Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.05.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 900 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18019 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) "Азаматтық авиация субъектілерінің қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ұсынылатын ақпараттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 718 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8747 болып тіркелген) ұсынылатын нысан бойынша соңғы жылғы қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;
3) сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талабына сәйкес сақтандыру міндеттемелері бойынша мәліметтер;
4) персоналдың техникалық оқу және біліктілігін арттыру курстарын жоспарлау, өткізуді растайтын құжаттама;
5) ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқау (егер шарттық негізде ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі ұқсас қызмет көрсету түрін ұсынатын басқа аэронавигациялық қызметті берушінің бақылауында болса – шарттың қосымшасымен осындай қызмет көрсетушінің ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқауы);
6) сертификаттауды жүргізгені үшін мемлекеттік алымды төлеу фактісін растайтын құжат (құжатты қабылдаған кезде мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттың көшірмелерін салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);
7) диспетчердің, оператордың жұмыс технологияларының көшірмелері (сертификаттауға өтініш берген әрбір бөлімше үшін);
8) соңғы жылдағы әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданында) ұшу қозғалысының қарқындылығы және әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) секторларының (аймақтарының) өткізу қабілеті туралы анықтама;
9) радиотехникалық жабдықтарды және радиобайланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдықтарының (құралдарының) жиынтық тізбесі;
10) ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайтын құжаттар:
ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерүсті тексеру жүргізу туралы ақпарат;
ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезінде тексеру жүргізу туралы ақпарат;
ҰРТҚ және байланыс құралдарының "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы ақпарат;
11) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:
бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;
шығыс аэронавигациялық ақпарат берушілердің қолданыстағы тізбесі;
ААБ қызметінің бекітілген құрылымы;
12) метеорологиялық жабдықтың құрамы мен орналастыру схемасы;
13) әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;
14) метеорологиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтары;
15) авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігіне бағалау жүргізуді растайтын құжаттар:
құзыреттілікке бағалау жүргізудің бекітілген әдістемесі;
соңғы жүргізілген құзыреттілікті бағалау жөніндегі анықтама;
16) Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаты;
17) іздестіру және құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:
бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;
бекітілген жұмыс технологиясы.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертфикатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыру үшін өтініш беруші мемлекеттік корпорация арқылы осы стандартқа 2-қосымшаның нысаны бойынша өтініш пен осы тармаққа сәйкес мәлімделген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде осы тармаққа сәйкес мәлімделген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде осы тармаққа сәйкес құжаттарды жолдайды."
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдары мен Мемлекеттік корпорация және оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";
11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, не 010000, Нұр – Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, телефон: 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы пошта бойынша жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған тұлғаның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын жүгіну туралы ақпарат қол жетімді болады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау туралы дәлелді жауап пошта бойынша "электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорациясының басшысына жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияға қолмақол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.";
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған өзге де талаптар";
15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің телефондары бойынша немесе Министрліктің 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89 телефондары бойынша алуға болады.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2019 жылғы " " _____________