Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу кезінде авансты қамтамасыз ету түрі ретінде өнім берушінің жауапкершілігін сақтандыру шартын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 1018 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қыркүйекте № 19396 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Түркістан қаласының құрылысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тұлғалармен құрылыс жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу кезінде авансты қамтамасыз ету түрі ретінде өнім берушінің жауапкершілігін сақтандыру шартын қолдану жөніндегі пилоттық жоба іске асырылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте осы бұйрықтың 2-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы абзацтары 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары-
Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 1018 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 1018 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады