қосымша осы тізілімге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер
мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 136 бұйрығымен
бекітілді

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Ескертпе

1

2

3

4

1-бөлім. Іздестіру қызметі

1

Штатында іздестіру қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник жұмыскерлердің біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


2

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, егер ол жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы келмесе, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

меншік құқығындағы өндірістік база болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады

3

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы:
1) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары, құралдары, механизмдері, құрылғылары;
2) инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүзеге асырған кезде есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютер

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


4

жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


5

жауапты инженер-техник жұмыскердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


2-бөлім. Жобалау қызметі

1-тарау. Жобалау қызметімен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

6

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, аға конструтор, жобалаушы жетекші инженер.
Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар үшін штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатысушы мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен берілген тиісті рұқсат құжаты бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы тиіс

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


7

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

меншік құқығындағы өндірістік база болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады

8

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


2-тарау. Жобалау қызметімен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

9

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы:
жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, аға конструктор, жобалаушы жетекші инженер.
Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар үшін штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатысушы мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен берілген тиісті рұқсат құжаты бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы тиіс

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


10

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

меншік құқығындағы өндірістік база болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады

11

лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


12

лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға шетелдік тұлғалар үшін лицензия немесе өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады

лицензияның немесе "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылған шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі


13

бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі

3-тарау. Жобалау қызметімен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

14

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы:
жобаның бас инженері,
жобаның бас сәулетшісі,
аға конструктор,
жобалаушы жетекші инженер.
Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар үшін штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатысушы мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен берілген тиісті рұқсат құжаты бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы тиіс

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


15

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

меншік құқығындағы өндірістік база болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады

16

лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


17

лицензиаттың кемінде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асырған тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі не ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі.
Жұмыс тәжірибесі лицензияны алған күннен бастап есептеледі.
Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады.
Шетелдік тұлғалар үшін жұмыс тәжірибесі ретінде жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға тең келетін рұқсат беру құжаты есепке алынады.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін алты жыл жұмыс тәжірибесі. 
Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті бір немесе бірнеше заңды тұлғасы және шетелдік бір немесе бірнеше заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің жиынтығы 40 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды

лицензияның немесе "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылған шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның ұсынымдары.
Қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаға және Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаға – қатысушыға (акционерге) жарғылық капиталына қатысу үлестері (үлестер немесе акциялар) 40 немесе одан көп тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғаға жобалау қызметімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның І санаттағы лицензиясының көшірмесі, әрбір қатысушының (акционердің) қатысу үлесін көрсете отырып, қатысушының (акционердің) құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушы (акционер) – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат беріледі


18

құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бас мердігер ретінде бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы.
Құрылтайшылары жобалау қызметімен айналысатын Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін алты жыл жұмыс тәжірибесі. 
Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті бір немесе бірнеше заңды тұлғасы және шетелдік бір немесе бірнеше заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің жиынтығы 40 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі

3-бөлім. Құрылыс-монтаждау жұмыстары

4-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

19

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы:
жобаның бас инженері, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, учаске бастығы, жұмыс жүргізуші, мастер.
Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар үшін штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатысушы мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен берілген тиісті рұқсат құжаты бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы тиіс

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


20

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, егер ол жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы келмесе, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

меншік құқығындағы өндірістік база болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады

21

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


5-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

22

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, учаске бастығы, жұмыс жүргізуші, мастер.
Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар үшін штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатысушы мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен берілген тиісті рұқсат құжаты бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы тиіс

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


23

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, егер ол жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы келмесе, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

меншік құқығындағы өндірістік база болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады

24

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


25

лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия немесе шетелдік тұлғалар үшін өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады

лицензияның немесе "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылған шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі


26

бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі

6-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

27

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері,өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, учаске бастығы, жұмыс жүргізуші, мастер.
Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар үшін штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатысушы мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен берілген тиісті рұқсат құжаты бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы тиіс.

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


28

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, егер ол жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы келмесе, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің жиынтығы 40 немесе одан астамын құрайтын Қазақстан Республикасының резиденті бір немесе бірнеше заңды тұлғасы болып табылатын заңды тұлғада кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығындағы өндірістік базаның болуына жол беріледі. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының резидентінде құрлыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға І санаттағы лицензия болуы қажет.
Қазақстан Республикасының резиденті емес өз елінде меншік құқығында өндірістік базасы бар болса да, оның Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік базаны кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) және (немесе) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, егер ол жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы келмесе, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базасының болуы тиіс

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

меншік құқығындағы өндірістік база болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады

29

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


30

лицензиаттың кемінде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі не ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Жұмыс тәжірибесі лицензия алған күннен бастап есептеледі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады.
Шетелдік тұлғалар үшін жұмыс тәжірибесі ретінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға тең келетін рұқсат беру құжаты есепке алынады. 
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін алты жыл жұмыс тәжірибесі. 
Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті бір немесе бірнеше заңды тұлғасы және шетелдік бір немесе бірнеше заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің жиынтығы 40 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды

лицензияның немесе "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылған шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі.
Қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаға және Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаға – қатысушыға (акционерге) жарғылық капиталына қатысу үлестері (үлестер немесе акциялар) 40 немесе одан көп тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғаға жобалау қызметімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның І санаттағы лицензиясының көшірмесі, әрбір қатысушының (акционердің) қатысу үлесін көрсете отырып, қатысушының (акционердің) құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушы (акционер) – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат беріледі


31

бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін алты жыл жұмыс тәжірибесі. 
Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті бір немесе бірнеше заңды тұлғасы және шетелдік бір немесе бірнеше заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің жиынтығы 40 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер
мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
2-қосымша

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техника жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі рұқсат беру талаптары

Р/с №

Аттестаттау мамандығы

Біліктілік талаптары

Білімі

Жұмыс тәжірибесі

1-тарау. Жобалау қызметі

1.

Жобаның бас инженері

Жоғары, құрылыс саласында

Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

2.

Жобаның бас сәулетшісі

Жоғары, сәулет саласында

Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

3.

Бас конструктор:
тірек және қоршау конструкциялары бойынша:
гидротехник;
құрылыс жобалау.
Инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша:
желдету және жылу газбен жабдықтау;
сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру;
байланыс инженері;
инженер-электрик; мұнай және газ инженері.
Көлік құрылысы бойынша:
автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жолдар инженері.
Технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты

Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

4.

Сәулет бойынша жетекші инженер жобалаушы:
тірек және қоршау конструкциялары бойынша:
гидротехник;
құрылыс жобалау.
Инженерлік желілер мен құрылыстары бойынша:
желдету және жылу газбен жабдықтау;
сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру;
байланыс инженері;
инженер-электрик; мұнай және газ инженері.
Көлік құрылысы бойынша:
автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
теміржолдар инженері.
Технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты
Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты

Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде үш жыл
Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстары

5.

Бас инженер

Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша және (немесе) құрылыс ұйымдарында басшылық лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде бас инженер немесе бас инженердің орынбасары лауазымында кемінде бір жыл

6.

Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы

Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты

Құрылыс саласында маман және (немесе) басшы лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы немесе бастығының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл

7.

Учаскенің бастығы:
тірек және қоршау конструкциялары бойынша:
гидротехник;
құрылыс жобалау.
инженерлік желілер мен құрылыстары бойынша:
желдету және жылу газбен қамту;
сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру;
байланыс инженері;
инженер-электрик; мұнай және газ инженері.
көлік құрылысы бойынша:
автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
теміржолдар инженері. технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты
Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты

Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл
Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде жеті жыл

8.

Жұмыс жүргізуші:
тірек және қоршау конструкциялары бойынша:
гидротехник;
құрылыс жобалау.
инженерлік желілер мен құрылыстары бойынша:
желдету және жылу газбен жабдықтау;
сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру;
байланыс инженері;
инженер-электрик; мұнай және газ инженері.
көлік құрылысы бойынша:
автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
теміржолдар инженері.
технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты
Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты

Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл.
Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде жеті жыл

9.

Мастер:
тірек және қоршау конструкциялары бойынша:
гидротехник;
құрылыс жобалау.
инженерлік желілер мен құрылыстары бойынша:
желдету және жылу газбен жабдықтау;
сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру;
байланыс инженері;
инженер-электрик; мұнай және газ инженері.
көлік құрылысы бойынша:
автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жолдар инженері.
технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты
Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты

Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде бір жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл.
Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады