"Патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 тамызда № 19261 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11479 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патент қабілеттілігі өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 125-1-жолмен толықтырылсын:

      "

125-1

Күңгірт қызылкүрең

Echinacea purpurea L. Moench

  ";

      мынадай мазмұндағы "Жаңғақ жемісті дақылдар" деген бөліммен толықтырылсын:

      "

Жаңғақ жемісті дақылдар

127

Грек жаңғағы

Juglans regia L.

128

Фундук

Corylus avellana L.

129

Бадам

Prunus amugdalus Batsch

  ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы "Жаңғақ жемісті дақылдар" деген бөліммен толықтырылсын:

      "

Жаңғақ жемісті дақылдар

14

Грек жаңғағы

Juglans regia L.

15

Фундук

Corylus avellana L.

16

Бадам

Prunus amugdalus Batsch

  ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 138-1-жолмен толықтырылсын:

      "

138-1

Күңгірт қызылкүрең

Echinacea purpurea L. Moench

  ";

      мынадай мазмұндағы "Жаңғақ жемісті дақылдар" деген бөліммен толықтырылсын:

      "

Жаңғақ жемісті дақылдар

184

Грек жаңғағы

Juglans regia L.

185

Фундук

Corylus avellana L.

186

Бадам

Prunus amugdalus Batsch

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады