"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына және "Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 593 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19165 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген, Әділет ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 шілдеде тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген, Әділет ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 шілдеде тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттың талаптары:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) белгіленген үлгідегі құжат (куәлік, сертификат) – авиациялық оқу орталығы және/немесе азаматтық авиация ұйымы әзірлеген, уәкілетті ұйыммен келісілген авиациялық персоналды кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағанын куәландыратын, азаматтық авиация жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат беру рәсімдері шеңберінде қызметтің белгілі бір түрін орындауға құқық беретін құжат;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) емтихан алушы (емтихан алатын немесе аттестаттайтын маман) – авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесіне кірген, уәкілетті ұйым белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлға;

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. жаттығу құрылғысында даярлау – авиация персоналын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен имитациялайтын құрылғылардың көмегімен практикалық дағды мен машықты игереді, ұстайды және жетілдіреді;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптар";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметті және пайдаланылатын рәсімдерді сипаттау, саясатты, оқыту бағдарламалары мен процестерін іске асыру үшін АОО-ның уәкілетті ұйыммен келісілген мынадай құжаттары болады:

      1) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау;

      2) сапа жөніндегі нұсқау;

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларына сәйкес әзірленген кәсіптік даярлау бағдарламалары.

      5. Өз қызметінің заңдылығын растау үшін АОО-да мыналар болуға тиіс:

      1) саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген кәсіптік даярлау бағдарламалары;

      2) АОО басқарушы, нұсқаушы және емтихан алушы персоналының біліктілігін растайтын құжаттары.";

      13-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Егер АОО куәлік беруге немесе авиация персоналының біліктілік белгісімен байланысты емтихандар, сынақтар қабылдауды немесе тестілеуді жүзеге асырса (жүзеге асыруды жоспарласа), онда уәкілетті персоналдың іріктеуінің, рөлі мен міндеттерінің, сондай-ақ осы мақсатта қолданылатын куәлікті беретін уәкілетті ұйым белгілеген талаптардың сипаттамасы ұсынылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. АОО-ның сапаны қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың басты мақсаты оқыту курстарын іске асыру үшін белгіленетін стандартталған рәсімдерді, сондай-ақ уәкілетті ұйым шығарған талаптар мен құжаттарды қатаң сақтай отырып, қажетті нәтижелерге қол жеткізу болып табылады;";

      49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Кәсіби даярлау, тестілеу немесе тексеру бағдарламаларын іске асыру кезінде пайдаланылатын және жұмыс бойынша сынақ алу не емтихан тапсыру көзделген барлық оқу жаттығу құралдары, ұшу немесе әуе қозғалысының имитаторлары осы құралдардың жарамдылығы туралы қорытынды бере отырып, уәкілетті ұйымның бекітуі қажет.

      50. Мұндай қорытынды алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға мақұлдау рәсімін өткізу туралы еркін нысанда жазылған хат жіберіледі.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Ұсынылған құжаттардың негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым не мәлімделген жаттығу құрылғысын, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторын инспекциялық тексеруді жүргізу туралы, не теріс немесе оң қорытынды беру туралы, не қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы шешім қабылдайды.";

      77, 78, 79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Біліктілік бағалауды арнайы оқудан өткен және уәкілетті ұйымның осы функцияларын орындау үшін тағайындалған емтихан алушылар (емтихан алушылар, тестілеуші мамандар) жүзеге асырады.

      78. Егер емтихан алушылар (емтихан алушылар, тестілеуші мамандар) АОО немесе азаматтық авиация ұйымының қызметкерлері болып табылмаса, онда мұндай бекітуді алу үшін емтихан алушылар уәкілетті ұйымға олардың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін және оларды Қазақстан Республикасының аумағында емтихан алушы (емтихан алушы, тестілеуші маман) ретінде бекіту туралы еркін нысандағы өтінішпен қоса хат жібереді.

      79. Уәкілетті ұйым ұсынған құжаттардың негізінде өтініш берушімен емтихан (тест, әңгімелесу) өткізу туралы немесе оң немесе теріс қорытынды беру туралы немесе қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы шешім қабылдайды.

      80. Азаматтық авиация ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын және кәсіптік деңгейді қолдау бойынша оқытуды жүргізу кезінде рәсімдерге қатысатын емтихан алушыларға (емтихан алатындарға, тестілеуші мамандарға) осы сертификаттау талаптарының 78, 79-тармақтарында көрсетілген рәсім де қолданылады.

      Бұл ретте уәкілетті ұйымға хат емтихан алушы (емтихан алатын, тестілеуші маман) жұмыс істейтін азаматтық авиация ұйымдарының атынан жіберіледі.";

      персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың құрылымында сертификаттау талаптарына 1-қосымшаның тарау тақырыбтарын мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер

      2-тарау. Кадрларды даярлау

      3-тарау. Оқу бағдарламалары

      4-тарау. "Куәлік немесе біліктілік белгісін беру мақсатында жүргізілетін емтихандар, тестілер және тексерулер

      5-тарау. Есептік құжаттама

      6-тарау. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі

      7-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі)

      9-тарау. Ұшу дайындығы

      10-тарау. Әуе кемелерін пайдалану бойынша ақпарат

      11-тарау. Маршруттар

      12-тарау. Оқу ұшуларының жоспары";

      Сертификаттық талаптарға 1-қосымшаның 26 және 27-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Осы бөлім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның рұқсатына сәйкес куәлікті немесе біліктілік белгісін беруге байланысты тестілеуді жүзеге асыратын не осындай қызметті жоспарлайтын АОО үшін талап етіледі.

      27. Біліктілік бағалауды АОО жүзеге асырады. Бағалауды жүзеге асыру үшін АОО тиісті персоналды кәсіптік даярлауды жүзеге асырады және уәкілетті ұйымға емтихан алушылар (емтихан алушы, тестілеуші мамандар) ретінде көрсетілетін тұлғаларды бекіту туралы еркін нысандағы өтінішпен бірге хат, оқудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың көшірмесін жібереді, онда:

      1) тестілер мен емтихандарды жүргізуге уәкілетті қызметкерлердің тегі, олардың өкілеттіктерінің шеңбері;

      2) емтихан алушылардың функционалы;

      3) емтихан алушы нұсқаушы ретінде әрекет ететін оқу бағыттары (пәндер);

      4) емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ оларды іріктеу мен тағайындау рәсімдері;

      5) емтихан алушылардың біліктілігін қолдау;

      6) емтихан алушылар қызметінің бағытына қатысты белгіленген талаптар, атап айтқанда:

      тексерулер мен тесттер жүргізу кезінде сақталуға жататын рәсімдер;

      егер АОО куәлікті немесе біліктілік белгісін беру үшін талап етілетін тестілеуді өткізу үшін қызметкерлерді тағайындаса;

      емтихан алушыларды тағайындауға, сондай-ақ іріктеуге қатысты ең аз талаптар;

      тестілеу хаттамаларын ресімдеу және сақтау.

      Уәкілетті ұйым осы қызмет түрін мақұлдау рәсімін жүргізеді және персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылықта рәсім бөліміне тиісті жазба енгізеді.";

      сапа жөніндегі нұсқаудың құрылымында сертификаттау талаптарына 2-қосымшаның тарау тақырыбтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Сапа саласындағы Стратегия мен саясат

      2-тарау. Сапаны қамтамасыз ету (СҚ)

      3-тарау. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі

      4-тарау. Тәуекел сипаттамасы

      5-тарау. Талаптардың келісілу матрицасы

      6-тарау. Түзету және алдын алу шаралары туралы есептер

      7-тарау. Сапа мәселелері жөніндегі құжаттама

      8-тарау. Сапаны қамтамасыз ету аудитінің бағдарламасы және сапаны тексеру

      9-тарау. Аудиторлар және сапа аудиті";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын::

      "4. Авиациялық мамандарды даярлау саласындағы АОО белгілеген стандарттарды және уәкілетті ұйымдардың кез келген қосымша талаптарын орындау саласындағы барлық қызметін мониторинг жолымен тексеруді қоса алғанда, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманның негізгі функциялары.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      14. "Сапаға қауіп-қатер" тізбесін қалыптастыру төмендегілер кіретін оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде тән іс-шараларды бастапқы жасау жолымен жүзеге асырылады:

      1) АОО персоналын іріктеу және оқыту;

      2) оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және қайта қарау;

      3) оқу курсының бағдарламалық қамтамасыз етілуін әзірлеу және өзектендіру;

      4) әкімшілік персоналдың оқу бағдарламасын, нұсқаушылар мен емтихан алушыларды, сондай-ақ тыңдаушыларды қамтамасыз ету жөніндегі функциялары;

      5) кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру;

      6) құжаттаманы жүргізу;

      7) бағалау және емтихандық тексеру;

      8) азаматтық авиация саласындағы білім алушылармен және уәкілетті ұйыммен кері байланыс.".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 593 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 115 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы – азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрі – Жарғы) – оның негізінде авиациялық оқу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын құжат;

      3) кәсіптік даярлау – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейін ұстау;

      4) кәсіптік деңгейді ұстау – мақсаты белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке қажеттіліктеріне негізделген кәсіптік білімдерді, машық пен дағдыларды жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесі;

      5) қайта даярлау – жаңа (қосымша) кәсіптік білім, машық пен дағды (соның ішінде біліктілік бағаларын) алуға және белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, авиация техникасын зерделеуге бағытталған азаматтық авиация персоналын оқыту процесі;

      6) өтінім – сертификатты алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға өтініш берушінің жазбаша өтініші;

      7) өтініш беруші – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүгінген заңды тұлға;

      8) сертификаттық талаптар – авиация персоналын ұйымдастыру, ұстау, даярлау деңгейі мен сапасын белгілеу мақсатында азаматтық авиация оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

      9) теориялық даярлық – білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алатын, сондай-ақ оларды оқыту бағдарламаларына сәйкес деңгейде ұстайтын және жетілдіретін кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;

      10) тренажерлық даярлау-авиация персоналын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өту кезінде білім алушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен имитациялаушы құрылғылардың көмегімен практикалық дағдылар мен іскерлікке ие болады, қолдайды және жетілдіреді;

      11) үлгілік бағдарламалар – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы үшiн бағыттарының, мамандықтары мен қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсететін оқыту бағдарламаларын дербес белгілеу мүмкiндiгін сақтай отырып, кәсiптік даярлыққа бірыңғай тәсілді қамтамасыз ететiн бағдарламалар;

      12) ұшуға даярлық – білім алушы өту кезінде ұшуды орындаудың практикалық машығы мен дағдыларын игеретін және жетілдіретін ұшу құрамының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;

      13) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі – уәкілетті ұйым).

      4. Сертификаттаудың жалпы мерзімі 27 (жиырма жеті) жұмыс күні.

      5. Құжаттарды қабылдау және авиациялық оқу орталығының сертификатын беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Азаматтық авиацияның авиация оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру.

      6. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиация оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінімді уәкілетті ұйымға жібереді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      2) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;

      3) сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;

      4) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың көшірмесі (қажет болған кезде);

      5) авиациялық оқу орталығының штат кестесі;

      6) авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және бөгде ұйымдармен жасасқан шарттардың көшірмелері (бар болса);

      7) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат.

      7. Уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттарды он бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды, оның ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру бес жұмыс күнінен аспайды.

      8. Ұсынылған құжаттардың толық еместігінің немесе олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінім қарау мерзімінің ішінде өтініш берушіге қайтару себебін көрсете отырып, қайтарылуға жатады.

      9. Құжаттама осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған кезде уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізу үшін екі жұмыс күні ішінде комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия құрамына құзыретіне кәсіптік даярлық, куәліктерді (сертификаттарды) және біліктілік рұқсатын беру, сондай-ақ тиісті сертификаттар мен рұқсаттар алуға арналған оқу ұйымдарының өтінімдерін қарау мәселелері жататын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның кемінде 2 (екі) қызметкері енгізіледі.

      10. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығына сертификаттау рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және оларға сәйкес сертификаттық тексеру жүзеге асырылатын халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысанда ресми хабарлама жібереді.

      11. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу бағдарламасы бойынша және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-9-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес сертификаттық зерттеу жүргізу жөніндегі авиациялық инспекторлар үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      12. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу кезінде ұйымдық құрылымның, оқытылатын персоналдың, әдістемелердің, бағдарламалардың, процестердің, техникалық базаның және ресурстардың жиынтығы ретіндегі авиациялық оқу орталығының сапа жүйесі тексеріледі.

      13. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.

      14. Акт авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес болмауы туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады.

      15. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оның бір данасы өтініш берушіге жіберіледі.

      Сертификаттық зерттеу процесі кезінде айқындалған сертификаттау талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш беруші актіні алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту үшін ұсынады.

      16. Уәкілетті ұйымның сертификаттық зерттеуді жүргізген комиссиясы өтініш берушіден түзету іс-қимылдарының бекітілген жоспары бойынша сәйкессіздікті жою туралы хабарламаны алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде бақылау сертификаттық зерттеуді жүргізеді және сәйкессіздікті жою туралы еркін нысандағы актіні жасайды.

      17. Уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) ресімдейді және береді. Авиациялық оқу орталығының сертификаты мерзімсіз болып табылады, оған екі жылдан аспайтын мерзімге белгіленетін және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін сертификаттың қолданылу саласы жатпайды.

      18. Сертификатты беруден бас тарту кезінде өтініш берушіге бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.

      19. Сертификаттың қолдану саласына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, авиациялық оқу орталығы мәлімделген өзгерістер немесе толықтырулар жататын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті ұйымға өтінім береді. Бұл ретте сертификаттауды жүргізу тәртібі өзгермейді.

      20. Авиациялық оқу орталығының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде немесе қолданыстағы сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтін өзге де жағдайларда өтінім беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларды 5-тармағына сәйкес қажетті құжаттармен бірге авиациялық оқу орталығына сертификаттау жүргізуге өтінімін береді. Бұл ретте сертификаттау жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

      21. Сертификаттың қолданылу саласының мерзімін ұзарту үшін авиациялық оқу орталығы сертификатты қолдану саласының мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын уәкілетті ұйымға Авиациялық оқу орталығына сертификаттау жүргізуге өтінім береді. Бұл жағдайда уәкілетті ұйым сертификаттық зерттеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авиациялық оқу орталығы сертификаттының қолдану аясын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы акті жасалады.

      Сертификаттың қолданылу аясын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы актісі негізінде уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификатты және оның қосымшасын ресімдеуді және беруді жүргізеді.

      22. Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтары олардың сертификаттарын уәкілетті ұйым осы Қағидаларға сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиациялық персоналын даярлауға және кәсіптік деңгейін ұстауға жіберіледі.

      Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тануды алу үшін уәкілетті ұйымға оқыту бағдарламасы мен оқытылатын авиациялық персонал көрсетіліп, еркін нысанда Өтінім жіберіледі.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) шетелдік авиациялық оқу орталығының қолданылу саласы жазылған сертификатының көшірмесі;

      2) авиациялық персоналды кәсіби даярлау бағдарламасы.

      Уәкілетті ұйым Өтінімді алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығына сертификат берген елдің Авиациялық әкімшілігіне оның түпнұсқалығы мәніне сұрау салу жібереді.

      Уәкілетті ұйым 5 (бес) жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығының сертификаты туралы шетел мемлекетінің авиациялық әкімшілігінен растау алғаннан кейін өтінім берушіге шетелдік авиациялық оқу орталығының танылғаны туралы хат жібереді.

      Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігінен авиациялық оқу орталығы сертификатының төлнұсқасы туралы теріс жауап алған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінім берушіге дәлелді жауап жібереді.

      23. Авиациялық инспектор осы Қағидалар талаптарының орындалмағанын анықтаған кезде азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқама беріледі.

      Инспекторлық нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамау сертификаттың қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

      24. Уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының сертификаттық талаптарды сақтамауы не авиациялық оқу орталығының жазбаша өтініші анықталған жағдайда сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады және авиациялық оқу орталығына сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұратын мерзімін көрсете отырып, сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы хатты дереу жібереді.

      25. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойғаннан, растайтын құжаттарды ұсынғаннан және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті ұйым қажетті тексерулер жүргізгеннен кейін қалпына келтіріледі.

      26. Сертификатты тоқтата тұрудың анықталған себептерін авиациялық оқу орталығы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, уәкілетті ұйым күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сертификатты кері қайтарып алады.

      27. Кері қайтарып алынған сертификат уәкілетті ұйымға сертификат кері қайтарылып алынған сәттен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қайтаруға тиіс.

      28. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын басқа адамға беруге болмайды.

      Авиациялық оқу орталығына сертификаттың қолданылу аясында көзделмеген қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінім

      1. __________________________________________________________

      (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Авиациялық оқу орталығына кәсіптік даярлаудың келесі түрлері мен

      бағыттары бойынша сертификаттау жүргізуді сұрайды:

      р/с №

      Кәсіби даярлық түрлері

      Бағыты (мамандығы, мамандануы, курс атауы)

      4) авиация персоналын бастапқы даярлау

      5) авиация персоналын қайта даярлау

      6) авиация персоналының кәсіби деңгейін қолдау

      3. Ұйым туралы мәліметтер:

      1) меншік нысаны

      ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      __________________________________________________________

      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      _______________________________________________________________

      (нөмірі, кіммен және қашан берді)

      3) заңды (пошталық) мекенжайы және басқа да деректемелері

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      4) телефон/факс, электрондық пошта

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      4. Қоса берілетін құжаттар ____________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      20 ___жылғы "___" _____________

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы ____________________________

                                    (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу бағдарламасы

      АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлімше: ________________________

      ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Өткізу күні, негіздеме: ________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерушілердің Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс орны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      р/с №

      Бағдарлама бойынша позициялар нөмірлері және тексерілетін элементтер

      Сәйкестікті бағалау (+ -)

      Сәйкессіздік позициясының нөмірі

      1

      2

      3

      4

      1. Жарғының түпнұсқасы немесе оның көшірмесі (құрылтай шарты)

      2. Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (анықтама)

      3. АОО қызметін регламенттейтін құжаттардың Қазақстан Республикасының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі:

      1) даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау;

      2) сапа жөніндегі нұсқау;

      3) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқау (қажет болғанда);

      4) оқу орталығы құрылымының Жарғыда (Ережеде) белгіленген міндеттерге, функцияларға және қызмет пәніне сәйкестігі;

      5) электрондық түрлерін қоса алғанда, кітапхана қорының оқу-әдістемелік әдебиетінің сәйкестігі;

      6) оқу жоспары пәндерінің тізбесімен қосымша түлектерге берілетін құжаттардың үлгілері.

      4. Персонал.

      1) АОО персоналының лауазымдық нұсқаулықтары;

      2) штат кестеге сәйкес жинақталуы;

      3) персоналдың іс жүзіндегі міндеттерінің және функцияларының атқарып отырған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі;

      4) персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау жүйесі мен мерзімдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі.

      5. Оқу-әдістемелік жұмыс.

      1) түрлері мен бағыттары бойынша бекітілген кәсіптік даярлау бағдарламалары;

      2) пәндер бойынша әдістемелік материалдар (анықтамалық, әдістемелік құралдар, таратылатын материал, оқу фильмдері);

      3) білім алушыларды қабылдау, оларды аудару, қайта тағайындау, босату туралы бұйрықтар;

      4) оқу жоспарының пәндері бойынша бақылау сұрақтары, емтихан билеттері (тестілері);

      5) дәрістер және практикалық сабақтар мазмұнының өзектілігі және жаңалығы, олардың оқу жоспары мен жұмыс бағдарламаларына, ИКАО ұсынымдары мен талаптарына сәйкестігі;

      6) оқу-әдістемелік кеңес отырыстарының хаттамалары (егер ондай бар болса).

      6. Мамандарды даярлау сапасы. Мамандарды даярлау сапасын бақылаудың енгізілген жүйесінің болуы:

      1) сапаны бақылау жүйесінде жауапты маманның болуы;

      2) белгіленген аудит рәсімінің болуы;

      3) кері байланыс жүйесі;

      4) түзету шараларының жүйесі.

      7. Ұшу қауіпсіздігін басқару (қажеттілігіне қарай).

      Персоналды даярлау және рәсімдер бойынша нұсқауға сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқарудың енгізілген жүйесінің болуы.

      8. Материалдық-техникалық база.

      1) оқу және қосалқы үй-жайлардың (меншікті немесе жалға алынған) болуы;

      2) оқу сыныптарын жарақтаудың мамандарды даярлау міндеттеріне сәйкестігі;

      3) жалданатын үй-жайларға, құрылыстарға, жаттығу және ұшу техникасына шарттардың болуы;

      4) техникалық оқу құралдарының болуы;

      5) қазіргі заманғы электрондық оқу және бақылау құралдарының болуы;

      6) қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау;

      7) тиісті СЭС және ТЖ қызметтерінің қорытындылары негізінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын, санитарлық-эпидемиологиялық және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтау.

      9. Қаржылық-экономикалық жағдай.

      1) қаржылық-экономикалық жағдайды бағалау бойынша оң қорытындының болуы;

      2) салықтар мен міндетті аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманың болуы.

      Ескертпе:

      (*) осы оқу орны үшін міндетті емес;

      (-1) қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік;

      (-2) уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;

      Қосымша: сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта.

      Тексерушілер: (Т.А.Ә. (егер бар болса), қолы):

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      "Таныстым"

      __________________________________________________________________

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы

      ______________________________________ ____________________

                        Т.А.Ә. (егер бар болса)             (қолы)

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сертификаттық зерттеу актісі ____________________________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ____________ № _________ бұйрығына сәйкес

      құрамындағы комиссия:

      Комиссия төрағасы: __________________________________________________

                  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

                                    (Т.А.Ә., лауазымы)

      __________________________________________________

                        (Т.А.Ә., лауазымы)

      _____________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.

      (ұйымның атауы)

      Қорытынды мәтіні:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ______________________________ ____________

                                    (Т.А.Ә.                   (қолы)

      Комиссия мүшелері: ______________________________ ____________

                                    (Т.А.Ә.                   (қолы)

      ______________________________ ____________

                  (Т.А.Ә.                   (қолы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы: ________________________________ ___________

                                    (Т.А.Ә.                   (қолы)

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Уәкілетті ұйымның атауы

      Уәкілетті ұйымның мекенжайы

Авиациялық оқу орталығының № ________ сертификаты

      Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы

      20__ жылғы "___" _________ берілген.

      Осы сертификат

      _________________________________________________________________

      (АОО, ұйым, құрылымдық бөлімше атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген

      талаптарына, осы Сертификатқа қосымшада көрсетілген авиациялық оқу

      орталығының қолданылу аясына қатысты ИКАО стандарттарына және

      ұсынылған тәжірибесіне сәйкес келетінін куәландырады.

      Сертификат

      __________________________________________________________________________

      ________________________ (уәкілетті ұйымның атауы)

      ___________ авиациялық оқу орталығының 20__ жылғы "___" _________ № _________

      сертификаттық зерттеу актісі негізінде берілген.

      Инспекциялық бақылауды 20__ жылғы "___" ____________

      _________________________________________________________________________

      __________________________ (уәкілетті ұйымның атауы)

      ________________________________ жүзеге асырады.

      Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілетті тұлғасы

      ______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

  Авиациялық оқу орталығының
сертифкатына
қосымша
  Нысан

Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясы

      _________________________________________________________________

      (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      р/с №

      Кәсіби даярлау түрлері

      Бағыттары (мамандығы, мамандануы, курс атауы)

      Шектеулер (кезең)

      1. Авиациялық персоналды бастапқы даярлау

      Авиациялық персоналды қайта даярлау

      2. Авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау

      уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілетті тұлғасы

      ___________________ ________________________________

                  (қолы)       (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және
сертификат беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу актісі

      _________________________________________________________________

                        (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ________________ № ________ бұйрығына сәйкес

      авиация инспекторы

      _________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы)

      _________________________________________________________________

                                    (ұйым атауы)

      сертификаттық зерттеу жүргізді.

      Қорытындының мәтіні

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Авиация инспекторы

      _____________________________________ ____________________________

                        (Т.А.Ә.)                        (қолы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы: ________________________________ ___________________

                              (Т.А.Ә.)                               (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады