БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қыркүйекте ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына, 35-1 және 35-2-баптарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген.";
9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) арқылы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі - өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты) көзделген құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда өтініш пен ұсынылған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізіліп, одан кейін олар уәкілетті ұйымға жолданады.
Ұсынылған құжаттардың толық топтамасын ұсынылмау және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
10. Уәкілетті ұйым құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жалпы мерзімі олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Уәкілетті ұйым нұсқамалық материалды пайдалана отырып аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарға сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп - қарауды жүргізеді.
Бұл ретте, уәкілетті ұйым ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Сертификатты беруден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген";
мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2 және 25-3-тармақтармен толықтырылсын:
"25-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті ұйымның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
25-2. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиісті.
25-3. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру немесе жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
29-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсетудің түрлеріне (кіші түрлеріне) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыруы үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандарты | |||||||||||||||||||||||||||||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы | |||||||||||||||||||||||||||
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Қабылдау және беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады | |||||||||||||||||||||||||||
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 15 жұмыс күні | |||||||||||||||||||||||||||
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз | |||||||||||||||||||||||||||
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап. | |||||||||||||||||||||||||||
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Ақылы
| |||||||||||||||||||||||||||
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30 дейін жұмыс кестесіне сәйкес 9.00-ден 18.30-ға дейін; | |||||||||||||||||||||||||||
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтініш. | |||||||||||||||||||||||||||
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау; | |||||||||||||||||||||||||||
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 272 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 900 бұйрығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18019 болып тіркелді, 2019 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 900 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 576 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19177 болып тіркелді, 2019 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 84 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 18323 болып тіркелді, 2019 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).